Елшілердің істері
6 Шәкірттердің саны өсіп жатқан сол күндері грекше сөйлейтін яһудилер еврейше сөйлейтін яһудилерге наразы бола бастады. Себебі күнделікті ас үлестіру кезінде олардың жесірлері елеусіз қалып жүрді+. 2 Содан 12 елші барлық шәкірттерді жинап, оларға былай деді: “Құдай сөзін үйретуді ысырып қойып, біздің ас үлестірумен айналысқанымыз жөн болмас+. 3 Сондықтан, бауырластар, араларыңнан даналық пен рухқа кенелген+, жақсатты+ жеті адамды таңдаңдар. Біз оларды осы маңызды іске тағайындаймыз+, 4 ал өзімізді дұға ету мен Құдай сөзін үйретуге арнаймыз”. 5 Жиналғандардың бәріне бұл сөздер ұнап, араларынан киелі рухқа бөленген, сенімі берік Степанды, Філіп+, Прохыр, Нықанор, Тимон, Пәрмен және яһуди дінін қабылдаған антиохиялық Нықоланы таңдап алды. 6 Сөйтіп, оларды елшілердің алдына әкелді. Елшілер болса дұға етіп, олардың үстіне қолдарын қойды+.
7 Құдай сөзі кеңінен тарап+, Иерусалимде шәкірттердің саны барған сайын көбейе берді+. Тіпті көптеген діни қызметкерлер де сене бастады+.
8 Құдайдың ықыласы мен күшіне ие болған Степан жұрт алдында таңғаларлық кереметтер мен белгілер көрсетіп жүрді. 9 Алайда Азаттық мәжілісханасы деп аталатын топтың мүшелері, күренеліктер, александриялықтар және Киликия мен Азиядан* келген кейбір адамдар Степанмен сөз таластыра бастады. 10 Бірақ Степан даналық пен рухқа кенеліп сөйлегендіктен, оған ешкім қарсы тұра алмады+. 11 Сонда олар кейбіреулерді айдап салып, “біз оның Мұсаға және Құдайға тіл тигізгенін естідік” деген сөздерді ел арасына таратқызды. 12 Сондай-ақ халықты, ақсақалдар мен дін мұғалімдерін желіктірді. Олар Степанға қапыда тап беріп, Жоғарғы кеңеске күштеп алып келді. 13 Сол жерде оны жалған куәгерлерге былай деп қаралатқызды: “Бұл адам осы қасиетті жер мен Мұса Заңына қарсы сөйлеуін доғарар емес. 14 Мысалы, біз оның “назареттік Иса осы ғибадатхананы қиратады және Мұсадан қалған дәстүрлерді өзгертеді” дегенін естідік”.
15 Степаннан көз алмай қарап тұрған Жоғарғы кеңестегілердің барлығы оның бет-жүзі періштенікіндей екенін көрді.