Зәбүр
104 Жаным Ехобаны мадақтасын+!
Уа, Құдайым Ехоба, неткен ұлы едің+!
Сен абырой мен салтанатты киімдей кидің+.
3 Сен жоғарғы бөлмеңді биіктегі сулар арасына салдың+,
Бұлттарды арба етіп міндің+,
Жел қанаттарының үстінде жүресің+.
7 Берген бұйрығыңнан сулар безді+,
Күркіреген үніңнен дүрбелеңге түсіп, қаша жөнелді.
9 Енді қайтып жер бетін басып қалмасын деп,
Оларға аса алмайтын шек қойдың+.
10 Жазықтарда бұлақ көздерін аштың,
Суды тау бөктерлерімен ағыздың.
11 Даланың жабайы аңдарының бәрі солардан ішеді,
Құландар да шөлдерін қандырады.
12 Құстар жағаларына келіп ұя салады,
Қалың жапырақ арасында тамылжыта сайрайды.
14 Малға азық болсын деп, шөп шығарасың,
Адамдарға ас болсын деп, көкөніс өсіресің+,
Осылай жерге өнім бергізесің.
16 Уа, Ехоба, сен ағаштарыңды,
Өзің еккен Ливан қарағайларын, молынан суарасың.
17 Құстар соларға ұяларын салады,
Дегелек+ арша ағаштарын тұрақ қылады.
19 Сен мезгілдерді белгілеу үшін айды жараттың,
Күн де ұясына кіретін уақытты жақсы біледі+.
20 Қараңғы түсіргеніңде, түн болады да+,
Орман аңдары тіміскіленіп жүреді.
22 Ал күн шыққанда, апандарына барып жатады.
23 Адамдар жұмысқа кетеді,
Кешке дейін еңбек етеді.
24 Уа, Ехоба, істерің неткен көп десеңші+!
Сен олардың бәрін даналықпен жасадың+,
Жер бетін жаратылыстарыңа толтырдың.
25 Теңіз бар өзі терең, өзі шалқар,
Құжынап жүр онда үлкен-кіші жануарлар+.
27 Осылардың бәрі саған телміреді,
Өз мезгілінде азық береді деп күтеді+.
31 Ехоба мәңгі бақи мадақталады;
Ехоба жасаған істеріне қуанады+.
33 Мен өмір бақи Ехобаға арнап ән айтамын+,
Көзім тірі кездің бәрінде Құдайыма мадақ әнін шырқаймын+.
Лайым жаным Ехобаны мадақтасын! Ехобаны* мадақтаңдар!