Әйүп
3 Сен оған көз алмай қарайсың,
Сотқа апарып, айыптаушысы боласың+.
4 Арамнан кім таза боп туылады+?
Ешкім де!
5 Оның күндері санаулы,
Айлары да есептеулі.
Сен оған асып кете алмайтын шек қойғансың+.
6 Назарыңды тайдыршы, ол тынығып алсын,
Жұмыс күні біткенде, жалшының қуанатынындай, ол да бір масаттансын+.
7 Өйткені тіпті ағаштың да үміті бар ғой:
Кесіп тастасаң, ол қайта көктейді,
Бұтақтары да өсе береді.
8 Жер астындағы тамыры семіп,
Топырақтағы томары кеуіп қалса да,
9 Ылғалды сезе сала, өркен жайып,
Жаңа шыққан бұтадай жайқалып шыға келеді.
10 Ал адам өлгенде, күшсіз сұлап жатады.
Ақырғы демі шыққан соң, ол қайда болады+?
11 Теңіздің суы тартылып,
Өзен де таязданып, кеуіп кетер.
12 Адам да жатқан соң, қайта тұрмайды+,
Аспан жоғалып кетпейінше, оянбайды,
Ұйқыда жатқан жерінен тапжылмайды+.
Маған бір уақытты белгілеп, сосын еске алсаң ғой+!
14 Адам өлсе, қайтадан өмір сүре ала ма+?
Мен құлдықта жүрген күндерім біткенше,
Бостандық алатын күнім келгенше күтемін+.
15 Ал сен шақырғанда, жауап беремін+.
Сен өз қолыңнан шыққан жаратылысты көруді аңсайсың.
16 Ал қазір әр қадамымды санап,
Күнә жасағанымды аңдып жүрсің.
17 Қылмысымды қалтаға салып, аузын мөрлеп тастадың,
Қателігімді де желімдеп қойдың.
18 Тау құлап, жермен-жексен болады,
Жартас та орнынан қозғалтылады.
19 Су тастарды мүжіп,
Тасқын су жердің топырағын шайып кетеді.
Сен де пенденің үмітін құртып жоқ қыласың.
20 Көзін құртпайынша, күшіңді көрсетесің+,
Түр-тұрпатын өзгертесің де, қуып жібересің.
21 Оған ұлдарының құрметке бөленгені де,
Елеусіз қалғаны да беймәлім+.
22 Ол тәнінде жүргенде ғана қиналғанын сезеді,
Жаны бойында* болған кезде ғана қайғырады”.