Нағыз үміт
«Туылған кезінен бастап-ақ, адам кез-келген уақытта опат болыуы мүмкін; ақыр соңында өлім, қашып құтылмас орындалған шындық болып шығады». Арнольд Тойнби, британ тарихшысы
1. Адамдар қандай шындықпен көнігуде, және осыған байланысты қанадай сұрақтар туады?
Жоғарыда келтірілген жалпыға мәлім шындықпен кім дауласа алады? Адамзатқа сұмдық өлім шындығымен көнуге тура келеді. Жақындарымыздың бірі қайтыс болғанда, қаншалықты өзімізді әлсіз сезінеміз десеңші! Бұндай қазаның орны толмастай болады. Өлім әкеткен қымбатты жақындарымызбен қайта табысу мүмкін бе? Киелі кітапта өлілер үшін қандай үміт бар? Төменде осы сұрақтар қарастырылады.
«Досымыз... өлді»
2—5. а) Иса, досы Елазарды қайта тірілтуге ықласы да күші де бар екенін қалай дәлелдеді? ә) Елазарды өмірге қайтарудан басқа, осы кереметтің қандай пайдасы болды?
2 Бұл оқиға б.д. 32-ші жылы болған. Иерусалимнен үш шақырым жердегі кішігірім Бетания ауылында, Елазар өзінің Марта мен Мәриям деген әпкелерімен өмір сүрген-ді. Олар Исаның жақын достары болатын. Бір күні, Елезар қатты сырқаттанып қалады. Оның қамқоршыл әпкелері, Иорданның арғы жағындағы өлкеде болған Исаға бұл жайында хабар жібереді. Иса Елазар мен оның әпкелерін жақсы көргендіктен, Бетанияға аттанады. Жол жөнекей келе жатып, Иса шәкірттеріне: «Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын»,— дейді. Шәкірттері бұл сөздерді түсіне қоймаған соң, ол: «Елазар өлді»,— деп тіке айтты (Жохан 11:1—15).
3 Исаның Бетанияға келіп қалғанын естігенде, Марта оның алдынан жүгіріп шығады. Мартаның қайғысы жүрегіне батқан Иса, оны: «Бауырың қайта тіріледі»,— деп сендіреді. Оған Марта: «Ақырғы күні қайта тірілуде, оның да тірілетінін білемін»,— деп жауап қайтарды. Сонда Иса оған: «Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады»,— дейді (Жохан 11:20—25).
4 Осыдан кейін Иса қабірдің алдына келіп, аузындағы тасты алып тастауын бұйырды. Ол дауыстап тілек айтып, қатты үнмен: «Елазар шық!» — деді. Сол жерде болғандардың көз алдында Елазар үңгірден шықты. Иса Елазарды қайта тірілтті, яғни төрт күн бұрын қайтыс болған адамды өмірге қайтарды! (Жохан 11:38—44).
5 Мартаның уәде еткен қайта тірілуге сенімі бар болатын (Жохан 5:28, 29; 11:23, 24). Елазардың керемет түрде өмірге қайтуы, оның сенімін бұрынғыдан да көбірек нығайтып, сонымен қатар басқаларға да сенім берді (Жохан 11:45). Бірақ «қайта тірілу» деген сөз нені білдіреді?
«Түрегеледі»
6. «Қайта тірілу» деген сөз нені білдіреді?
6 «Қайта тірілу» деп аударылған гректің ана́стасис сөзінің дәл мағынасы, «қайта түрегелу» дегенді білдіреді. Гректің ана́стасис сөзі еврейше «өлілердің өмірге қайтуы»a деген мағынаны білдіретін техийа́т хаммети́м сөйлемшесімен аударылған болатын. Сондықтан қайта тірілу — адамның жансыз күйінен қайтуы, яғни ол адамның барлық ерекшеліктерімен қайта жаратылуы.
7. Неге адамдарды қайта тірілту, Ехоба Құдай мен Иса Мәсіх үшін ешбір қиындығы жоқ?
7 Ехоба Құдай шексіз даналық пен кемелді есте сақтау қабілеттің иесі болғандықтан, оған адамды қайта тірілту қиын емес. Құдайға өлген кісіні — оның қасиеттерін, өткендерін және оның өзіндік ерекшеліктерін — есте сақтаудың ешбір қиындығы жоқ (Аюп 12:13; Ишая 40:26 салыстырыңыз). Оған қоса, Ехоба өмірдің Бастауы. Сондықтан ол, адамды өз қасиеттерімен бірге және жаңадан жасалған тән бере отырып, өмірге қайтара алады. Елазармен болған оқиғадан байқалғандай, Иса Мәсіхтің өлілерді қайта тірілтуге қалауы да, қабілеті де бар (Лұқа 7:11—17; 8:40—56 салыстырыңыз).
8, 9. а) Қайта тірілу мен жанның өлместігі туралы ілім неліктен бір-бірімен сыйыспайды? ә) Өлім тұсауынан бостатын не?
8 Алайда Киелі кітаптың қайта тірілу туралы ілімі, жанның өлместігі туралы наныммен сыйыспайды. Егер өлмес жан өлімнен кейін де тіршілігін жалғастыратын болса, онда қайта тірілудің немесе өмірге қайтудың қажеті болмас еді. Дегенмен Марта, өлімнен кейін басқа жерде тіршілік ететін жан туралы ешқандай ойын айтқан жоқ. Ол, тіршілігін жалғастыру үшін Елазар басқа бір рухани ортаға кетті деген сенімде де емес еді. Керісінше, өлімнің ізін де қалдырмайтын Құдайдың ниетіне сенімін білдірді. Ол былай деді: «Ақырғы күнгі қайта тірілуде, оның да тірілетінін білемін» (Жохан 11:23, 24). Елазар да о дүние туралы ешбір әңгіме қозғаған жоқ. Өйткені оның айтар нәрсесі болмады.
9 Сонымен, Киелі кітапта жанның өлетіні мен өлім тұсауынан босанудың шарасы тек қайта тірілу болуы мүмкін екендігі анық айтылады. Бірақ Адам өмір сүрген уақыттан бері миллиардтаған адамдар өмірден өтті. Олардың қайсы бірі қайта тіріледі және ол қай жерде болады?
«Қабірдегілердің бәрі»
10. «Естелік сағанасындағылар» үшін Иса қандай уәде берді?
10 Иса Мәсіх: «Қабірдегілердің [«естелік сағанасындағылардың», ЖД] бәрі Құдай Ұлының даусын еститін уақыт болады»,— деп айтқан болатын (Жохан 5:28, 29). Иә, Иса Мәсіх, Ехобаның есіндегілердің бәрі қайта тіріледі деп уәде берді. Миллиардтаған адамдар өмір сүріп, қайтыс болған. Өлімнен қайта тірілту үшін, Құдай олардың қайсысын есінде сақтаған?
11. Кімді қайта тірілтеді?
11 Ехобаға қызмет етіп, әділдік жолымен жүруге тырысқандар қайта тіріледі. Алайда, миллиондаған басқа адамдар, Құдайдың әділдігіне сәйкес өмір сүруді қалайтынын да, қаламайтынын да көрсете алмай дүниеден өтті. Олар Ехобаның талаптарымен таныс болмаған немесе қажетті өзгерістер жасап үлгермеген. Ондай адамдар да Құдайдың есінде, сондықтан олар қайта тіріледі, өйткені Киелі кітаптан мынаны оқуға болады: «Құдай... сенушілерді де, күнәкарларды да қайта тірілтеді» (Елшілердің істері 24:15).
12. а) Қайта тірілуге қатысты, елші Жоханға қандай аян берілді? ә) Нені «Отты көлге» тастайды және бұл сөздерді қалай түсінуге болады?
12 Елші Жоханға қайта тірілгендердің Құдай тағының алдында тұрған, жан толғантатын әсерлі аян берілді. Ол оны былай суреттеп берді: «Теңіз өзінде болған өлілерді қайтып берді, өлім де тозақ та өздерінде болған өлілерді қайтып берді; әркім өз істеріне сай сотқа салынды. Сонда өлім де тозақ та отты көлге тасталды. Бұл — екінші өлім» (Аян 20:12—14). Бұл нені білдіретінін ойланып көріңізші! Құдайдың жадындағы барлық өлілер тозақтан, яғни адамзаттың ортақ моласынан босатылады (Забур 15:10; Елшілердің істері 2:31). Кейін «өлім мен тозақ» ақырғы жойылуды білдіретін «отты көлге» тасталады. Адамзаттың ортақ моласы енді ешқашан болмайды.
Қайта тірілу қай жерде болады?
13. Неге Құдай кейбіреулер үшін аспандағы өмірге қайта тірілуді ойластырды, және оларға Ехоба қандай тән береді?
13 Ер кісілер мен әйелдердің шамалы саны аспандағы өмірге қайта тіріледі. Онда олар Мәсіхпен бірге патшалар мен дін қызметкерлері ретінде, адамзаттың алғашқы адамнан, Адам-атадан мұра еткен өлімнің зардабын жоюға қатысады (Римдіктерге 5:12; Аян 5:9, 10, ҚзА). Киелі кітапқа сәйкес олардың саны 144000; олар адал елшілерден бастап, Мәсіхтің ізбасарларының арасынан таңдалады (Лұқа 22:28—30; Жохан 14:2, 3; Аян 7:4; 14:1, 3, ҚзА). Қайта тірілгенде аспанда өмір сүре алу үшін, Ехоба олардың әрбіріне рухани тән береді (1 Петір 3:18; 1 Қорынттықтарға 15:35, 38, 42—45).
14, 15. а) Қайта тірілетіндердің сансыз көпшілігін қандай өмір күтіп тұр? ә) Тіл алғыш адамзат өздерінде қандай баталарды сезінеді?
14 Өлілердің сансыз көпшілігі жердегі өмірге қайта тіріледі (Забур 36:29; Матай 6:10). Ол жер қандай болар екен? Қазіргі жер өте ластанған әрі қақтығыстарға, қантөгістер мен зорлық-зомбылыққа толы. Егер өлілер осындай жерге қайта оралса, олардың бақыты ұзаққа созылары екіталай. Бірақ Жаратушы жақында Шайтан басқарып отырған қазіргі дүние жүзілік қоғамды жоятынына уәде берген (Нақыл сөздер 2:21, 22; Даниел 2:44). Сонда оның орнына «жаңа жер» деп аталған жаңа әділ адамзат қоғамы келеді (2 Петір 3:13). Сол уақытта «ешбір тұрғын: „мен аурумын“,— деп айтпайды» (Ишая 33:24). Тіпті өлім аузындағы жанталас еске де келмейді, өйткені «Құдай олардың көздеріндегі әрбір жасты сүртеді, және өлім енді болмайды; жылау да, өкіру де, ауру да енді болмайды; өйткені бұрынғы өткен» (Аян 21:4).
15 Құдайдың уәде еткен жаңа дүниесінде тек момындар ғана «бейбітшіліктің молдығымен рахаттанады» (Забур 36:11). Иса Мәсіх пен оның 144000 бірге басқарушы патшаларынан тұратын аспан үкіметі, бірте-бірте тіл алғыш адамзатты, тұңғыш ата-бабамыз Адам мен Хауа жоғалтып алған бастапқы кемелділікке жеткізеді. Сол жердің тұрғындарының арасында қайта тірілгендер де болады (Лұқа 23:42, 43).
16—18. Қайта тірілудің арқасында жанұялар қандай қуанышқа бөленеді?
16 Киелі кітап, қайта тірілу кезінде әрбір жанұяның қаншалықты қуанышқа бөленетінін көрсетеді. Иса жерлеу шеруін тоқтатып, ұлын қайта тірілткенде, Наин қаласындағы жесір әйел қалай қуанды десеңізші! (Лұқа 7:11—17). Кейінірек, Ғалилея теңізіне жақын жерде Иса 12 жасар қыз баланы қайта тірілткенде, оның ата-анасы «қатты қорқып қайран қалды» (Марқа 5:21—24, 35—42; Лұқа 8:49—56; сондай-ақ 3 Патшалық 17:17—24; 4 Патшалық 4:32—37 қараңыз).
17 Қазір қабірде ұйқтап жатқан миллиондаған адамдар, қайта тірілудің арқасында алаңсыз тыныш жаңа дүниедегі өмірде «оянады». Осы кітапшаның бірінші тарауында айтылып кеткен Томми мен кәсіпкерді, қандай тамаша болашақ күтіп тұрғанын, ойлап қараңызшы! Томми жердегі Жұмақта өмір сүру үшін қайта оянғанда, анасы білетін дәл оның өзі болады, бірақ оның денсаулығы енді мықты. Анасы оған қол тигізіп, бауырына басып әрі сүйіспеншілігін көрсете алады. Сол сияқты Үндістандық кәсіпкер де, шексіз қайта туылу айналымының қақпанына душар болудың орнына, Құдайдың жаңа дүниесінде көзін ашып, ұлдарын құшақтауға керемет үміті бар.
18 Жан туралы, өлілердің жағадайы туралы және қайта тірілу үміті туралы ақиқатты білгендік, қазіргі өмір сүріп жатқан адамдарға да терең әсер етуі мүмкін. Кейінгі әңгіме осы жайлы болмақ.
[Сілтемелер]
a Еврей Жазбаларында «қайта тірілу» сөзі кездеспегенімен, Аюп 14:13, Даниел 12:13 және Осия 13:14 сияқты жазба орындарында, қайта тірілу үміті айқын бейнеленген.
[26-беттегі сурет]
Қайта тірілу мәңгі қуаныш әкеледі.