47-ән
Ізгі хабарды жарияла
1. Сан ғасырлар тарих қойнауында жатқан
Ұрпақ жайлы ғажайып сыр болды аян.
Рақымы мен әділдігін қатар ұстап,
Құдай қам жасады адамзатты аяп.
Ұлын қойды Патша етіп жер бетіне,
Өз уағында енер күшіне бұл билік те.
Құдай қалыңдықты Ұлына әзірлеп,
Шағын отардың мерейін үстем етпек.
2. Ізгі хабар мәлім еді қай заманнан,
Біз бүгінде болайық бұған шабарман.
Періштелер қолдау көрсетуге асық,
Ендеше уағыздауға біз емен жасық.
Парыз әрі зор мәртебе біздер үшін,
Қастерлеп жүрсек күн сайын Құдай есімін.
Бұл есімді алып жүру неткен құрмет,
Ізгі хабар әлі де таралу керек.
(Мар. 4:11; Ел. іс. 5:31; Қор. 1-х. 2:1, 7 қараңыз.)