Құдайдың кім екенін білуіміз керек
БҰЛТСЫЗ түні тарыдай шашылған жұлдызды аспанға қараған қандай ғанибет! Сан алуан гүлдердің аңқыған иісі қандай ғажап! Құстардың сайрағаны мен самал желдің лебі тербеген жапырақтардың сыбдыры ше? Күші тасыған киттер мен теңізді мекендейтін өзге де жаратылыстарды айтсаңшы! Оларға ар-ұжданы және құрылымы күрделі миы бар адамды қосыңыз. Осы бізді қоршаған керемет нәрселердің қайдан пайда болғанын қалай түсіндірер едіңіз?
Кейбір адамдар осының барлығы өздігінен кездейсоқ пайда болған деп есептейді. Алайда бұл рас болса, адамдар неліктен қандай да бір құдіретті күштің бар екеніне сенеді? Әр түрлі химиялық заттардың қоспасынан кенеттен рухани мұқтаждықтары бар жаратылыстар пайда болуы мүмкін бе?
“Дін адамның болмысымен біртұтас және жағдайына, біліміне қарамастан барлығына бірдей тиесілі”. Бұл сөздер “Адамның рухани болмысы” (The Spiritual Nature of Man) кітабының авторы Алистер Хардидің зерттеу жұмысының қорытындысы болып табылады. Миға жасалған соңғы эксперименттердің нәтижесінде кейбір невролог ғалымдар Құдайға сену адамның тегінде (генінде) жазылған деген тұжырымға келген. Бір кітапта былай делінген: “Болмыстың мәнін діннен іздеу... адамзат пайда болғаннан бері кез келген мәдениетті ұстанатын және барлық жастағы адамдарға тән құбылыс” (Is God the Only Reality?).
2 000 жыл бұрын бір білімдар кісінің жасаған тұжырымына көңіл аударайықшы: “Әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің де Жаратушысы — Құдай” (Еврейлерге 3:4). Ал Киелі кітаптың алғашқы тармағында былай делінген: “Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты” (Жаратылыс 1:1).
Ал Құдай дегеніміз кім? Бұл сұраққа адамдар әр түрлі жауап береді. Йоши атты жапондық жасөспірім былай деп жауап берді: “Нақты айта алмаймын. Мен будда дінін ұстанамын және мен үшін Құдайдың кім екенін білу маңызды емес”. Алайда Йоши көп адамдар Будданың өзін Құдай деп түсінетінін мойындады. Ал 60 жастағы Ник атты Құдайға сенетін бизнесмен Құдайды қолынан бәрі келетін құдіретті күш деп қана ұғады. Құдай туралы не білесің деген сұраққа ол ұзақ үнсіздіктен кейін былай деп жауап берді: “Бұл өте қиын сұрақ, достым. Менің бар айтарым — Құдай бар”.
Кейбір адамдар ‘Жаратушы Иеге бас ұрып ғибадат етудің орнына жаратылған нәрселерге құлшылық етеді’ (Римдіктерге 1:25). Миллиондаған адамдар Құдай тым алыста деп ойлап, ата-бабаларының аруағына табынады. Индус дінінде көптеген құдайлар мен әйел құдайлар да бар. Иса Мәсіхтің елшілері өмір сүрген кездегі яһудилер зевс, гермес секілді әр түрлі құдайларға ғибадат еткен (Елшілердің істері 14:11, 12). Христиан әлемінің көптеген шіркеулерінде Құдайды Үшбірлік, яғни Әке, Ұл және киелі рух үшеуі де Құдай деп үйретеді.
Киелі кітапта да ‘көп құдайлар мен иелер’ бар делінген. Алайда әрі қарай онда былай делінген: ‘Бәрінің бастауы болған бір ғана Құдай Әке’ (1 Қорынттықтарға 8:5, 6). Иә, бір ғана шынайы Құдай бар. Бірақ ол кім және қандай? Осы сұрақтардың жауабын білгеніміздің маңызы зор. Құдайға дұға еткен кезінде Исаның өзі былай деген болатын: “Мәңгілік өмір, бұл — жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану” (Жохан 17:3). Біздің мәңгілік амандық-саулығымыз шынайы Құдайды танумен байланысты екені анық.
[3-беттегі сурет]
Бұлар қалай пайда болды?
[Түпдерек]
Кит: Courtesy of Tourism Queensland
[2-беттегі сурет рұқсатымен]
МҰҚАБА: Index Stock Photography © 2002