Жаңа кітапшаны таратамыз
1. Қарашада қай әдебиетті таратамыз және бұл басылымның мақсаты қандай?
1 “Сергек болыңдар!” деп аталған 2009 жылғы облыстық конгресте “Киелі кітапта қандай хабар жазылған?” деген кітапша жарық көрді. Қараша айында дүниежүзіндегі қауымдардың барлығы алғаш рет бұл кітапшаны тарататын болады. Бұл кітапшаның аумағымыздағы адамдарға тигізер қандай пайдасы бар? Адамдардың көбісі, әсіресе мәсіхшілікті ұстанбайтын адамдар, Киелі кітап жайында аз біледі. Сондықтан бұл кітапшаның 3-бетінде айтылғандай, оның мақсаты — “Киелі кітапта жалпы қандай мәлімет жазылғанын білуге” көмектесу.
2. Бұл кітапшаны қалай ұсынуға болады?
2 Кітапшаны ұсыну жолдары. Былай деуге болады: “Сіздің мынаған қатысты ойыңызды білгім келіп еді. [Тімотеге 2-хат 3:16 оқы.] Біз әңгімелесетін адамдардың көбісі бұл сөздермен келіссе, өзгелері Киелі кітапты жай ғана жақсы кітап деп қарастырады. Ал сіз Киелі кітап жайында не ойлайсыз? [Жауабын күт.] Біз қай дінді ұстанбайық, Киелі кітапта не жазылғанын тексеріп көргеніміз пайдалы. [3-беттің басындағы кіріспе абзацты оқы.] Бұл кітапшадағы өте қызықты Киелі кітапқа жасалған шолуды оқу барысында осы жазбаларда бір ғана тақырып пен бір хабар өрбитініне көз жеткізе аласыз”.
3. Мәсіхшілікті ұстанбайтын адамдарға қандай ұсынысты қолдануымызға болады?
3 Әсіресе мәсіхшілікті ұстанбайтын адамдарға уағыздағанда қолдануға болатын тағы бір ұсынысты қарастырайық: “Жазбаларда (немесе Киелі кітапта) жазылған мына сөздерге назар аударыңызшы. [Забур 36:11 оқы.] Мұндағы пайғамбарлық орындалғанда жер беті қандай болады деп ойлайсыз? [Жауабын күт.] Бұл сөздер мәдениеті мен нанымы қандай болмасын, барлық адамдардың Киелі кітаптан үміт пен жұбаныш ала алатынын көрсетеді”. 3-беттің басындағы абзацты оқып, кітапшаны ұсын.
4. Бұл кітапшаны зерттеу сабағын бастау үшін қалай қолдана аламыз?
4 Зерттеу сабағын баста. Адамға қайта барғанда, өткен жолы не туралы әңгімелескендеріңді есіне салған соң, тараудың соңындағы сұрақтарды қолдана отырып, көтерілген тақырыпқа қатысты бір-екі абзацты талқыла. Егер “Киелі кітап үйретеді” басылымын бірден ұсынғың келсе, кітапшаның соңғы бетіндегі мәліметті оқы да, қолына кітапты ұстат. Сосын, кітаптың мазмұнына назар аударып, қай тақырып қызықтыратынын сұра да, сол тараудың бір-екі абзацын қарастыр. Сонымен, қараша айында осы кітапшаны таратуға бәріміз де толықтай атсалысайық!