Сақтап қой
Мына кітапшаларды қолданып жүрсің бе?
“Киелі кітапта қандай хабар жазылған?”
Киелі кітаптан хабары аз, әсіресе мәсіхшілікті ұстанбайтын адамдарға арналған.
Ұсыну жолы: Киелі жазбалардағы (Киелі кітаптағы) мына сөздерге қатысты пікіріңізді білейін деп едім. [11-тарауда келтірілген Забур 36:11-ді оқы.] Осы уәде орындалғанда, жер бетінде қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз? [Жауабын күт.] Бұл — Киелі кітаптың барлық адамға, мәдениеті мен діні қандай болмасын, үміт пен жұбаныш сыйлай алатындығының бір мысалы”. 3-беттің жоғарғы жағындағы абзацты оқып, кітапшаны ұсын.
Былай етіп көр: Мәсіхшілікті ұстанбайтын адаммен “Киелі кітап үйретеді” басылымы бойынша зерттеу сабағын өткізіп жүрсең, оған Киелі кітап жайлы жалпы мағлұмат беру үшін әр сабақтың басында не соңында кітапшаның бір тарауын қарастыруға бірнеше минут бөл.
“Баршаға арналған кітап”
Киелі кітаптан хабары аз білімдар адамдарға арналған.
Ұсыну жолы: Тімөтеге 2-хат 3:16, 17-оқы. Сосын былай де: “Киелі кітап Құдай рухының жетелеуімен жазылды дегенмен келісесіз бе? Жоқ әлде, бұл жай ғана жақсы кітап деп ойлайсыз ба? [Жауабын күт.] Бұл сұраққа қатысты әркімнің өз пікірі бар, алайда олардың кейбірі ғана Киелі кітапты өздері зерттеген. [3-беттегі тақырыптың астындағы оқиғаны оқып бер.] Мына бір қызықты кітапшада түрлі ортадан шыққан, түрлі дінді ұстанатын адамдарды Киелі кітапта қандай хабар жазылғанын білуге талпындыратын бірнеше келелі себептер бар”.
Былай етіп көр: Үй иесі кітапшаны алса, былай де: “Көп адамның Киелі кітапты бедел тұтпауының бір себебі діндердің оны және ондағы ілімдерді бұрмалап көрсетуінде. Келесі жолы осының бір мысалын көрсетейін”. Қайтып келгенде, 4, 5-беттердегі кей мәліметтерді қарастыр.
“Сен Құдаймен дос бола аласың!”
Білімі аз не сауаты нашар адамдарға арналған.
Ұсыну жолы: Қалай ойлайсыз, біз Құдаймен дос бола аламыз ба? [Жауабын күт. Сосын Жақып 2:23-ті оқы.] Мына кітапша бізге Ыбырайым сияқты Құдайдың досы болуға көмектеседі”.
Былай етіп көр: Алғаш барғанда не қайта келгенде 1-сабақты түгелімен не жартылай талқылау арқылы Киелі кітап зерттеу сабағының қалай өтетінін көрсет.
“Тіршіліктің бастауы. Бес маңызды сұрақ”
Мектептерінде эволюция теориясы оқытылатын мәсіхші жастарға арналған. Сондай-ақ бұл кітапша эволюционистер, агностиктер және атеистермен сөйлесуге көмектеседі. (Үйме-үй жүргенде ұсынуға арналмаған.)
Эволюционист не атеистпен сөйлескенде кітапшаны былай ұсынуға болады: “Бүгінде ғылыми кітаптардың барлығы дерлік эволюцияны үйретеді. Қалай ойлайсыз, эволюция жай ғана теория ма, жоқ әлде бүгінгі таңда дәлелденген айғақ па? [Жауабын күт.] Тура мәліметке негізделіп тұжырым жасау үшін екі жақты да қарастыру қажет екенімен келісетін шығарсыз. Мына кітапшада тіршіліктің жаратылғанына көп адамның көзін жеткізген біраз дәлелдер келтіріледі”.
Былай етіп көр: Мектепке барған соң, кітапшаны партаңның үстіне қойып кет те, сыныптастарыңның бұған қызығушылық танытып-танытпайтынын байқап көр.
“Құдайдың басшылығы жұмаққа жол көрсетеді”
Киелі кітапты еркін зерттей алатын ортада тұратын мұсылмандарға арналған.
Ұсыну жолы: “Мұсылмандар жалғыз шынайы Құдайға және барлық пайғамбарларға сенеді, солай емес пе? [Жауабын күт.] Сізге ежелгі пайғамбарлардың бірі жердің жұмаққа айналатыны жайлы не дегенін көрсетейін. Мұнда былай делінген. [Ишая 11:6—9 оқы.] Құдайдың жер бетінде осы өзгерістерді қалай жасайтыны көп адамды қызықтырады. Мына кітапшада өзге де пайғамбарлардың осы жөнінде не дегені сөз етіледі”.
Былай етіп көр: Үй иесі кітапшаны алса, былай де: “Киелі жазбаларда әуел баста Адам атаның жұмақта өмір сүргені айтылған. Келесі жолы оның Құдай басшылығынан қалай бас тартып, жұмақтан айырылғаны жайлы сөйлесеміз”. Қайтып келгенде, 6-беттен басталатын сабақтың алғашқы абзацтарын қарастыр.
“Шынайы сенім бақыттың кілті”
Киелі кітапты еркін зерттей алатын ортада тұратын мұсылмандарға арналған.
Ұсыну жолы: 16, 17-беттердегі суретті көрсетіп, былай де: “Мына көрініс бүгінде дүниеде орын алып жатқан жағдайдан мүлдем өзгеше. Қалай ойлайсыз, күндердің күнінде жер бетінде осындай өзгерістер болады ма? [Жауабын күт.] Құдай Сөзінде не делінгеніне назар аударыңызшы. [Киелі кітабыңнан сол жерде келтірілген жазба орындарының бірін оқы.] Бұл кітапша осы уәделердің орындалатынына деген сенімімізді нығайтуға көмектеседі”.
Былай етіп көр: Әңгімелесіп болған соң, үй иесінен кітапшаның артындағы сұрақтардың бірін таңдауын сұра. Сосын келесі жолы келіп, аталмыш кітапшаның көмегімен осы сұраққа жауап беретініңді айт.