24-ән
Зор сыйға қара тамсанып
1. Секірсе ақсақ дегендер,
Естіген кезде кереңдер.
Соқырлар қайта көргенде,
Бос жерге гүлдер өнгенде.
Туыстар мәңгі бірігіп,
Көңілде көктер гүл үміт.
Бұл кез келеді, жар салып,
Зор сыйға қара тамсанып.
2. Кәрі қайта жасарғанда,
Мылқаулар сөйлей алғанда.
Жер мол жемісін бергенде,
Таусылмас бақыт келгенде.
Шаттанып бала ән салар,
Жүзінен тәтті бал тамып.
Өлгенді тұрған қарсы алар,
Зор сыйға қара тамсанып.
3. Аю мен бұзау достасып,
Қасқыр, қой жүрсе қостасып.
Оларға бала тіл қатып,
Айтқанын жүрсе тыңдатып.
Жылау мен қайғы өткенде,
Қорқыныш, ауру кеткенде.
Құдайдан келер қаншалық
Зор сыйға қара тамсанып.
(Ишая 11:6—9; 35:5—7; Жох. 11:24 қараңыз.)