85-ән
Ехоба сені молынан жарылқасын
1. Жанын сап қызмет еткеннің жағдайы
Құдайға мәлім әрқашан:
Ынта-жігермен Патшалықты қолдап,
Біраз нәрседен бас тартқан.
Сен де қалдырған боларсың үй-жайды,
Аян Әкемізге бәрі.
Орнын толтырар бауырластар беріп,
Жұмаққа жетелер сені.
Қайырмасы:
Өзіңді Әкеміз қамқорласын,
Еңбегіңді көріп, жарылқасын.
Қанатымен қорғайды сені,
Ехоба сенімді, адал өйткені.
2. Өз еркіменен не орайы келмей
Жандар бар неке құрмаған.
Үнемі шын берілгендік танытып,
Құдай еркін орындаған.
Олар салтбасты боп жүре алса да,
Кейде жалғыздық сезінер.
Көңілге сүйеніш болып, қолдайық
Сөздермен жанды сергітер.
Қайырмасы:
Өзіңді Әкеміз қамқорласын,
Еңбегіңді көріп, жарылқасын.
Қанатымен қорғайды сені,
Ехоба сенімді, адал өйткені.
(Би. 11:38—40; Рут 2:12; Мат. 19:12 қараңыз.)