107-ӘН
Сүюдің кемелді үлгісі
1. Ехоба Құдай — шынайы сүюдің
Кемелді үлгісі.
Біздерге деген жылы сезімдерін
Паш етеді әрбір ісі.
Жалғыз Ұлының қиып ол өмірін,
Үзді құрсауын күнә мен өлімнің,
Жоқ бұдан асқан үлгісі сүюдің!
Құдай жолы, бұл — сүю жолы.
2. Құшағындамыз сүйіспеншіліктің
Шынайы, шынайы.
Қиналып қалсақ, қамқор достарымыз
Бізді жалғыз қалдырмайды.
Сүйсек Құдайды, өзгені сүйеміз,
Ағат кеткенін, қарызын кешеміз.
Шын кешірудің себебін білеміз:
Құдай жолы, бұл — сүю жолы.
3. Келіп қауымға бірлігі жарасқан,
Біз таптық зор бақыт.
Құдай сыйлаған достар арасында
Ынтымақтың дәмін таттық.
Қуаныш есіп, күнде жалындаймыз,
Құдай Сөзімен сенімді шыңдаймыз.
Ән-жырға қосып, қуана шырқаймыз
Құдай жолын, шын сүю жолын!
(Рим. 12:10; Ефес. 4:3; Пет. 2-х. 1:7 қараңыз.)