10-САБАҚ
Интонация
Нақыл сөздер 8:3, 4, 7
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Дауыс күшін, дауыс сарыны (тон) мен сөйлеу қарқынын (темп) өзгерте отырып, ойларды анық жеткізіңіз және тыңдаушылардың сезімдеріне әсер етіңіз.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
Дауыс күшін өзгертіп отыру. Басты ойларға екпін түсіру үшін я тыңдаушыларды іс-әрекетке талпындыру үшін даусыңызды күшейтіңіз. Киелі кітаптағы үкімдерді оқығанда да осылай істеңіз. Тыңдаушыларды қызықтыру үшін немесе қорқыныш пен уайымды жеткізу үшін дауысты бәсеңдетіңіз.
Дауыс сарынын өзгертіп отыру. Шабытты жеткізу үшін немесе көлем мен қашықтықты суреттеу үшін дауыс сарынын көтеріңіз. Ал уайым-қайғы, мазасыздық сияқты сезімдерді жеткізгіңіз келсе, дауыс сарынын төмендетіңіз.
Дауыс қарқынын өзгертіп отыру. Қуаныш пен шаттықты көрсету үшін сәл ширақ сөйлеңіз. Маңызды ойларды айтып жатқанда, баяулау сөйлеңіз.