11-САБАҚ
Шабытпен сөйлеу
Римдіктерге 12:11
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Жандандырып сөйлеу арқылы тыңдаушыларды іс-әрекетке ынталандырыңыз.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
Мәліметті жүректен өткізу. Дайындық кезінде айтқалы жатқан хабарыңыздың маңыздылығы жөнінде терең ойланыңыз. Мәліметіңізбен жақсы таныс болыңыз, сонда шын жүректен сөйлей аласыз.
Тыңдаушыларды ойлау. Оқығалы я үйреткелі жатқандарыңыз өзгелерге қандай пайдасын тигізетіні жайында ой жүгіртіңіз. Сөйтіп, мәліметіңізді тыңдаушыларға пайдалы болатындай етіп жеткізудің жолдарын іздестіріңіз.
Мәліметке жан бітіру. Ынты-шынтыңызбен сөйлеңіз. Шынайы ишарат пен бет қимылы арқылы сезімдеріңізді көрсетіңіз.