18-САБАҚ
Пайдалы мәлімет айту
Қорынттықтарға 1-хат 9:19—23
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларды ойландыруға тырысыңыз, олар өздеріне пайдалы мәлімет алғанын сезінсін.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
Тыңдаушылар не білетіні жайында ойлау. Оларға белгілі жайтты қайталап қоя салмай, тақырыпты басқа қырынан көрулеріне көмектесіңіз.
Ізденіс жасап, ой жүгірту. Негізгі ойларды түсіндіру үшін, орайы келсе, тыңдаушыларға онша таныс емес айғақтар мен оқиғаларды қосыңыз. Бірақ олар мәліметіңізбен қаншалықты қиысатыны жайлы жақсылап ой елегінен өткізіңіз.
Мәліметтің пайдасын көрсету. Жазбалардағы ойлардың күнделікті өмірде қандай пайдасы бар екенін тыңдаушыларға түсіндіріңіз. Оларға тікелей қатысы бар жағдайларды, көзқарастар мен іс-әрекеттерді талқылаңыз.