“Өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерінің сілтемелері
6—12 қаңтар
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 1, 2
“Ехоба жердегі тіршілікті жаратты”
(Мұсаның 1-жазбасы 1:3, 4) Құдай: “Жарық болсын!”— деді. Сонда жарық пайда болды. 4 Құдай жарықтың жақсы екенін көрді. Ол жарықты түнектен бөле бастады.
(Мұсаның 1-жазбасы 1:6) Сосын Құдай: “Сулардың арасында кеңістік пайда болып, су судан бөлініп тұрсын!”— деді.
(Мұсаның 1-жазбасы 1:9) Кейін Құдай: “Аспан астындағы сулар бір жерге жиналып, құрлық пайда болсын!”— деді. Бұл солай болды.
(Мұсаның 1-жазбасы 1:11) Содан кейін Құдай: “Жер көк шөпті, тұқымды өсімдіктерді және дәнегі бар жеміс ағаштарын түр-түрімен өсіріп шығарсын!”— деді. Бұл солай болды.
it-1 527, 528-б.
Жаратылыс
Құдай бірінші күні “жарық болсын!” дегенде, бұлт қабаттарының арасынан жарық шашырап түссе керек. Алайда жер бетінен бұл жарықтың көзі әлі көрінбейтін. Дж. Уоттс деген аудармашының: “Жарық бірте-бірте пайда бола бастады”,— деп тәржімелегеніне қарағанда, бұл біртіндеп болған процеске ұқсайды (М1ж 1:3, “A Distinctive Translation of Genesis”). Құдай жарық пен түнекті бөліп, жарықты “күндіз”, түнекті “түн” деп атады. Демек, Жер Күнді айналуымен қатар, өз осінен де айналғанының арқасында оның шығыс жартышары мен батыс жартышарында күн мен түн алмасып отыратын болды (М1ж 1:3, 4).
Екінші күні Құдай “суды судан бөлу” арқылы кеңістік жасады. Судың біраз мөлшері жерде қалып, ал көп мөлшері жер бетінен жоғары қарай биікке көтерілді. Осылай екеуінің арасында кеңістік пайда болды. Бұл кеңістікті Құдай “аспан” деп атады. Бірақ бұл — жердің үстіндегі “аспан” кеңістігі, өйткені кеңістіктің үстінде тұрған судың жұлдыздарға не басқа аспан денелеріне дейін жеткені еш жерде айтылмаған (М1ж 1:6—8, “ПРОСТРАНСТВО” қараңыз).
Үшінші күні Құдай керемет жасаушы күшімен жердегі суларды біріктірді, сонда құрлық пайда болды. Құдай оны “жер” деп атады. Сосын дәл сол күні Құдай кездейсоқтық я эволюция арқылы емес, материя атомдарына тіршілік бергенінің нәтижесінде жерден көк шөп, өсімдіктер мен жеміс ағаштары өсе бастады. Осы негізгі үш топтың әрқайсысы өз “түрімен” көбеюге қабілетті болды (М1ж 1:9—13).
(Мұсаның 1-жазбасы 1:14) Сонан соң Құдай: “Күндіз бен түнді ажыратып тұру үшін, аспанда жарық көздері пайда болсын! Олар мезгілдердің, күндер мен жылдардың белгісі болады.
(Мұсаның 1-жазбасы 1:20) Сосын Құдай: “Суларда тіршілік иелері қаптап, ал жер үстіндегі аспан кеңістігінде қанаттылар ұшып жүрсін!”— деді.
(Мұсаның 1-жазбасы 1:24) Бұдан кейін Құдай: “Жер түр-түрімен тіршілік иелерін: үй жануарларын, бауырымен жорғалаушыларды және жабайы аңдарды түр-түрімен — шығарсын!”— деді. Бұл солай болды.
(Мұсаның 1-жазбасы 1:27) Құдай адамды өзіне ұқсас етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.
it-1 528-б., 5—8 абз.
Жаратылыс
Мұсаның 1-жазбасы 1:16-да “жарату” дегенді білдіретін еврейдің “бара” етістігі емес, “жасау” дегенді білдіретін еврейдің “аса” етістігі қолданылғаны көңіл қоюға тұрарлық жайт. Күн, ай мен жұлдыздар Мұсаның 1-жазбасы 1:1-дегі “аспанның” ішіне кіретіндіктен, олар төртінші күннен әлдеқайда бұрын жаратылып қойылған еді. Ал төртінші күні Құдай осы аспан денелерін жерге және оның үстіндегі кеңістікке қатысты жаңаша рөл атқаратын етіп “жасады”. “Құдай оларды аспанға орналастырып, жерге жарық түсіретін етті” деген сөздер бұл аспан денелерінің енді жерден қарағанда кеңістікте тұрғандай көрінгенін білдіреді. Сондай-ақ бұл жарық көздері “мезгілдердің, күндер мен жылдардың белгісі болып”, кейін адамдарға түрлі жолдармен бағыт табуға көмектеспек еді (М1ж 1:14).
Бесінші күні жерде алғашқы тіршілік иелері жаратылды. Құдай бір ғана жаратылыстың эволюция арқылы дамып, басқа түрлерге айналуын ниет еткен жоқ. Оның күшімен жер бетінде қаптаған тіршілік иелері пайда болды. Бұл жайында: “Құдай үлкен теңіз жануарлары мен суда қаптап жүрген күллі тіршілік иелерін түр-түрімен, сондай-ақ қанаттыларды түр-түрімен жаратты”,— делінген. Сонда жаратқанына қарап риза болған Құдай оларға батасын беріп, “көбейіңдер” деп бұйырды. Мұның мүмкін болған себебі — Құдай әртүрлі тұқымдас тіршілік иелеріне “түр-түрімен” көбейетін қабілет дарытқан болатын (М1ж 1:20—23).
Алтыншы күні “Құдай жерде тіршілік ететін жабайы аңдарды түр-түрімен, үй жануарларын түр-түрімен және бауырымен жорғалаушыларды түр-түрімен жаратты”. Осыған дейінгі басқа жаратылыстары сияқты, бұлар да жақсы еді (М1ж 1:24, 25).
Алтыншы күннің соңына қарай Құдай мүлдем жаңа жаратылыс түрін жаратты. Ол жануарлардан жоғары, періштелерден төмен тұрды. Бұл — Құдайға ұқсас етіп жаратылған адам баласы. Мұсаның 1-жазбасы 1:27-де адамның жаратылуы жайлы: “[Құдай] бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты”,— деп қысқа қайырғанымен, 2:7—9 тармақтарда Ехоба Құдай адамды топырақтан жаратып, мұрнына тіршілік лебін үрлегені, содан адам тірі жан болып шыға келгені айтылған. Ол жұмақ бағына орналастырылып, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Ехоба Адамды жарату үшін жердегі топырақтың элементтерін қолданды, ал кейін Адамның бір қабырғасын негіз етіп алып, әйел затын жаратты (М1ж 2:18—25). Әйел жаратылған соң, адам баласы деген “түр” жаратылып бітті (М1ж 5:1, 2).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 1-жазбасы 1:1) Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.
Ғылымның адам өміріндегі рөлі
Жер мен ғаламның жасы
Ғалымдар Жердің жасы шамамен 4 миллиард жыл, ал ғаламның жасы 13 не 14 миллиард жыл деп шамалайды. Киелі кітапта ғаламның нақты қашан жаратылғанына нұсқайтын ешқандай мерзім жазылмаған. Сондай-ақ еш жерінде планетамыздың жасы бірнеше мың жыл ғана деп айтылмаған. Киелі жазбалардың ең бірінші тармағында: “Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты”,— делінген (Мұсаның 1-жазбасы 1:1). Жалпы айтылған бұл сөздер ғалымдарға физикалық әлемнің жасын қисынды ғылыми қағидаларға негіздеп анықтауға мүмкіндік береді.
(Мұсаның 1-жазбасы 1:26) Содан соң Құдай: “Өзімізге ұқсас етіп адам жаратайық. Олар теңіздегі балықтарға, аспандағы құстар мен үй жануарларына, бүкіл жер беті мен онда жорғалап жүрген барлық жануарларға иелік етсін!”— деді.
it-2 52-б.
Иса Мәсіх
Жаратушы емес. Құдай Ұлы жарату ісіне қатысқанымен, бұл оның да Әкесі сияқты Жаратушы екенін білдірмейді. Жарату күші Құдайдың киелі рухы, яғни құдіретті күші арқылы келеді (М1ж 1:2; Зб 33:6). Ехоба барлық көзге көрінетін және көрінбейтін тірі жаратылыстың Қайнар көзі болғандықтан, олар өз өмірі үшін оған қарыздар (Зб 36:9). Сондықтан Құдайдың Ұлы ол сияқты Жаратушы емес, қайта, оның өкілі әрі көмекшісі болды. Исаның өзі бәрін жаратқан Құдай екенін айтты, әрі Жазбалар да соны растайды (Мт 19:4—6; “СОТВОРЕНИЕ, ТВОРЕНИЕ” қараңыз).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 1-жазбасы 1:1—19) Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты. 2 Жер ретсіз, қаңырап бос жатты, су тұңғиығының үстін қараңғы түнек жауып тұрды. Құдайдың рухы су бетінде әрекет етіп жүрді. 3 Құдай: “Жарық болсын!”— деді. Сонда жарық пайда болды. 4 Құдай жарықтың жақсы екенін көрді. Ол жарықты түнектен бөле бастады. 5 Құдай жарықты “күндіз”, ал түнекті “түн” деп атады. Кеш батып, таң атты, бұл бірінші күн еді. 6 Сосын Құдай: “Сулардың арасында кеңістік пайда болып, су судан бөлініп тұрсын!”— деді. 7 Сөйтіп, Құдай кеңістік жасап, оның астындағы суды үстіндегі судан бөлді. Бұл солай болды. 8 Құдай кеңістікті “аспан” деп атады. Кеш батып, таң атты, бұл екінші күн еді. 9 Кейін Құдай: “Аспан астындағы сулар бір жерге жиналып, құрлық пайда болсын!”— деді. Бұл солай болды. 10 Құдай құрлықты “жер”, ал жиналған суларды “теңіз” деп атады. Ол жасағанына қарап, жақсы екенін көрді. 11 Содан кейін Құдай: “Жер көк шөпті, тұқымды өсімдіктерді және дәнегі бар жеміс ағаштарын түр-түрімен өсіріп шығарсын!”— деді. Бұл солай болды. 12 Жер көк шөпті, тұқымды өсімдіктер мен дәнегі бар жеміс ағаштарын түр-түрімен өсіріп шығара бастады. Құдай жасағанына қарап, жақсы екенін көрді. 13 Кеш батып, таң атты, бұл үшінші күн еді. 14 Сонан соң Құдай: “Күндіз бен түнді ажыратып тұру үшін, аспанда жарық көздері пайда болсын! Олар мезгілдердің, күндер мен жылдардың белгісі болады. 15 Олар аспанда жарқырап, жерге нұрын шашып тұрсын”,— деді. Бұл солай болды. 16 Құдай үлкенірегі күндізді, кішірегі түнді басқару үшін екі үлкен жарық көзін, сондай-ақ жұлдыздарды жасады. 17 Осылайша Құдай оларды аспанға орналастырып, жерге жарық түсіретін, 18 күндіз бен түнді басқаратын және жарықты қараңғыдан бөліп тұратын етіп қойды. Құдай жасағанына қарап, жақсы екенін көрді. 19 Кеш батып, таң атты, бұл төртінші күн еді.
13—19 қаңтар
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 3—5
“Алғашқы өтіріктің ащы салдары”
(Мұсаның 1-жазбасы 3:1—5) Ехоба Құдай жаратқан жабайы хайуанаттардың ішіндегі ең сағы жылан еді. Ол әйелге: “Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?”— деді. 2 Әйел жыланға былай деді: “Бақтағы ағаштардың жемісін жей аламыз. 3 Бірақ бақтың ортасындағы ағаштың жемісі жайлы Құдай: — Одан жемеңдер, тіпті оған тимеңдер, әйтпесе өлесіңдер,— деген”. 4 Сонда жылан әйелге: “Жоқ, өлмейсіңдер. 5 Оны жеген күні көздерің ашылып, ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп, Құдай сияқты болатындарыңды ол біледі”,— деді.
Ехобаның ниеті міндетті түрде орындалады!
9 Шайтан Ібіліс жыланды қолданып, Хауаны Ехобаның тілін алмауға азғырды (Мұсаның 1-жазбасы 3:1—5 оқыңыз; Аян 12:9). Ол “Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?” деуімен Ехобаның бұйрығынан дау шығарып, Құдай әділетсіз шектеу қойғандай етіп көрсетті. Былайша айтқанда, ол: “Сонда сендер өз қалағандарыңды істей алмайсыңдар ма?”— дегендей болды. Кейін ол Хауаға қып-қызыл өтірік айтып: “Жоқ, өлмейсіңдер”,— деді. Бұдан соң оны Құдайға мойынсұнудың қажеті жоқ дегенге иландырды. Шайтан: “Оны жеген күні көздерің ашылатынын... ол біледі”,— деді. Осылайша олар ағаштың жемісін жеп, ерекше білімге ие болмаулары үшін, Ехоба оны жегендерін қаламады дегенге меңзеді. Соңында Шайтан “Құдай сияқты боласыңдар” деген жалған уәде берді.
(Мұсаның 1-жазбасы 3:6) Содан әйел ағаштың жемісі жеуге жақсы екенін әрі көздің жауын алып, қызықтырып тұрғанын байқады. Сөйтіп, оның жемісін алып жеді. Кейін күйеуі қасында болғанда, жемісті оған берді, ол да жеді.
w00 15.11. 25, 26-б.
Алғашқы жұптан қандай сабақ аламыз?
Хауада күнә жасаудан басқа амал болмады ма? Әрине, болды! Өзімізді оның орнына қойып көрейікші. Жылан Құдай мен Адамның айтқандарының өңін айналдырып жеткізді. Бөтен біреу сіз жақсы көретін, сенетін адамыңызды өтірікші деп қараласа, қалай тиер еді? Иә, бұл сөздер Хауаның бойында жиреніш пен наразылық тудыру керек еді, тіпті оны мүлдем тыңдамау керек еді. Құдайдың әділдігіне, күйеуінің сөзіне күмән келтіретіндей жылан сонша кім еді?! Басшылық принципін құрметтеп, Хауа шешім қабылдамас бұрын кеңесіп алу керек еді. Біз де Құдайдың нұсқауларына қайшы келетін ақпаратқа кезіккенде әрдайым солай етуіміз керек. Бірақ Хауа Азғырушының сөзіне сеніп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өзі шешкісі келді. Осы ойға берілген сайын, бұл көңіліне жаға түсті. Жаман қалауды санасынан қуып шығарып, бұл мәселені отағасымен талқылаудың орнына, оны өршіте беріп Хауа үлкен қателік жасады (Қорынттықтарға 1-хат 11:3; Жақып 1:14, 15).
Әйелінің айтқанымен кете барған Адам
Хауа сол арада Адамды да күнәға еліктіріп әкетті. Оның өз әйеліне ләм-мим демей келісе кеткені қалай? (Мұсаның 1-жазбасы 3:6, 17). Адам кімге адал боларын таңдау керек еді: өзіндегі бардың бәрін, оның ішінде сүйікті жары Хауаны да берген Жаратушысына мойынсұна ма? Қалай әрекет ету керектігін Құдайдан сұрай ма? Әлде әйелінің соңынан еріп кете ме? Хауаның тыйым салынған жемісті жегеннен қол жеткіземін деген дәмесі құр бос қиял екенін Адам, әлбетте, білді. Елші Пауыл рухтың жетелеуімен осыған қатысты былай деген болатын: “Алданған Адам ата емес, қайта, Хауа ана қатты алданып, күнәға батты” (Тімөтеге 1-хат 2:14). Адам біле тұра Ехобаға қарсы шықты. Әйелімнен айырылып қаламын деген қорқынышы Құдайдың жағдайды түзете алатынына деген сенімінен үстем болып кетті.
(Мұсаның 1-жазбасы 3:15—19) Мен әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен әйелдің ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы сенің басыңды мыжиды, ал сен оның өкшесін шағасың”. 16 Құдай әйелге: “Жүктілік кездегі азабыңды күшейте түсемін, балаларыңды қиналып босанасың. Сен күйеуіңе құштар боласың, ал ол саған үстемдік етеді”,— деді. 17 Адамға болса Құдай былай деді: “Әйеліңнің тілін алып, жеуге тыйым салынған ағаштың жемісін жегенің үшін, сенің кесіріңнен жерді қарғыс атты. Енді өмір бойы жердің өнімін азап шегіп жүріп жейтін боласың. 18 Жер саған тікен мен арамшөп өсіріп шығарып, азығың дала өсімдіктері болады. 19 Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп табатын боласың. Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың”.
w12 1.9. 4-б., 2-абз.
Құдай әйелдердің қамын ойлай ма?
Құдай әйелдерді қарғысқа ұшыратқан ба?
Жоқ. Құдай “қарғыс атсын” деп әйелдерге қатысты емес, “Ібіліс әрі Шайтан деп аталған ежелгі жыланға” қатысты айтқан (Аян 12:9; Мұсаның 1-жазбасы 3:14). Адам әйеліне “үстемдік етеді” деп Құдайдың айтқаны ол күйеулердің әйелдеріне басымдық көрсеткенін қолдайтынын білдірмейді (Мұсаның 1-жазбасы 3:16). Ол жай ғана алғашқы жұптың күнәсінің қандай ащы салдары болатынын алдын ала айтқан.
Жаратылыстың басталуы кітабының көңіл бұрарлық тұстары. I-бөлім
3:17 — Жерді қалайша және қанша уақытқа қарғыс атты? Жердің қарғыс атуы одан өнім алудың енді өте қиын болатынын білдірді. Қарғысқа ұшыраған жерден шыққан арам шөп пен тікенектер Адам ұрпақтарының жандарына батқаны сонша, Нұхтың әкесі Ләмех “Жаратқан Иенің қарғысына іліккен жерде бейнетпен жұмыс істеп жүрген” жайын айтты (Жаратылыс 5:29). Топан судан соң Ехоба Нұх пен оның отбасына батасын беріп, олардың жер бетін толтыруы жайлы ниетін айтты (Жаратылыс 9:1). Құдайдың қарғысы сонымен тоқталса керек (Жаратылыс 13:10).
it-2 186-б.
Толғақ азабы
Бұл — бала туар кезде болатын азап, қиналыс. Алғашқы әйел Хауа күнә жасағаннан кейін, Құдай оған күнәсінің салдары бала босануына қалай ықпал ететінін айтты. Ол мойынсұнғыш болып қала бергенде, Құдай әрі қарай да оған батасын төгіп, бала босану оған тек қана қуаныш әкелер еді. Өйткені “Ехобаның батасы адамды байытады, бұған ол еш қайғы-қасірет қоспайды” (Н.с 10:22). Алайда қазір ағзамыз қызметін кемелді түрде атқармайтындықтан, тәніміз азап шегеді. Сондықтан да Құдай былай деген (Киелі кітапта Құдай жол берген кейбір жайттарды ол өзі істегендей суреттейді): “Жүктілік кездегі азабыңды күшейте түсемін, балаларыңды қиналып босанасың” (М1ж 3:16).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 1-жазбасы 4:23, 24) Ләмех әйелдері Ада мен Зиллаға арнап, мынадай өлең шығарды: “Ләмехтің әйелдері, тыңдаңдар мені, Құлақ түріңдер айтқан сөзіме: Кісіні өлтірдім мені жарақаттаған, Иә, жас жігітті маған қол көтерген. 24 Қабылдың кегі жеті есе болса, Ләмехтің кегі жетпіс жеті есе болар”.
it-2 192-б., 5-абз.
Ләмех
Ләмехтің әйелдеріне арнап шығарған өлеңі сол уақыттары қатыгездіктің жайлап кеткенін аңғартады (М1ж 4:23, 24). Ол мынадай өлең шығарды: “Ләмехтің әйелдері, тыңдаңдар мені, Құлақ түріңдер айтқан сөзіме: Кісіні өлтірдім мені жарақаттаған, Иә, жас жігітті маған қол көтерген. Қабылдың кегі жеті есе болса, Ләмехтің кегі жетпіс жеті есе болар”. Ләмех мұнда Қабыл әдейі адам өлтірсе, ол өзін қорғау үшін адам өлтіргенін айтқан көрінеді. Ләмехтің айтуынша, оған қол көтеріп, жарақаттаған адамды ол қорғану мақсатында өлтірген. Сол адамды өлтіргені үшін басқалар одан кек алмауы үшін, Ләмех бұл өлеңін өтініш ретінде, жеке басына қауіпсіздік сұрап жазған.
(Мұсаның 1-жазбасы 4:26) Сет те ұлды болып, оның есімін Енос деп қойды. Сол кезде адамдар Ехобаның есімін шақыра бастады.
it-1 338-б., 2-абз.
Тіл тигізу, Құдайды қорлау
Топан судың алдындағы Еностың заманында “адамдар Ехобаның есімін шақыра бастағаны” адал да дұрыс сипаттағы әрекет болмаса керек, себебі оған дейін Әбіл әлдеқашан Құдайдың есімін атап шақырғаны шүбәсіз (М1ж 4:26; Ев 11:4). Кейбір ғалымдар бұл сол кездегі адамдардың Ехобаның есімін бұрыс жолмен адамдарға не пұттарға қатыстырып орынсыз қолданғанын білдіреді деп пайымдайды. Бұл рас болса, олар бұнысымен Құдайды қорлаған (“ЕНОС” қараңыз).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 1-жазбасы 4:17—5:8) Қабыл әйелімен жақындасты да, әйелі бала көтеріп, Енохты туды. Сосын ол қала салып, оған өз ұлы Енохтың атын берді. 18 Кейін Енохтан Ирад туылды. Ал Ирадтан Мехуел, Мехуелден Метушаил, Метушаилден Ләмех туылды. 19 Ләмех екі әйел алды. Біріншісінің аты — Ада, екіншісінікі — Зилла. 20 Ада Жабалды туды. Ол шатырда тұрып, мал бағатындардың алғашқысы болды. 21 Оның бауырының есімі Жұбал еді. Ол арфа мен сыбызғыда ойнайтындардың алғашқысы болды. 22 Ал Зилла Тұбалқабылды туды. Ол мыс пен темірден түрлі құрал-саймандар жасайтын ұста болды. Оның қарындасының аты Нағама еді. 23 Ләмех әйелдері Ада мен Зиллаға арнап, мынадай өлең шығарды: “Ләмехтің әйелдері, тыңдаңдар мені, Құлақ түріңдер айтқан сөзіме: Кісіні өлтірдім мені жарақаттаған, Иә, жас жігітті маған қол көтерген. 24 Қабылдың кегі жеті есе болса, Ләмехтің кегі жетпіс жеті есе болар”. 25 Адам әйелі Хауамен тағы да жақындасып, ол ұл туды. Оның атын Сет деп қойды, өйткені Хауа: “Қабылдың қолынан өлген Әбілдің орнына Құдай маған басқа бір ұрпақ берді”,— деді. 26 Сет те ұлды болып, оның есімін Енос деп қойды. Сол кезде адамдар Ехобаның есімін шақыра бастады.
5 Бұл — Адам ата туралы жазба. Құдай Адамды жаратқан күні оны өзіне ұқсас етіп жасады. 2 Құдай еркек пен әйел затын жаратып, сол күні оларға батасын берді де, “адам” деп атады. 3 Адам ата 130 жасқа келгенде, өз кейпіне, өзіне ұқсас, ұл сүйді. Оның есімін Сет деп қойды. 4 Сет туылғаннан кейін, Адам ата 800 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды. 5 Адам ата барлығы 930 жыл жасап, қайтыс болды. 6 Сет 105 жасқа келгенде, ұлы Енос туылды. 7 Енос туылғаннан кейін, Сет 807 жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды. 8 Сет барлығы 912 жыл жасап, қайтыс болды.
20—26 қаңтар
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 6—8
“Құдай қалай айтса, Нұх дәл солай істеді”
(Мұсаның 1-жазбасы 6:9) Нұх жөнінде: Нұх әділ кісі еді. Ол замандастарының арасында мінсіз болып, Құдай жолымен жүрді.
(Мұсаның 1-жазбасы 6:13) Сонда Құдай Нұхқа мынаны айтты: “Мен бүкіл тіршілік атаулыны жоюды ұйғардым, өйткені адамдардың кесірінен жер беті зұлымдыққа толды. Сондықтан оларды құртып, жерді тып-типыл етемін.
Нұх, Даниял, Әйүп үшеуінің сенімі мен мойынсұнғыштығына еліктейік
4 Нұх қандай қиындықтарға кезікті? Нұхтың арғы атасы Енохтың заманында-ақ адамдар өте зұлым болған. Олар Ехоба жайлы “сұмдық сөздер” айтқан (Яһуда 14, 15). Содан бері зұлымдық өршіген үстіне өрши түсіп, Нұхтың күндерінде дүние “зұлымдыққа толы” болды. Зұлым періштелер жерге адам кейпінде түсіп, әйелдерге үйленді. Олардан қатыгез де жауыз ұлдар туылды (Мұсаның 1-жазбасы 6:2—4, 11, 12). Бірақ айналадағылардың бәрі Нұхтың мүлдем басқа адам екенін байқаған. Киелі кітапта “Нұхқа Ехоба ықыласын түсіргені” жазылған. Ол дұрыс нәрсені жасауымен басқалардан қатты ерекшеленді. Нұх “Құдай жолымен жүрді” (Мұсаның 1-жазбасы 6:8, 9).
(Мұсаның 1-жазбасы 6:14—16) Сен шайырлы ағаштан кеме соқ. Оның ішіне бөлмелер жасап, іші-сыртын қарамаймен сыла. 15 Оны былай жаса: ұзындығы 300, ені 50, биіктігі 30 шынтақ болсын. 16 Ал ішіне жарық түсіп тұру үшін, шатырдың астынан биіктігі бір шынтақ етіп терезе жаса. Есігін бүйірінен шығар, сондай-ақ кеменің төменгі, ортаңғы және жоғарғы қабаты болсын.
Ол “Құдаймен тығыз байланыста жүрген”
Бұл жұмысты орындау үшін ағаштарды кесу, бөренелерді тасу, оларды өңдеп, бір-бірімен біріктіру қажет еді. Кеме үш қабаттан тұрған, ішінде бірнеше бөлімі, ал бүйірінде есігі болған. Жоғарғы жағында терезелер орналасып, ал шатыры сүйірлеу болғанға ұқсайды. Сырты қара шайырмен майланған бұл шатырдан жаңбыр суы тез ағып кетер еді. Бас-аяғы бұл жұмыс шамамен 40—50 жылға созылды (Жаратылыс 6:14—16).
(Мұсаның 1-жазбасы 6:22) Нұх бәрін Құдайдың бұйырғаны бойынша жасады. Құдай қалай айтса, дәл солай істеді.
Алдымыздағы қашықтықты табандылықпен жүгіріп өтейік!
13 Құдайдың ежелгі қызметшілеріне табандылық танытып, жарыста жеңіске жетуге не көмектесті? Пауылдың Нұх туралы не дегеніне көңіл аударайықшы (Еврейлерге 11:7 оқы). Ол “әлі көзге көрінбеген нәрсе” деп “аспан астындағы жанды мақұлықтардың бәрін құртатын топан суды” айтқан болатын (Жар. 6:17). Топан су бұрын-соңды болмаған құбылыс еді. Сөйтсе де Нұх топан су жерді қаптайтынына еш күмән келтірмеді. Неліктен? Өйткені ол Ехоба кез келген уәдесін орындайтынына сенді. Сондай-ақ Нұх Ехобаның тапсырмасын тым қиын деп санамады. Қайта, ол “Құдай оған қалай бұйырса, солай істеді” (Жар. 6:22). Кеме соғу, оған жануарларды кіргізу, үй іші мен малға жеткілікті ас-су жинау, адамдарды ескерту және отбасын рухани нығайту Нұх үшін оңай іс болған жоқ. Десе де сенімі мен табандылығының арқасында Нұх пен жанұясы аман қалды әрі мол батаға кенелді.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 1-жазбасы 7:2) Өзіңмен бірге адал жануарлардың әрқайсысынан жеті-жетіден, бірін еркек, бірін ұрғашы етіп ал. Ал арам жануарлардың әрқайсысынан екі-екіден, бірін еркек, бірін ұрғашы етіп ал.
Жаратылыстың басталуы кітабының көңіл бұрарлық тұстары. I-бөлім
7:2 — Таза және арам жануарды қалай айырған? Жануарларды жеуге болатын-болмайтындығына емес, ғибадат етуде құрбандыққа шалынатын-шалынбайтындығына қарап айырса керек. Топан судан бұрын адамдар малдың етін жемеген. Тамақты “таза”, “арам” деп бөлу Мұсаның заңымен келді де, сонымен бірге күшін жойды (Елшілердің істері 10:9—16; Ефестіктерге 2:15). Ехобаға ғибадат етіп, құрбандық шалуға ненің жарамды болғанын Нұх білген болу керек. Кемеден шыға сала, ол “Жаратқан Иеге арнап құрбандық беретін орын жасады да, малдың және құстың бәрінің адалынан алып, оларды құрбандыққа шалып, өртеп жіберді” (Жаратылыс 8:20).
(Мұсаның 1-жазбасы 7:11) Нұх 600 жасқа толғанда, екінші айдың он жетінші күні аспандағы қалың судың қайнар көздері, көк қақпалары айқара ашылды.
Жаратылыстың басталуы кітабының көңіл бұрарлық тұстары. I-бөлім
7:11 — Нұхтың заманындағы жер бетін алып кеткен су қайдан келген? Екінші жаратылыс “күні” немесе кезеңінде жерде әуе “кеңістігі” пайда болып, “астындағы суды” “үстіндегі судан” бөліп тұратын болды (Жаратылыс 1:6, 7). Сол уақыттан бастап “астындағы” су жерде болды. “Үстіндегі” су болса, “қалың суды” құраған өте көп мөлшердегі ылғал болатын, ол жердің төбесінен төніп тұрған. Нұхтың кезінде осы сулар жерге қарай құлаған.
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 1-жазбасы 6:1—16) Адамдар жер бетінде көбейе бастады, олардан қыздар да туылды. 2 Періштелер адам қыздарының сұлу екенін көріп, таңдағандарын әйелдікке ала берді. 3 Сонда Ехоба былай деді: “Менің рухым адам баласына мәңгі төзе бермейді, ол — небәрі пенде. Сондықтан оның ғұмыры 120 жыл болады”. 4 Сол кезде де, содан кейін де алыптар жерде өмір сүрді. Періштелер адам қыздарымен жақындасып, олардан сол алыптар туылды. Қара күштің иесі болған бұлар ежелде аты шыққан адамдар еді. 5 Ехоба адам баласының жер бетінде жасаған зұлымдығы орасан зор екенін және олардың есіл-дерті жамандық істеу екенін көрді. 6 Сонда Ехоба өзі жаратқан адамдарға қарап қынжылып, жүрегі ауырды. 7 Сондықтан Ехоба: “Мен жер бетінен өзім жаратқан адамдарды, олармен қоса малдарды, бауырымен жорғалаушылар мен аспандағы қанаттыларды құртамын. Өйткені өзім жаратқан адамдарға қарап қатты қынжыламын”,— деді. 8 Ал Нұхқа Ехоба ықыласын түсірді. 9 Нұх жөнінде: Нұх әділ кісі еді. Ол замандастарының арасында мінсіз болып, Құдай жолымен жүрді. 10 Нұхтың Шам, Хам, Япші деген үш ұлы болды. 11 Құдайдың көз алдында дүние бұзылған әрі зұлымдыққа толы еді. 12 Иә, Құдай дүниенің әбден бүлінгенін көрді. Себебі жер бетіндегі пенде атаулы азғын жолға түскен болатын. 13 Сонда Құдай Нұхқа мынаны айтты: “Мен бүкіл тіршілік атаулыны жоюды ұйғардым, өйткені адамдардың кесірінен жер беті зұлымдыққа толды. Сондықтан оларды құртып, жерді тып-типыл етемін. 14 Сен шайырлы ағаштан кеме соқ. Оның ішіне бөлмелер жасап, іші-сыртын қарамаймен сыла. 15 Оны былай жаса: ұзындығы 300, ені 50, биіктігі 30 шынтақ болсын. 16 Ал ішіне жарық түсіп тұру үшін, шатырдың астынан биіктігі бір шынтақ етіп терезе жаса. Есігін бүйірінен шығар, сондай-ақ кеменің төменгі, ортаңғы және жоғарғы қабаты болсын.
27 қаңтар—2 ақпан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 9—11
“Жер бетіндегі күллі адамзат бір тілде сөйледі”
(Мұсаның 1-жазбасы 11:1—4) Жер бетіндегі күллі адамзат бір тілде сөйлеп, бірдей сөздерді қолданды. 2 Олар шығысқа қарай көше отырып, Шинар өлкесінде бір кең аңғарды көріп, сол жерге қоныс тепті. 3 Содан олар бір-біріне: “Келіңдер, кірпіш жасап, оны отқа күйдірейік”,— десті. Сөйтіп, олар тас орнына кірпіш, ал кірпішті қалау үшін қоспа ретінде қарамай қолданды. 4 Сосын олар: “Келіңдер, өзімізге қала және төбесі көкке жететін мұнара соғып алайық. Осылайша атымызды шығарамыз, әрі жердің түкпір-түкпіріне тарап кетпейміз”,— деді.
it-1 239-б.
Ұлы Бабыл
Ежелгі Бабылдың сипаттамасы. Шинар жеріндегі Бабыл қаласының негізінің қалануы мен Бабыл мұнарасының салына бастауы бір уақытқа сай келеді (М1ж 11:2—9). Бұл мұнара мен қаланы салушылардың басты мақсаты Құдайдың атын ұлықтау емес, өздерінің “атын шығару” еді. Ежелгі Бабылдың үйіндісінен ғана емес, Месопотамия өлкесінің басқа жерлерінен де зиккурат-мұнаралар табылған. Соған қарағанда, пішіні мен стилі қандай болмасын, Бабыл мұнарасы негізінен діни сипаттағы мұнара болған. Ехоба бірден іске кірісіп, Бабылдағы ғибадатқа арналған осы мұнараның құрылысын тоқтатты. Осыдан көрінетіндей, Ехоба бұл қаланы жалған дінге бастама бергені үшін айыптады. Қалаға берілген Бабыл деген еврейше атаудың мағынасы “шатасу”, ал шумер тіліндегі (“Кадингирра”) және аккад тіліндегі (“Бабилу”) атаулардың екеуі де “Құдайдың қақпасы” дегенді білдіреді. Осылайша қалада қалған тұрғындар қаланың айыпталғанын білдіретін бастапқы атауынан құтылу үшін қаланың атауын өзгерткен. Алайда жаңа атаулары бәрібір қаланың дінмен байланысты болғанын көрсеткен.
it-2 202-б., 2-абз.
Тіл
Мұсаның 1-жазбасында Топан судан кейінгі адамзаттың бір бөлігі бірігіп, Құдайдың Нұх пен оның ұлдарына айтқан еркіне қарсы құрылыс жобасын бастағаны айтылады (М1ж 9:1). Олар жер бетіне таралып, оны “толтырудың” орнына, адамзат қоғамын бір жерге шоғырландырып, Месопотамияның кейіннен Шинар деп аталған жеріне тұрақтауды шешті. Сондай-ақ олар бұл жерді діни мұнарасы бар діни орталыққа айналдырмақшы болған көрінеді (М1ж 11:2—4).
(Мұсаның 1-жазбасы 11:6—8) Сонда Ехоба былай деді: “Бір тілде сөйлейтін біртұтас халық болғандықтан, бұлардың не істеп жатқанын қарашы. Енді олар ойларына не алса, соны істемей тынбайды. 7 Төмен түсіп, олар бір-бірін түсінбес үшін тілін шатастырып жіберейік”. 8 Сөйтіп, Ехоба оларды бүкіл жер бетіне бытыратып жіберді. Осылай қала құрылысы тоқтады.
it-2 202-б., 3-абз.
Тіл
Құдіреті шексіз Құдай адамдардың бірлесе атқармақшы болған өзімшіл әрекетіне тосқауыл қою үшін олардың тілін шатастырып жіберді. Олар құрылыстарын жалғастыра алмай қалды, сөйтіп, әлемнің әр бұрышына бытырап кетті. Сондай-ақ тілдің шатастырылуы болашақта да Құдайға қарсы жасалатын бұрыс әрекеттерге кедергі жасап, бәсеңдетпек еді. Өйткені оларға ақыл-ойлары мен күштерін бір мақсатқа жұмылдыру қиын болар еді әрі пайда болған тіл топтарындағы Құдайдан емес, адами тәжірибе мен ізденістен келген білімді бір бағытта қолдану да қиындар еді (Уғ 7:29; М5ж 32:5 салыстырыңыз). Демек, тілдердің шатасуы адамзат қоғамына бөлінушілік әкелгенімен, негізінде пайдасын тигізді, өйткені бұл олардың қауіпті әрі зиянды мақсаттарға жетуін тежеп отырды (М1ж 11:5—9; Иш 8:9, 10-мен салыстырыңыз). Бүгінде адамдар көп білімге ие, бірақ сол білімді сорақы істерге бағыттап келеді. Осыны ойлаған кезде бір жайтты түсінуге болады: Бабылдағы құрылыс тоқтатылмағанда, адамдар зұлымдыққа толы білімін молайтып, әрі қарай да жаман істер жасайтынын Құдай алдын ала көре білген.
(Мұсаның 1-жазбасы 11:9) Сондықтан да бұл қала Бабыл деп аталды. Өйткені Ехоба жер бетіндегі адамдардың тілін шатастырған еді, әрі Ехоба оларды сол жерден бүкіл шартарапқа бытыратып жіберген болатын.
it-2 472-б.
Халықтар
Адамдар бір-бірін түсінбей бөлініп кеткендіктен, әрбір тіл тобының өз ерекшеліктері, мәдениеті, өнері, әдет-ғұрпы мен діні пайда болды (М3ж 18:3). Құдайдан алыстап кеткендіктен, түрлі халықтар өздеріне ойдан шығарылған көптеген құдайлардың мүсіндерін жасап алды (М5ж 12:30; П2ж 17:29, 33).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 1-жазбасы 9:20—22) Нұх диқаншылықпен айналысып, жүзім өсірді. 21 Бірде ол шарап ішіп, мас болып, шатырында жалаңаш жатты. 22 Қанаханның әкесі Хам өз әкесінің жалаңаш денесін көріп, сыртта жүрген екі бауырына айтып барды.
(Мұсаның 1-жазбасы 9:24, 25) Нұх мастығы тарқағанда, ең кіші ұлының өзіне не істегенін білді. 25 Сонда ол: “Қанаханды қарғыс атсын! Бауырларының ең бейшара құлына айналсын!”— деді.
it-1 1023-б., 4-абз.
Хам
Болған жағдайға Қанахан тікелей қатысты болып, ал әкесі Хам оны түзетпеген болуы мүмкін. Немесе Нұх рухтың жетелеуімен пайғамбарлық сөздер айтып, Хамның жамандыққа деген бейімділігі (бұл оның ұлы Қанаханның бойынан да әлдеқашан байқалған болса керек) Қанаханның ұрпағына өтетінін алдын ала айтқан. Шамнан таралған исраилдіктер қанахандықтарды жаулап алғанда, бұл қарғыс сөздердің біршама бөлігі орындалды. Ал жойылмай қалғандар (мысалы, гибеондықтар [Еш 9]) Исраилге құл болды. Ғасырлар өте Хамның ұлы Қанаханнан таралған ұрпақ Мидо-Персия, Грекия, Рим деген Япшіден шыққан дүниежүзілік державаларға бағынышты болғанда, бұл қарғыс сөздер әрі қарай да орындала берді.
(Мұсаның 1-жазбасы 10:9, 10) Нымрод Ехобаға қарсы шыққан мықты аңшы болды. Міне, содан “Ехобаға қарсы шыққан мықты аңшы Нымродтай” деген сөз қалған. 10 Оның патшалығы Шинар жеріндегі Бабыл, Ерех, Аққат және Қалнадан басталды.
it-2 503-б.
Нымрод
Нымродтың патшалығы Шинар жеріндегі Бабыл, Ерех, Аққат және Қална қалаларынан басталған (М1ж 10:10). Сондықтан Бабыл мен ондағы мұнараның құрылысына бастама берген осы Нымрод болған көрінеді. Яһуди халқы да бұрыннан осылай ойлап келген. Иосиф Флавий былай деп жазған: “[Нымрод] бірте-бірте жағдайды өзгертіп, қатал үстемшілдік орнатты, өйткені ол адамдарды өз күшіме тәуелді етіп, уысымнан шығармасам ғана оларды Құдай алдындағы қорқыныштан арылта аламын деп ойлаған. Сондай-ақ егер Құдай жер бетіне қайтадан топан су қаптататын болса, кек қайтаратынын айтқан. Себебі ол су деңгейі жетпейтіндей биік мұнара соғып, ата-бабаларының жойылып кеткені үшін өш алмақшы болған. Жұрт оның “мұнара соғайық” деген ұсынысына қуана құлақ асты, әрі Құдайға бағынуды құл болумен тең көрді. Содан олар мұнара соғуға кірісіп, ол ешкім ойламаған қарқынмен бой көтере бастады” (“Jewish Antiquities” І, 114, 115).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 1-жазбасы 10:6—32) Хамның ұлдары: Құш, Мысырайым, Пут және Қанахан. 7 Құштың ұлдары: Себа, Хабила, Сапта, Рахама және Саптеха. Рахамадан Шеба және Дедан туылды. 8 Құштан Нымрод туылды. Ол жер бетіндегі алғашқы айбарлы адам еді. 9 Нымрод Ехобаға қарсы шыққан мықты аңшы болды. Міне, содан “Ехобаға қарсы шыққан мықты аңшы Нымродтай” деген сөз қалған. 10 Оның патшалығы Шинар жеріндегі Бабыл, Ерех, Аққат және Қалнадан басталды. 11 Сол жерден ол Ассирияға барып, Ниневия, Рехобот-Ир, Қалах деген қалаларды соқты. 12 Сондай-ақ Ниневия мен Қалахтың арасына Ресен қаласын тұрғызды. Бұл үлкен қала еді. 13 Мысырайымнан туылған мыналар: Лудим, Анамим, Лехабим, Нафтухим, 14 Патрусим, Қаслухим (одан філістірлер тараған) және Қапторим. 15 Қанаханнан тұңғыш ұлы Сидон, кейін Хет туылды. 16 Сондай-ақ одан мыналар тарады: ебустіктер, аморлықтар, гергестіктер, 17 хевтіктер, аркілер және синдер, 18 арвадтықтар, семарлар, хаматтықтар. Кейін Қанахан әулеттері жан-жаққа тарап кетті. 19 Қанахандықтардың шегарасы Сидоннан Газаның маңындағы Герарға дейін, Содом, Ғомора, Адма және Лашаның маңындағы Зебоимға дейін созылып жатты. 20 Бұлар әулетіне, тіліне, мекеніне, ұлтына қарай бөлінген Хамның ұлдары. 21 Ағайындылардың ең үлкені Япшінің інісі Шамнан да ұрпақ тарады. Ол Ебер ұлдарының арғы атасы болған. 22 Шамның ұлдары: Елам, Ашшур, Арпақсат, Луд және Арам. 23 Арамның ұлдары: Ұз, Хұл, Гетер және Маш. 24 Арпақсаттан Шелах, Шелахтан Ебер туылды. 25 Ебердің екі ұлы болды. Бірінің аты — Пелек, өйткені соның күндерінде жер бөлінген еді. Ал екіншісінің аты — Жоқтан. 26 Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хазармабет, Жерах, 27 Хадорам, Ұзал, Диқла, 28 Обал, Әбімәйіл, Шеба, 29 Опыр, Хабила және Жобаб туылды. Бұлардың бәрі Жоқтанның ұлдары. 30 Олардың мекені Мешадан бастап Шығыстың таулы өңірі Сефарға дейін созылып жатты. 31 Міне, осылар әулетіне, тіліне, мекеніне, ұлтына қарай бөлінген Шамның ұлдары. 32 Бұлар Нұхтың ұлдарынан тегіне және ұлтына қарай тараған әулеттер. Топан судан кейін жер бетіне тараған халықтар солардан шыққан.