-
Құдай Патшалығы деген не?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
7. Құдай Патшалығының заңдары әлдеқайда жақсы
Үкіметтер азаматтарының пайдасына асатын, оларды қорғайтын заңдар шығарып жатады. Құдай Патшалығы да өз азаматтары үшін заңдар орнатқан. Қорынттықтарға 1-хат 6:9—11 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Қалай ойлайсыз, адамдардың бәрі Құдайдың заң-талаптарына сай жүріп-тұрса, өмір қандай болады?a
Патшалықтың азаматтары осы заң-талаптарды орындайды деп күтуге Ехобаның құқы бар ма? Неге?
Осы заң-талаптармен жүрмейтін адамдар өзгере алатыны неден көрінеді? (11-тармақты қараңыз.)
-
-
Жыныстық қатынас жайлы Киелі кітапта не айтылған?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
41-САБАҚ
Жыныстық қатынас жайлы Киелі кітапта не айтылған?
Көп адам жыныстық қатынас туралы сөйлесуге ыңғайсызданады. Ал Киелі кітап бұл жайында ашық, бірақ қадірін түсірмей айтады. Онда айтылғандар біз үшін пайдалы, себебі Киелі кітапты жаздырған — біздің Жаратушымыз Ехоба ғой. Ол біз үшін ненің жақсы екенін біледі. Сондықтан оның көңілінен шығу үшін әрі өмірдің қызығын мәңгі көру үшін не істеуіміз керектігін тек ол ғана айта алады.
1. Ехоба жыныстық қатынас туралы не ойлайды?
Жыныстық қатынасты Ехобадан келген сый деуге болады. Ол төсек қатынасы некеде тұрған күйеу мен әйелге қуаныш сыйласа екен дейді. Бұл сый дүниеге тек бала әкелу үшін ғана емес, ерлі-зайыптының бір-біріне деген махаббаты мен нәзік сезімдерін білдіру үшін де берілген. Сондықтан Құдай Сөзінде: “Жастай қосылған қосағыңнан қуаныш тап”,— деп айтылған (Нақыл сөздер 5:18, 19). Ехоба некедегі мәсіхшілер бір-біріне адал жар болады деп күтеді. Сол себептен олар ешқашан бір-бірінің көзіне шөп салмау керек (Еврейлерге 13:4 оқыңыз).
2. Жыныстық азғындық деген не?
Киелі кітапта: “Азғындар... Құдай Патшалығын мұра етпейді”,— делінген (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10). Киелі кітапты грек тілінде жазған адамдар азғындық немесе жыныстық өнегесіздік туралы айтқанда, “порниа” сөзін қолданған. Бұл сөз нені білдіреді? 1) Ерлі-зайыпты емес адамдардың арасындағы жыныстық қатынастыa, 2) гомосексуализмді, 3) малмен жыныстық қатынаста болуды білдіреді. Біз “азғындықтан аулақ болсақ”, Ехобаны қуантамыз әрі өзіміз де соның игілігін көреміз (Салоникалықтарға 1-хат 4:3).
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Жыныстық азғындықтан қалай аулақ бола алатынымызды және осы жағынан таза болғанымыз бізге қандай пайдасын тигізетінін қарастырайық.
3. Жыныстық азғындықтан қашыңыз
Жүсіп деген адал ер кісіні бір әйел төсектес болуға көндіргісі келді. Бірақ Жүсіп оған тойтарыс берді. Мұсаның 1-жазбасы 39:1—12 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Жүсіп не себепті қаша жөнелді? (9-тармақты қараңыз).
Жүсіп дұрыс істеді деп ойлайсыз ба? Неге?
Бүгінде жастар Жүсіпке еліктеп, қалай азғындықтан қаша алады? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.
Ехоба бәріміздің де азғындықтан бас тартқанымызды қалайды. Қорынттықтарға 1-хат 6:18 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Адамның азғындыққа баруына қандай жағдайлар түрткі болуы мүмкін?
Сіз азғындықтан қалай аулақ бола аласыз?
4. Сіз азғыруға қарсы тұра аласыз
Азғындық жасауға азғырылғанда, неге оған қарсы тұру кейде қиын болуы мүмкін? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:
Бейнероликтегі ер бауырлас ойлары мен әрекеттері әйеліне адал болмауға ауып бара жатқанын сезгенде, не істеді?
Кейде тіпті адал мәсіхшілердің өзіне ойын таза сақтау қиын болып жатады. Сізге азғын ойларға берілмеуге не көмектеседі? Філіпіліктерге 4:8 оқып, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:
Біз қандай нәрселер жайында ойлануымыз керек?
Киелі кітапты оқығанымыз және Ехобаның ісінде белсенді болғанымыз күнәға азғырылмауға қалай көмектеседі?
5. Ехобаның нормалары бізді қорғайды
Ехоба біз үшін ненің жақсы болатынын біледі. Ол бізге моральдық тазалықты қалай сақтай алатынымызды және соның қандай игілігін көретінімізді айтады. Нақыл сөздер 7:7—27 оқып немесе БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Жас жігіт қалай азғырылатын жағдайға тап болды? (Нақыл сөздер 7:8, 9 қараңыз).
Нақыл сөздер 7:23, 26-ға сай, жыныстық азғындықтың ащы салдары бар. Моральдық тазалық сақтасақ, қандай қиындықтарға ұшырап қалмаймыз?
Моральдық жағынан таза болғанымыз өмірдің қызығын мәңгі көруге қалай көмектеседі?
Киелі кітапта гомосексуализмге тыйым салынғаны кейбіреулер үшін қатыгездік болып көрінеді. Бірақ сүйіспеншілігі мол Ехоба әрбір адамның мәңгі жасағанын қалайды. Бұл үшін біз оның нормаларын ұстанып өмір сүруіміз керек. Қорынттықтарға 1-хат 6:9—11 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Құдайдың көзінде тек гомосексуалды қалаулар ғана дұрыс емес пе?
Құдайға ұнау үшін бәрімізге қандай да бір өзгерістер жасау қажет. Бірақ бұл соған тұра ма? Зәбүр 19:8, 11 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:
Сіздіңше, Ехобаның моральдық нормалары ақылға қонымды ма? Неге олай ойлайсыз?
КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Бір-бірін сүйіп тұрса, екі адамның төсектес болғанының несі жаман?!”
Сіз бұған не дейсіз?
ТҮЙІНДЕМЕ
Жыныстық қатынас — Ехобаның ерлі-зайыптыларға қуаныш әкелсін деп берген сыйы.
Қайталау
Жыныстық азғындыққа не кіреді?
Жыныстық азғындықтан аулақ болуға бізге не көмектеседі?
Ехобаның моральдық нормаларын ұстансақ, қандай пайдасын көреміз?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Ер адам мен әйелдің заңды некелескені неге Құдай үшін маңызды екенін оқып көріңіз.
“Некелеспей бірге тұру жайлы Киелі кітапта не айтылған?” (jw.org сайтындағы мақала)
Киелі кітап гомосексуализмнің өзін құптамаса да, ондай адамдарды жек көруге үйретпейді. Неге екенін оқып біліңіз.
“Гомосексуализмге деген көзқарасым қандай болу керек?” (jw.org сайтындағы мақала)
Құдайдың жыныстық қатынасқа қатысты заңдары бізді қалай қорғайтынын біліңіз.
“Олар маған құрметпен қарады” деген өмірбаянында кезінде гомосексуал болған бір ер кісінің Құдайға бет бұрып, өзгеруіне не түрткі болғанын оқып көріңіз.
“Киелі кітап адам өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы” (ор.), 1 сәуір, 2011)
a Сонымен қатар бұл оральды және анальды секс және нәпсісін қоздыру үшін біреудің жыныс мүшесін сипалау сияқты әртүрлі әрекеттерді де білдіреді.
-
-
Киелі кітапта ішімдік туралы не айтылған?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
43-САБАҚ
Киелі кітапта ішімдік туралы не айтылған?
Әр елде тұратын адамдардың ішімдік ішуге қатысты көзқарасы әртүрлі. Кейбіреулер достарымен бас қосқанда ішсе, біреулер ішімдікті мүлдем аузына алмайды. Ал тағы басқалары мас болып қалғанша ішеді. Ал Киелі кітапта ішімдікке қатысты не айтылған?
1. Ішімдік ішуге бола ма?
Киелі кітапта ішімдік ішуге болмайды деп айтылмаған. Қайта, Құдайдың бізге берген игі сыйларының ішінде “пенденің жүрегін қуантар шарап” та бар екені айтылған (Зәбүр 104:14, 15). Сондай-ақ Киелі жазбаларда Құдайға адал болған кейбір ер мен әйелдердің де ішімдік ішкені айтылады (Тімөтеге 1-хат 5:23).
2. Киелі кітапта ішуге қатысты қандай кеңес айтылған?
Ехоба көп ішуді, мас болуды айыптайды (Ғалаттықтарға 5:21). Оның Сөзінде былай делінген: “Шарап ішкіштердің арасында болма” (Нақыл сөздер 23:20). Сондықтан өзгелермен я өзіміз жалғыз ішетін болсақ, ес жоғалтпайтындай, сөзіміз бен әрекетімізді қадағалайтындай және денсаулығымызға зиян келтірмейтіндей мөлшерде ішкен жөн. Ал өзімізді тоқтата алмасақ, онда ішімдіктен толықтай бас тартқанымыз дұрыс болар.
3. Басқалардың ішімдікке қатысты шешімін қалай құрметтей аламыз?
Спирттік ішімдіктерді іше ме, ішпей ме — әркім өзі шешуі тиіс. Орынды мөлшермен ішетін адамды біз айыптамауымыз қажет. Ал ішпеймін деп тұрған адамды “іш-іш” деп күштемеуіміз керек (Римдіктерге 14:10). Біздің ішкеніміз басқаларға қиындық тудырып жатса, онда ішпей-ақ қоя саламыз (Римдіктерге 14:21 оқыңыз). Неге десеңіз, біз “өзіміздің емес, өзгенің игілігін ойлаймыз” (Қорынттықтарға 1-хат 10:23, 24 оқыңыз).
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Сізге ішу-ішпеуді, ал ішуді ұйғарған жағдайда қанша ішетініңізді анықтауға көмектесетін Киелі кітап принциптерін қарастырайық. Сондай-ақ ішкілікпен күресіп жүрсеңіз, сізге не көмектесетінін білейік.
4. Ішу-ішпеуді анықтаңыз
Иса ішімдік ішуге қатысты қандай ойда болған? Жауабын білу үшін оның жасаған ең бірінші кереметін қарастырайық. Жохан 2:1—11 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Осы кереметтен көрінетіндей, Иса ішімдікке және ішетін адамдарға қалай қараған?
Иса ішімдік ішуді айыптамаған болса, мәсіхші біреудің ішкеніне қалай қарау керек?
Бірақ мәсіхшіге ішуге болады екен деп, әрдайым іше бергені жөн болмас еді. Нақыл сөздер 22:3 оқып, келесі жағдайларда ішу керек пе, жоқ па — соны қарастырыңыздар:
көлік жүргізетін я техникамен жұмыс істейтін болсаңыз;
аяғыңыз ауыр болса;
дәрігер ішпе деп кеңес айтқан болса;
ішкенде өз-өзіңізді тоқтату қиын болса;
мемлекеттің заңы бойынша сізге ішуге тыйым салынса;
кезінде ішкілікпен күресіп, қазір мүлдем ішпеуді шешкен адамның қасында болсаңыз.
Тойларда не басқа да отырыстарда ішімдік қою керек пе? Дұрыс шешімге келу үшін, БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.
Римдіктерге 13:13 және Қорынттықтарға 1-хат 10:31, 32 оқыңыздар. Әр тармақты оқып болған соң, мына сұрақты талқылаңыздар:
Осы принцип сізге Ехобаға жағатын шешім қабылдауға қалай көмектеседі?
5. Қанша ішетініңізді шешіңіз
Алкогольді ішімдікті ішемін деп шешсеңіз, онда мынаны есте ұстаңыз: Ехоба ішудің өзін айыптамағанмен, тым көп ішуді айыптайды. Неге? Ошия 4:11, 18 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:
Адам тым көп ішіп қойса, не болуы мүмкін?
Бізге артық ішіп қоймауға не көмектеседі? Біз өз-өзімізге тым сенімді болмай, шамамызды білуіміз керек. Нақыл сөздер 11:2 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
Қанша ішетініңіздің мөлшерін нақты белгілеп қою неге жақсы болар еді?
6. Ішкілікпен күресіңіз
Бір ер кісіге ішкілігін қоюға не көмектескенін біліңіз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:
Ішкен кезде Дмитрий қандай болып кететін?
Ол ішуді бірден қоя алды ма?
Ішімдікке тәуелділігін ол ақырында қалай жеңді?
Қорынттықтарға 1-хат 6:10, 11 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Киелі кітапта маскүнемдікке қатысты не айтылған?
Ішкіш адамның өзгере алатынын қайдан білеміз?
Матай 5:30 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
Бұл жерде “қолыңды шауып таста” деген Ехобаға ұнау үшін бір нәрседен бас тарту керек дегенді білдіреді. Ішкілікпен күресіп жүрсеңіз, сіз не істей аласыз?a
Қорынттықтарға 1-хат 15:33 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Тым көп ішетіндермен араласатын болсаңыз, бұның қандай салдары болуы мүмкін?
БІРЕУ СҰРАСА: “Ішуге болмай ма?”
Сіз қалай жауап берер едіңіз?
ТҮЙІНДЕМЕ
Ехоба ішімдікті көңілімізді сергіту үшін берген, бірақ ол тым көп ішуді, мас болуды айыптайды.
Қайталау
Киелі кітапта ішімдікке қатысты не айтылған?
Тым көп ішудің қандай зияны бар?
Біреудің ішу-ішпеуге қатысты шешімін қалай құрметтей аламыз?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Ішімдікке қатысты дұрыс шешімге келуге жастарға не көмектеседі?
Ішкілікті қалай жеңуге болатынын оқып көріңіз.
“Алкогольді ішімдікке қатысты дұрыс көзқарас” (“Күзет мұнарасы”, 1 қаңтар, 2010)
Мәсіхшілерге тост көтеруге бола ма?
“Оқырмандардың сауалдары” (“Күзет мұнарасы” (ор.), 15 ақпан, 2007)
“Достарымның бірі мені түпсіз құдық деп атады” деген өмірбаянында бір ер адам ішуін қалай қойғанын айтып береді.
“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы”, 1 шілде, 2012)
a Ішімдікке тәуелді адамдарға мамандардың көмегі қажет болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, ішкілікпен күресіп жүргендерге мүлдем ішпеген дұрыс.
-
-
Ауыр күнә жасағанда не істеген жөн?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
Біз Ехобаны бар жанымызбен жақсы көретіндіктен, оның жүрегін ауыртатын ештеңе жасамауға тырысамыз. Бірақ қанша тырыссақ та, кейде пендешілікпен қателіктер жасап қоямыз. Алайда кейбір қателіктер өте ауыр күнә болып саналады (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10). Ауыр күнә жасап қойған жағдайда мынаны ұмытпаңыз: Ехоба сізді бәрібір жақсы көреді. Ол сізді кешіріп, шын жүректен көмектескісі келеді.
1. Ехоба бізді кешіру үшін не істеу керек?
Ехобаны жақсы көретіндер ауыр күнә жасап қойса, қатты қайғырады. Бірақ Ехобаның өз халқына берген мына бір уәдесі олардың көңілін жұбатады: “Күнәларың ал қызыл болса да, аппақ қардай етемін” (Ишая 1:18). Егер біз шын көңілден өкінетін болсақ, Ехоба бізді толықтай кешіреді. Жасаған күнәмізға өкінетінімізді қалай көрсете аламыз? Біз істеген ісімізге қатты опық жеп, енді оны қайталамаймыз және Ехобадан жалынып-жалбарынып кешірім сұраймыз. Сосын күнәға апарған теріс ойымызды өзгертуге немесе жаман әдеттерімізді тастауға аянбай күш саламыз, сондай-ақ Ехобаның таза нормаларын ұстануға тырысамыз (Ишая 55:6, 7 оқыңыз).
2. Күнә жасап қойғанда, Ехоба ақсақалдар арқылы бізге қалай көмектеседі?
Біз ауыр күнә жасап қойсақ, Ехоба “қауым ақсақалдарын шақырыңдар” деп кеңес береді (Жақып 5:14, 15 оқыңыз). Арнайы тағайындалған бұл кісілер Ехобаны және оның әрбір қойын жақсы көреді. Олар Ехобамен достық қарым-қатынасымызды қалай қалпына келтіру керектігін біледі (Ғалаттықтарға 6:1).
Ауыр күнә жасап қойғанда, олар бізге қалай көмектеседі? Екі не үш ақсақал бізбен сөйлесіп, істегеніміз неге дұрыс болмағанын Киелі жазбалардан көрсетіп береді. Сондай-ақ күнәмізді қайталап қоймас үшін, олар бізге қажетті, пайдалы ақыл-кеңестер береді. Ал егер адам жасаған ауыр күнәсі үшін өкінбейтін болса, онда ақсақалдар оны қауымнан аластатады. Бұл қауымдағы бауырластарды сол адамның зиянды ықпалынан қорғайды.
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Күнә жасап қойғанда, Ехобаның бізге қалай көмектесетінін түсініп, соған алғысымызды арттырайық.
3. Күнәсін мойындаған рухани сауығады
Кез келген күнә Ехобаның жанын жаралайтындықтан, біз күнәмізді оның алдында мойындауымыз керек. Зәбүр 32:1—5 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Күнәмізді Ехобадан жасырғаннан гөрі неге оны ашық айтып, мойындаған дұрыс?
Ехобаның алдында мойындаған соң, күнәмізді ақсақалдарға да айтқанымыз өзімізге жақсы. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
Ақсақалдар Кэнонға Ехобаға қайта оралуға қалай көмектесті?
Біз ақсақалдарға еш нәрсені бүкпей, ашық айтуымыз керек. Өйткені олар бізге көмектесу үшін жүр. Жақып 5:16 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
Еш нәрсені жасырмай, ашық айтқанымыз ақсақалдардың жұмысын қалай жеңілдетеді?
4. Ехоба күнә жасаған адамға мейірімділік танытады
Адам ауыр күнә жасап, Ехобаның нормалары бойынша өмір сүруден бас тартса, ол қауымнан аластатылады. Біз ондай адаммен араласпаймыз. Қорынттықтарға 1-хат 5:6, 11 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады. Осы мысалдан көрінетіндей, күнәсіна өкінбейтін бір адам бүкіл қауымға қалай ықпал етуі мүмкін?
Ақсақалдар Ехобаның кемелсіз күнәкарларға танытатын мейірімділігіне еліктеп, қауымнан аластатылған адамдарға көмек көрсетеді. Олардың көбісі қауымға қайта оралып жатады. Неге? Өйткені мұндай жөнге салу адамға қанша ауыр тисе де, оған күнәсін түсініп, есін жиюға көмектеседі (Зәбүр 141:5).
Ехобаның күнә жасаған адамға қалай қарайтынынан неге оны есті, мейірімді әрі сүюші дей аламыз?
5. Біз өкінгенде, Ехоба кешіреді
Адам өкінгенде Ехоба қандай сезімде болатынын түсіндіру үшін, Иса бір мысал айтқан. Лұқа 15:1—7 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Осы мысалдан Ехоба жайлы не білдіңіз?
Езекиел 33:11 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
Шынымен өкінгенімізді көрсету үшін қандай маңызды қадамды істеген жөн?
КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Ақсақалдарға күнәмді айтсам, олар мені қауымнан аластатып жіберсе қайтем?!”
Осылай ойлайтын адамға не дер едіңіз?
ТҮЙІНДЕМЕ
Біз ауыр күнә жасап қойып, бірақ шын жүректен өкінсек және сол жаман ісімізді қайталамауға бекінсек, Ехоба бізді кешіреді.
Қайталау
Күнәмізді неге Ехобаның алдында мойындағанымыз дұрыс?
Күнәміз кешірілу үшін не істеуіміз керек?
Ауыр күнә жасағанда, неге ақсақалдарға баруымыз қажет?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Ишая 1:18-де сипатталған Ехобаның мейірімділігін бір ер адам өз өмірінде қалай сезінгенін көріңіз.
Ауыр күнә жасаған адамға ақсақалдар қалай көмектеседі?
“Сүюші ақсақалдар күнә жасаған адамға мейіріммен қарайды” (“Күзет мұнарасы”, тамыз, 2024)
Күнәсіна өкінбеген адамға қалай сүйіспеншілік пен мейірімділік танытылатынын біліңіз.
“Ақсақалдар қауымнан аластатылған адамға көмек көрсетеді” (“Күзет мұнарасы”, тамыз, 2024)
Шындықтан кетіп қалған бір кісі неге Ехобаға оралуды шешкенін “Мен Ехобаға қайта оралуды шештім” деген оның өмірбаянынан біліңіз.
“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы”, 1 сәуір, 2012)
-