-
Сынақтарда қуанышты болып қалыңызКүзет мұнарасы (зерттеуге арналған). 2021 | ақпан
-
-
2 Негізі, қуғын-сүргін адамды қуантпайды. Бірақ Құдай Сөзі бізді қиындық кезінде қуануға шақырады. Шәкірт Жақып сынақтарға ұшырағанда шарасыз күй кешудің орнына, қуануымыз керектігін айтқан (Жақ. 1:2; 5:11). Иса да біздің қуғын-сүргінге қарамастан бақытты болуымыз керектігін айтқан (Матай 5:11 оқыңыз). Бірақ қиындық кезінде қалай бақытты болып қалуға болады? Бұл сұрақтың жауабын алу үшін, Жақыптың ертедегі мәсіхшілерге жазған кеңестерін қарастырайық. Бірақ алдымен ертедегі мәсіхшілер қандай сынақтарға кезіккенін көрейік.
I ҒАСЫРДАҒЫ МӘСІХШІЛЕР ҚАНДАЙ СЫНАҚТАРҒА КЕЗІККЕН?
3. Жақып шәкірт болғаннан кейін көп ұзамай не болды?
3 Исаның бауыры Жақып шәкірт болғаннан кейін көп ұзамай Иерусалимдегі мәсіхшілер қатты қуғын көре бастады (Ел. іс. 1:14; 5:17, 18). Шәкірт Степанның өлімінен кейін, Иерусалимдегі мәсіхшілер қаладан қашып, “Яһудея мен Самария аймағына бытырап кетті”, тіпті сонау Кипр мен Антиохияға дейін жетті (Ел. іс. 7:58—8:1; 11:19). Сол мәсіхшілердің қандай қиындық көргені айтпаса да түсінікті. Бірақ бұл мәсіхшілер жүрген жерлерінде ізгі хабарды құлшына уағыздап жүрді. Соның арқасында Рим империясы бойынша көптеген қауымдар құрылды (Пет. 1-х. 1:1). Алайда ертедегі мәсіхшілердің көрген қиындығы бұл ғана емес.
4. Ертедегі мәсіхшілер тағы қандай қиындықтар көрді?
4 I ғасырдағы мәсіхшілерге әртүрлі қиындықтарға төзуге тура келген. Шамамен б. з. 50 жылы Рим императоры Клауди бүкіл яһудилерге Римнен кетуді бұйырды. Сол кезде мәсіхші яһудилерге үй-жайларын тастап, жер-жерлерге көшіп кетуге тура келді (Ел. іс. 18:1—3). Ал шамамен 61 жылы елші Пауыл мәсіхшілердің жұрт алдында қорлық көргенін, түрмеге жабылғанын, дүние-мүліктерінің талан-таражға салынғанын жазған (Евр. 10:32—34). Мәсіхшілер барлық адамның басына түсетін қиындықтармен де кезікті. Олардың жоқшылық көріп, ауруға шалдыққан кездері де болды (Рим. 15:26; Філіп. 2:25—27).
-
-
Сынақтарда қуанышты болып қалыңызКүзет мұнарасы (зерттеуге арналған). 2021 | ақпан
-
-
6. Лұқа 6:22, 23-ке сай, мәсіхшілер неліктен сынақтарды қуанышпен қабылдау керек?
6 Адамдар жиі тек денсаулығым мықты болса, ақшам көп болса, отбасым бақытты болса ғана, қуанып өмір сүремін деп ойлайды. Бірақ Жақып осындай сыртқы жайттарға тәуелді қуаныш жайлы айтпаған. Ол айтқан қуаныш — Құдай рухы дарытатын қуаныш (Ғал. 5:22). Исаның үлгісіне еліктеп, Ехобаға ұнамды болып жүргендерін білгені мәсіхшілерге зор қуаныш сыйлайды (Лұқа 6:22, 23 оқыңыз; Қол. 1:10, 11). Ішіміздегі қуанышты шынылы майшамның ішінде жанып тұрған отқа теңеуге болады. Бұндай отты ешқандай жел де, жаңбыр да сөндіре алмайды. Біздің жүрегіміздегі қуанышты да өмірдегі ешқандай қиындық ұрлай алмайды. Денсаулықтың жоқтығы да, ақшаның жетіспеушілігі де, өзгелердің күлкі-мазағы да, туыстарымыздың қарсылығы да бізді қуаныштан айырмайды. Керісінше, бұндай жағдайлар қуанышымызды одан сайын жалындата түседі. Себебі сеніміміз үшін басымызға түскен сынақтар — Мәсіхтің шынайы шәкірті екеніміздің дәлелі (Мат. 10:22; 24:9; Жох. 15:20). Жақыптың: “Бауырластарым, әртүрлі сынақтарға ұшырағанда, бұны зор қуанышпен қабылдаңдар”,— деп жазғаны да осыдан (Жақ. 1:2).
-