22-ән
Ехоба менің Бағушым
(Зәбүр 23)
1. Менің Бағушым — Ехоба,
Енді алаң болмаймын.
Қойларын күнде күтіп-баптап,
Қамқорлайды әрбірін.
Тұнық суына жетелеп,
Жаныма жай береді.
Тура жолмен есімі үшін
Бастап алып жүреді.
Тура жолмен есімі үшін
Бастап алып жүреді.
2. Шатқалда жалғыз жүрсем де,
Түнектен қорықпаймын.
Бағушым қызғыштай қорғайды,
Алып аса таяғын.
Жағып басыма майынан,
Тостағанды толтырды.
Тасып мейірімі молынан,
Мәңгі үлесім болды.
Тасып мейірімі молынан,
Мәңгі үлесім болды.
3. Бағушым қандай рақымды!
Жыр арнап асқақтайын.
Қамқорлығын айтып момынға,
Отарға шақырайын.
Сөзін бұлжытпай орындап,
Жолында нық тұрайын.
Атқарып күнде қызметімді,
Қазынаға балайын.
Атқарып күнде қызметімді,
Қазынаға балайын.
(Зәб. 28:9; 80:1 қараңыз.)