-
Шежірелер 2-жазба 36:20, 21Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
20 Ал семсерден аман қалғандарды тұтқындап, Бабылға алып кетті+. Персия патшалығы орнағанша+, олар Бабыл патшасы мен оның ұлдарының қызметшісі болды+. 21 Осылай Еремия пайғамбар арқылы айтқан Ехобаның сөзі орындалып+, жер тынықпаған Демалыс күндерінің есесіне тынығып жатты+. Қаңырап жатқан кездің бәрінде, 70 жыл бойы+, жер тынығып жатты*.
-
-
Езра 1:1—3Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
1 Персия патшасы Кирдің+ билік құруының бірінші жылы, Ехобаның* Еремия пайғамбар арқылы айтқан сөзі+ орындалу үшін, Ехоба Персия патшасы Кирдің жүрегіне қозғау салды. Сонда ол келесі жарлықты бүкіл патшалығына жариялауды бұйырды, сондай-ақ оны жазғызып қойды+:
2 “Персияның патшасы Кир былай деп бұйырады: —Көктің Құдайы Ехоба маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды берді+ және Яһуда жеріндегі Иерусалимде өзіне арнап үй тұрғызуды тапсырды+. 3 Араларыңдағы оның халқына жататындар Яһуда жеріндегі Иерусалимге барсын да, тұрағы Иерусалимде болған* Исраил Құдайы Ехобаның — ол шынайы Құдай — үйін қайта соқсын. Сол жаққа баратын әркімге Құдайы жар болсын!
-