Аян
1 Бұл — Құдайдың өз құлдарына жуырда болатын жайттарды көрсету үшін+ Иса Мәсіхке берген аяны+. Иса болса оны періштесін жіберіп, құлы Жоханға+ белгілер арқылы көрсетті. 2 Ал Жохан Құдай сөзі және Иса Мәсіхтің куәлігі туралы, яғни көргендерінің бәрі туралы куәлік етті. 3 Осы пайғамбарлықтағы сөздерді дауыстап оқитын адам да, оны тыңдайтын әрі онда жазылғандарды орындайтындар да бақытты+, себебі белгіленген уақыт таяп қалды.
4 Жоханнан Азия* аймағындағы жеті қауымға+:
“Бұрын болған, қазір де бар әрі болашақта келетін”+, сондай-ақ оның тағының алдындағы жеті рух+ 5 және “Адал куәгер”+, “Өлімнен қайта тірілгендердің алғашқысы”+, “Жер бетіндегі патшалардың билеушісі”+ Иса Мәсіх сендерге рақымы мен тыныштығын сыйласын!
Ол бізді сүйеді+, өз қанымен күнәларымыздан арылтты+, 6 сондай-ақ бізді патша+ және өзінің Құдайы әрі Әкесінің діни қызметкерлері етті+. Ұлылық пен құдірет мәңгілік соған тиесілі! Аумин.
7 Міне, ол бұлттармен келеді+. Оны бәрі, оны түйрегендер де, өз көзімен көреді. Сонда жер бетіндегі ру атаулы зар еңіреп, көкіректерін ұрады+. Бұл сөзсіз орындалады. Аумин.
8 “Мен Альфа және Омегамын*+,— дейді Ехоба* Құдай.— Мен бұрын болған, қазір де бар әрі болашақта келетін Құдіреті шексіз Құдаймын+”.
9 Мен, Исаның ізбасары ретінде+ өздерің сияқты табандылық танытып+, қиындықтарға шыдап жүрген+, ал келешекте Патшалыққа үлестес болатын бауырластарың+ Жохан, Құдай жайлы айтып, Иса туралы куәлік еткенім үшін Патмос аралында болғанымда, 10 киелі рухтың әсерімен Иеміздің күніне апарылдым. Сонда ту сыртымнан былай деп жатқан керней үніне ұқсас зор дауысты естідім: 11 “Көргендеріңді шиыршыққа жазып, Ефес+, Смирна+, Пергам+, Тиатира+, Сард+, Филаделфи+ және Лаудикидегі+ жеті қауымға жібер”.
12 Кімнің сөйлеп тұрғанын көру үшін артыма бұрылып едім, жеті алтын шамдалды көрдім+. 13 Олардың арасында адам ұлына ұқсас+, ұзын көйлек киген, кеудесін алтын белбеумен орап алған біреу тұр екен. 14 Оның басындағы шашы аппақ қардай, көзі жалындаған оттай+, 15 аяғы пеште балқытылған таза мыстай+, даусы сарқырап аққан судың гүріліндей, 16 ал оң қолында жеті жұлдызы бар екен+. Аузынан екі жүзі де өткір ұзын семсер+ шығып тұрды, беті болса тал түсте жарқыраған күндей еді+. 17 Оны көргенде, мен өлі адамдай аяғына құлап түстім.
Сонда ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: “Қорықпа! Мен Алғашқы+ және Соңғымын+, 18 әрі тірімін+. Мен өлген едім+, ал енді мәңгі өмір сүріп жатырмын+. Менде өлім мен көрдің* кілттері бар+. 19 Сондықтан өзің көрген, қазір болып жатқан және бұдан кейін болатын жайттарды жазып қой. 20 Оң қолымнан өзің көрген жеті жұлдыздың және жеті алтын шамдалдың қасиетті құпиясы мынадай: жеті жұлдыз жеті қауымның хабаршыларын, ал жеті шамдал жеті қауымды білдіреді+.