Жохан
10 Иса былай деді: “Сендерге нағыз шындықты айтамын, кім қой қораға есіктен емес, басқа жерден кірсе, сол — ұры әрі тонаушы+. 2 Ал кім есіктен кірсе, қойдың бағушысы — сол+. 3 Қарауыл оған есік ашады+, ал қойлар оның даусына құлақ салады+. Бағушы өз қойларын атын атап шақырып, сыртқа шығарады. 4 Барлық қойын шығарған соң, олардың алдында жүріп отырады. Қойлары болса артынан ереді, өйткені оның даусын таниды. 5 Ал бөтен адамға ермей, одан қашады, себебі бөтендердің даусын танымайды”. 6 Иса оларға осы мысалды айтып берді, бірақ олар айтқандарының мәнін түсінбеді.
7 Сондықтан Иса тағы да былай деді: “Сендерге нағыз шындықты айтамын, мен қойлар кіретін есікпін+. 8 Менің атымды жамылып келгендердің бәрі — ұры әрі тонаушы. Алайда қойлар оларға құлақ асқан жоқ. 9 Мен есікпін. Мен арқылы кірген әркім құтқарылады, ол кіріп-шығады, әрі жайылым табады+. 10 Ұры тек ұрлап, сойып, құрту үшін ғана келеді+. Ал мен олар өмірге, мәңгілік өмірге, ие болсын деп келдім. 11 Мен ізгі бағушымын+. Ізгі бағушы қойлары үшін жанын қияды+. 12 Жалдамалы адам бағушы да, қойдың иесі де болмағандықтан, қасқыр келе жатқанын көрсе, қойды тастап, қаша жөнеледі. Қасқыр қойға шауып, оларды жан-жаққа бытыратып жібереді. 13 Ол — небәрі жалданушы ғана, сондықтан қойлардың қамын ойламайды. 14 Мен ізгі бағушымын. Әкем мені, мен Әкемді білетінімдей+, 15 мен қойларымды, қойларым мені біледі+. Мен қойларым үшін жанымды қиямын+.
16 Менің бұл қорадағыдан+ басқа да қойларым бар. Соларды да алып келуім керек, олар менің даусыма құлақ салады. Сонда бәрі бір бағушысы+ бар бір отар болады. 17 Әкем мені жақсы көреді+, себебі мен жанымды қиямын+. Мен оны қайтып алу үшін қиямын. 18 Жанымды ешкім менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Оны қиюға да, қайтып алуға да билігім бар+. Мұны маған Әкем өсиет еткен”.
19 Бұл сөздерден кейін яһудилер тағы да өзара жікке бөлініп кетті+. 20 Көпшілігі: “Оның бойында жын бар, есі дұрыс емес. Оны неге тыңдап тұрсыңдар?”— десе, 21 өзгелері: “Бұл — бойында жын бар адамның сөзі емес. Жын соқырлардың көзін аша ала ма?”— деп жатты.
22 Осы кезде Иерусалимде Бағыштау мейрамы* өтіп жатқан еді. Бұл қыс мезгілі болатын. 23 Иса ғибадатхананың Сүлеймен бағаналары деп аталатын жерінде+ жүргенде, 24 яһудилер оны қоршап алып: “Неге өзіңнің кім екеніңді айтпайсың? Мәсіх болсаң, ашығын айт!”— дей бастады. 25 Иса оларға былай деді: “Мен айттым, бірақ сендер сенбейсіңдер. Әкемнің атынан жасап жүрген істерім мен жайлы куәлік етеді+. 26 Бірақ сендер сенбейсіңдер, өйткені менің қойларым емессіңдер+. 27 Қойларым даусыма құлақ салады. Мен оларды білемін, олар соңымнан ереді+. 28 Қойларыма мәңгілік өмір беремін+. Олар ешқашан құрымайды, сондай-ақ оларды менің қолымнан ешкім тартып алмайды+. 29 Әкемнің маған берген қойлары бәрінен де бағалы. Ешкім оларды Әкемнің қолынан тартып ала алмайды+. 30 Әкем екеуміз бірліктеміз*+”.
31 Яһудилер тағы да тас алып, оны ұрмақ болды. 32 Сонда Иса: “Көз алдарыңда Әкем тапсырған көптеген игі істер жасадым. Солардың қайсысы үшін мені таспен ұрмақсыңдар?”— деді. 33 Олар болса: “Біз сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін таспен ұрмақпыз+. Сен адам бола тұра, өзіңді құдай етіп тұрсың”,— деді. 34 Исаның жауабы мынау болды: “Заңдарыңда* Құдайдың өзі “сендер құдайсыңдар*”+ деген емес пе? 35 Егер Құдай өзі айыптағандарды “құдайлар”+ деп атаса (ал Жазбаларды жоққа шығару мүмкін емес), 36 онда Әкемнің өзі қасиетті еткен әрі осы дүниеге жіберген мені “Құдай Ұлымын” дегенім үшін қалайша “оны қорлап жатырсың” дейсіңдер+? 37 Егер Әкемнің істерін істеп жатпасам, маған сенбей-ақ қойыңдар. 38 Ал істеп жатсам, өзіме сенбесеңдер де, істеген істерім арқылы сеніңдер+. Сонда Әкем менімен, мен Әкеммен бірлікте екенімді білесіңдер, әрі ұға түсесіңдер+”. 39 Олар Исаны тағы ұстап алмақ болды, бірақ ол ұстатпай кетіп қалды.
40 Бұдан кейін Иса қайтадан Иорданның арғы бетіне — бұрын Жақия шомылдыру рәсімін жасаған жерге+ — барып, сол жақта қалды. 41 Оған көп адам келіп, өзара: “Жақия ешқандай керемет жасамаса да, мына кісі туралы айтқандарының бәрі рас екен+”,— десті. 42 Сол жерде Исаға көпшілігі сенді.