Матай
17 Алты күннен кейін Иса Петірді, Жақып пен оның бауыры Жоханды ғана ертіп, бір биік тауға көтерілді+. 2 Сонда олардың алдында Исаның сырт көрінісі өзгеріске түсіп, бет әлпеті күндей жарқырады, киімі де жарқырап сәуле шашты+. 3 Кенеттен Мұса мен Ілияс пайда болып, онымен сөйлесіп тұрды. 4 Сонда Петір Исаға: “Ием, осында болғанымыз қандай жақсы! Қаласаңыз, біреуін сізге, біреуін Мұсаға, тағы біреуін Ілиясқа арнап үш күрке жасайын”,— деді. 5 Ол әлі сөйлеп тұрғанда, оларды бір нұрлы бұлт орап алып, арасынан: “Бұл — менің сүйікті Ұлым. Мен оған ризамын+! Оны тыңдаңдар+!”— деген дауыс шықты. 6 Мұны естіген шәкірттердің зәре-құты қалмай, етпеттерінен жерге жығыла кетті. 7 Сонда Иса қастарына келіп, қолын тигізіп: “Тұрыңдар, қорықпаңдар”,— деді. 8 Олар бастарын көтергенде, Исадан басқа ешкімді көрмеді. 9 Таудан түсіп келе жатқанда, Иса оларға: “Адам Ұлы өлімнен қайта тірілгенше, бұл көрініс туралы ешкімге тіс жармаңдар”,— деп бұйырды+.
10 Алайда шәкірттері: “Неге дін мұғалімдері алдымен Ілияс келу керек дейді?”+— деп сұрады. 11 Иса былай деп жауап берді: “Ілияс шынымен келіп, бәрін қалпына келтіреді+. 12 Алайда сендерге мынаны айтамын: Ілияс келді де, бірақ олар оны танымай, оған ойларына келгенін істеді+. Адам Ұлы да солардың қолынан зардап шекпек+”. 13 Сонда шәкірттері оның шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия туралы айтқанын түсінді.
14 Олар жиналған жұртқа таяп келгенде+, Исаның қасына бір кісі жақындап келді де, тізе бүгіп: 15 “Ием, менің ұлыма рақым ете көріңіз. Оның қояншығы бар, жағдайы нашар. Ол жиі отқа да, суға да құлайды+. 16 Оны шәкірттеріңізге әкелген едім, бірақ айықтыра алмады”,— деді. 17 Иса: “Ей, сенімі жоқ, бұзылған ұрпақ-ай+! Қашанға дейін қастарыңда болмақпын? Сендерге қанша төзбекпін? Әкеліңдер оны маған!”— деді. 18 Сөйтіп, жынға қатаң бұйырды. Сонда жын баланың бойынан шығып, ол сол сәтте сауығып кетті+. 19 Кейінірек шәкірттері оңашада Исаның қасына келіп: “Неге біз жынды қуып шығара алмадық?”— деп сұрады. 20 Ол: “Сенімдерің аз болғандықтан. Сендерге шындығын айтамын, егер қыша дәніндей сенімдерің болып, мына тауға: —Бұл жерден ана жерге көш,— десеңдер, ол көшеді. Қолдарыңнан келмейтін ештеңе де болмайды+”,— деді. 21 *——
22 Ғалилеяда бірге болған кезінде Иса оларға: “Адам Ұлы жауларының қолына ұсталып беріледі+. 23 Олар оны өлтіреді, бірақ ол үшінші күні қайта тіріледі+”,— деді. Сонда шәкірттері қатты жабырқады.
24 Бұдан кейін олар Қапарнаумға келді. Сол жерде ғибадатхана салығын* жинаушылар келіп, Петірден: “Ұстаздарың ғибадатхана салығын төлей ме+?”— деп сұрады. 25 Ол: “Иә”,— деп жауап берді. Алайда үйге кіргенде, Иса оның алдын орап: “Шимон, қалай ойлайсың, жер бетіндегі патшалар алым-салықты кімнен алады: өз ұлдарынан ба, әлде бөтендерден бе?”— деді. 26 Ол: “Бөтендерден”,— деп жауап қатты. Сонда Иса: “Демек, ұлдары салықтан босатылған. 27 Бірақ шу шықпас үшін+ теңізге бар да, қармақ сал. Ілінген алғашқы балықтың аузын ашсаң, күміс тиын* табасың. Соны алып, екеуміз үшін бере сал”,— деді.