Ишая
40 “Жұбатыңдар, менің халқымды жұбатыңдар!— дейді сендердің Құдайларың+.
2 —Иерусалимнің жүрегіне жылы тиетін сөздер айтыңдар,
Оған міндетті жұмысшы болған уақыты аяқталып,
Айыбының орны толғанын+ жариялаңдар.
Ехоба оған бар күнәсінің қарымтасын екі есе қайтарды+”.
3 Шөл далада біреу былай деп жар салып жатыр:
“Ехобаға жол даярлаңдар+!
Құла түз арқылы Құдайымызға тегіс етіп даңғыл жол+ салыңдар+.
4 Барлық ойпаң жерлер биіктетілсін,
Тау-төбенің бәрі аласартылсын.
Кедір-бұдыр жерлер тегістелсін+.
Өйткені бұны Ехобаның өзі айтты”.
6 Тыңдашы! Біреу: “Жар сал!”— деп айғайлап жатыр.
Өзге біреу: “Не деп жар салайын?”— деп сұрады.
“Күллі адамзат — небәрі көк шөп қана.
Айнымас сүйіспеншіліктері дала гүлі іспетті+.
7 Ехобаның үрлеген демінен
Көк шөп қурап, гүлдер солып қалады+.
Шынында да, халық — небәрі көк шөп қана.
Ей, Иерусалимге ізгі хабар жеткізуші,
Бар даусыңмен жар сал,
Еш қорықпай, бар даусыңмен айғайла.
Яһуда қалаларына: “Міне, Құдайларың!”— деп хабарла+.
Міне, оның беретін сыйы, төлейтін ақысы дайын тұр+.
11 Ол шопан іспетті өз отарын бағады+.
Қозыларын өзі жинап, қолына алып, бауырына басып жүреді.
Төлдеген саулықтарын ақырын ғана жетелейді+.
Кім жердің топырағын өлшеуіш ыдысқа салған+,
Тау-төбелерді таразыға тартқан?
13 Кім Ехобаның рухын өлшеген*?
Кім оған кеңесші болып, нұсқау берген+?
14 Ол кіммен ақылдасып, түсінік алған?
Ол аралдарды тозаң сияқты оп-оңай көтереді.
16 Ливанның күллі ағаштары отын қылуға,
Ондағы жануарлар құрбандыққа шалуға жетпес еді.
18 Сонда Құдайды кімге теңейсіңдер+?
Оны кімге ұқсатасыңдар+?
20 Ол садақа ету үшін бір ағашты алады+,
Шірімейтін ағашты таңдайды.
Сосын берік тұратын пұт мүсінін жасату үшін,
Жақсы зергер іздейді+.
21 Сендер білмеп пе едіңдер?
Естімеп пе едіңдер?
Бұл сендерге о баста айтылмап па еді?
Жердің негізі қаланғаннан бергі айғақтарды аңғармадыңдар ма+?
Ол көкті жұқа матадай жайып жіберді,
Мекен ететін шатырдай жазып жіберді+.
23 Ол басшыларды биліктен айырады,
Жер бетінің билерін түкке тұрғысыз қылады.
24 Олар енді ғана отырғызылып,
Енді ғана себіліп, діңдері енді ғана тамыр жайды.
Леп соқса болғаны, олар қурап қалады,
Сабан сияқты, оларды жел ұшырып әкетеді+.
25 “Сендер мені кімге ұқсатасыңдар, кімге теңейсіңдер?— дейді Киелі Құдай.
Кім оларды әскер іспетті түгендеп алып шығады,
Әрқайсысын өз атымен шақырады+?
Оның құдіреті мен күші ғаламат зор болғандықтан+,
Олардың бәрі өз орындарында тұрады.
27 Ей, Жақып, неге налисың?
Ей, Исраил, неге: —Менің жолым Ехобаның көзінен таса,
Құдай мен үшін әділдік орнатпайды,— дейсің+?
28 Сен білмеуші ме едің? Естімеген бе едің?
Жердің қиыр шеттерін жаратқан Ехоба — мәңгілік Құдай+.
Ол еш шаршамайды, қажымайды+.
Оның даналығының* түбіне ешкім жете алмайды+.
30 Жасөспірімдер де шаршайды, қалжырайды,
Жас жігіттер де сүрініп құлайды,
31 Ал Ехобаға үміт артатындар күш-қуатқа ие болады.
Қанаттарын жайып, қырандай қалықтайды+.
Олар жүгірсе де, әлсіремейді,
Жүрсе де, шаршамайды+.