Зәбүр
Дәуіттің жыры.
2 Лайым айтқан дұғам алдыңда әзірленген хош иісті тартудай+ болсыншы+,
Өзіңе қарай қол жайғаным кешқұрым ұсынатын астық тартуындай+ болсыншы.
4 Жүрегімнің жамандықты құмартуына жол бермеші+,
Залымдардың арсыз істеріне ортақтаспайын,
Олардың жеңсік астарынан дәм татпайын.
5 Мені әділ жан жазаласа, айнымас сүйіспеншілік танытқаны+,
Ол мені түзетсе, басыма май құйғанмен тең+,
Мен бұдан еш бас тартпас ем+.
Бастарына күн туғанда да, дұға айта беремін.
6 Елдің билері жартастан лақтырылса да,
Жұрт айтқандарыма ден қояды, өйткені сөздерім жағымды.
7 Адамның жер жыртып, топырақты қопаратынындай,
Біздің сүйектеріміз көрдің* аузында шашылып жатыр.
8 Бірақ мен саған арқа сүйеймін, уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба+,
Өзіңді ғана паналаймын,
Өмірімнен айыра көрмеші.
9 Мені олардың құрған тұзағынан,
Заңсыздық жасаушылардың торынан сақташы.
10 Зұлымдар құрған торларына өздері түседі+,
Ал мен аман-есен айналып өтемін.