Марқа
10 Иса сол жерден шығып, Иорданның арғы бетіндегі Яһудеямен шегаралас аймаққа келді. Қасына тағы да қалың жұрт жиналып, ол әдеті бойынша тәлім бере бастады+. 2 Сонда оған парызшылдар келді де, сынамақ болып: “Күйеуінің әйелімен ажырасқаны дұрыс па?”— деп сұрады+. 3 Ол: “Мұса сендерге не деп бұйырды?”— деп өздеріне сұрақ қойды. 4 Олар: “Егер күйеуі әйеліне талақ қағазын жазып берсе, әйелімен ажырасуына болатынын айтқан”+,— деп жауап берді. 5 Бірақ Иса былай деді: “Ол бұл заңды сендердің жүректерің қатуланып кеткендіктен+ жазып қалдырған+. 6 Алайда о баста “Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел етіп жаратқан+, 7 сондықтан еркек әке-шешесін қалдырып+, 8 әйелі екеуі біртұтас* болады+”, осылайша енді олар екеу емес, біртұтас. 9 Олай болса, Құдай қосқанды* адам баласы ажыратпасын+!” 10 Үйде болғанда, шәкірттері одан бұл жөнінде сұрай бастады. 11 Ол былай деді: “Кім әйелін тастап*, өзге біреуге үйленсе, бұрынғы әйеліне қатысты неке адалдығын бұзады+. 12 Ал әйел күйеуінен кетіп*, басқаға тұрмысқа шықса, ол да неке адалдығын бұзады+”.
13 Иса қолын тигізсін* деп, жұрт оған балаларын әкеле бастады. Бірақ шәкірттері оларға тыйым салды+. 14 Мұны көрген Иса наразы болып, былай деді: “Балалардың маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар. Өйткені Құдай Патшалығы осындайлар үшін+. 15 Сендерге шындығын айтамын, кім Құдай Патшалығын кішкентай бала сияқты қабылдамаса, оған кірмейді+”. 16 Сосын ол балаларды құшақтап, үстеріне қолын қойып+, бата бере бастады.
17 Жол үстінде Исаға біреу жүгіріп келді де, тізе бүгіп: “Ізгі Ұстаз, мәңгілік өмірді мұра ету үшін не істеуім керек?”— деп сұрады+. 18 Иса былай деп жауап қатты: “Неге мені ізгі дейсің? Құдайдан басқа ешкім де ізгі емес+. 19 “Кісі өлтірме+! Неке адалдығын бұзба+! Ұрлық жасама+! Жалған куәлік берме+! Алаяқтық жасама+! Әке-шешеңді құрметте+!” деген заңдарды білесің ғой”. 20 Сонда әлгі кісі: “Ұстаз, бұлардың бәрін жастайымнан орындап келемін”,— деді. 21 Иса оған қарап, жақсы көріп кетті де, былай деді: “Саған бір нәрсе жетіспейді: бар да, қолыңда бардың бәрін сатып, түскен ақшаны кедей-кепшіктерге бер, сонда қазынаң көкте болады. Ал өзің келіп, менің ізбасарым бол”+. 22 Бұл сөздерге оның көңілі түсіп, кетіп қалды, өйткені дүние-мүлкі аса көп еді+.
23 Иса айналасына қарап, шәкірттеріне: “Ақшалы адамдардың Құдай Патшалығына кіруі өте қиын болады!”+— деді. 24 Оның айтқандарына шәкірттері таңғалды. Сонда Иса тағы былай деді: “Балаларым, Құдай Патшалығына кіру қандай қиын! 25 Байдың Құдай Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңайырақ+”. 26 Олар одан бетер таңырқап, оған*: “Ендеше, кім құтқарыла алады?”— деді+. 27 Иса оларға қарап: “Бұл адамның қолынан келмейді, бірақ Құдай үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Себебі Құдайдың қолынан бәрі келеді”+,— деді. 28 Сонда Петір оған: “Міне, біз бәрін тастап, соңыңыздан ердік”,— дегенде+, 29 Иса былай деді: “Сендерге шындығын айтамын, кім мен үшін және ізгі хабар үшін үй-жайын, бауырларын, әпке-қарындастарын, әкесін не шешесін, бала-шағасын не танабын қалдырса+, 30 оған қазіргі уақытта қуғын-сүргін көрумен қатар+, үй-жай, бауыр, әпке-қарындас, шеше, бала-шаға, танап жүз есе артығымен беріледі, ал келер заманда* ол мәңгілік өмірге ие болады. 31 Алайда көптеген біріншілер соңғы, ал соңғылар бірінші болады+”.
32 Олар Иерусалимге баратын жолмен өрлеп бара жатты. Иса алда жүрді. Шәкірттері таңғалысып, ал соңдарынан ергендер қорқып келе жатты. Ол қайтадан 12 елшісін былайырақ шығарып, басынан өтуі тиіс жайттар туралы айта бастады+: 33 “Міне, Иерусалимге өрлеп келеміз. Сол жерде Адам Ұлы жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінің қолына ұсталып беріледі. Олар болса оны өлімге кесіп, басқа ұлт адамдарының қолына тапсырады. 34 Ал олар оны мазақ етіп, бетіне түкіріп, қамшымен сабайды, сосын өлтіреді. Бірақ ол үш күннен соң қайта тіріледі+”.
35 Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жохан+ оған келіп: “Ұстаз, біздің қалауымызды орындасаңыз екен”,— деді+. 36 Ол: “Сендер үшін не істегенімді қалайсыңдар?”— деп сұрады. 37 Сонда олар былай деді: “Ұлылыққа бөленгенде, бірімізді оң, екіншімізді сол жағыңызға отырғызсаңыз екен”+. 38 Бірақ Иса: “Не сұрап тұрғандарыңды өздерің білмейсіңдер. Мен ішетін тостағаннан* ішіп, мен өтіп жатқан шомылдыру рәсімінен өте аласыңдар ма?”— деді+. 39 Олар: “Иә, мұны істей аламыз”,— дегенде, Иса: “Мен ішетін тостағаннан ішесіңдер, мен өтіп жатқан шомылдыру рәсімінен де өтесіңдер+. 40 Алайда менің оң не сол жағыма кім отыратынын мен шешпеймін. Бұл орындар кімге дайындалса, оған солар отырады”,— деп жауап берді.
41 Қалған 10 елші мұны естігенде, Жақып пен Жоханға ашуланды+. 42 Бірақ Иса оларды шақырып алып, мынаны айтты: “Билеуші деп саналатындар халықтарды билеп-төстейтінін, ұлықтары да оларға қатаң әмір жүргізетінін білесіңдер+. 43 Ал сендердің араларыңда бұлай болмау керек, қайта, кім ұлы болғысы келсе, сол сендерге қызметші болуы тиіс+. 44 Кім бастыларың болғысы келсе, сол бәріне құл болу керек. 45 Себебі Адам Ұлы да өзіне қызмет еткізуге емес, өзі қызмет етіп+, көптеген адамдар үшін жанын төлем ретінде беруге келді+”.
46 Бұдан кейін Иса шәкірттерімен Иерихонға келді. Олар соңдарынан ерген қалың жұртпен бірге қаладан шығып бара жатса, жол бойында бір зағип қайыршы отыр екен. Ол Тімей ұлы Бартімей еді+. 47 Жанынан өтіп бара жатқан назареттік Иса екенін естіп, ол: “Дәуіт Ұлы+ Иса, маған рақым ете көріңіз!”— деп айқайлай бастады+. 48 Көпшілік оған ұрсып, үндемеуді бұйырды. Бірақ ол одан бетер айғайлап: “Дәуіт Ұлы, маған рақым ете көріңіз!”— деді. 49 Сонда Иса тоқтап: “Оны маған шақырыңдар”,— деді. Олар: “Қорықпа, түрегел! Ол сені шақырып жатыр”,— деп, зағипты шақырды. 50 Ол жамылғысын тастай сала, ұшып тұрды да, Исаға келді. 51 Иса одан: “Саған не істегенімді қалайсың?”— деп сұрағанда, зағип кісі: “Ұстазым*, көзімді көретін етіңізші”,— деді. 52 Иса: “Бара бер, сенімің арқылы айықтың”+,— деді. Сол сәтте оның көзі көретін болды+. Ол Исаға еріп, жолға шықты.