Жоханның 1-хаты
4 Сүйікті бауырластар, Құдайдан келгендей көрінетін кез келген хабарға* сенбеңдер+. Олар шынымен Құдайдан ба, жоқ па — тексеріп алыңдар+. Өйткені бұл дүниеде көптеген жалған пайғамбар пайда болды+.
2 Құдайдан келген хабарды мынадан білесіңдер: Иса Мәсіхтің адам болып келгенін растайтын* әрбір хабар Құдайдан+. 3 Ал мұны растамайтын* хабар Құдайдан емес, Мәсіхке қарсы шығушыдан+. Сендер мұндай хабардың келе жатқанын естігенсіңдер+, ол қазірдің өзінде дүниеде бар+.
4 Сүйікті балаларым, сендер Құдайдансыңдар және соларды* жеңіп шықтыңдар+. Өйткені сендермен бірліктегі Құдай+ осы дүниемен бірліктегі Ібілістен+ әлдеқайда күшті. 5 Олар осы дүниеден+, сондықтан осы дүниеге тән нәрселерді айтады, әрі дүние оларға құлақ асады+. 6 Біз Құдайданбыз. Құдайды танып-білгендер бізге құлақ асады+, ал кім Құдайдан болмаса, бізге құлақ аспайды+. Шынайы хабарды жалған хабардан осылай ажыратамыз+.
7 Сүйікті бауырластар, әрі қарай да бір-бірімізді сүйейік+, себебі сүйіспеншілік Құдайдан. Сүйетін адам Құдайдан туған, әрі Құдайды біледі+. 8 Сүймейтін адам Құдайды білмейді, өйткені Құдай — сүйіспеншілік+. 9 Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: жалғыз Ұлын осы дүниеге жіберді+. Осылайша сол арқылы өмірге ие болуымызға жол ашты+. 10 Бұл сүйіспеншіліктің мәні мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, ол бізді сүйді, сондықтан күнәларымыз үшін Ұлын өзімен татуластыратын құрбандық*+ ретінде жіберді+.
11 Сүйікті бауырластар, Құдай бізді осылай сүйгендіктен, біз де бір-бірімізді сүюге міндеттіміз+. 12 Құдайды ешкім ешқашан көрген емес+. Егер бір-бірімізді сүйе берер болсақ, Құдай бізбен бірге болады және біздегі оның сүйіспеншілігі кемеліне жетеді+. 13 Оның бізге рухын бергенінен біздің онымен, ал оның бізбен бірлікте екенін білеміз. 14 Оның үстіне, Әкенің өз Ұлын құтқарушы ретінде дүниеге жібергенін+ өз көзімізбен көрдік, әрі сол жайлы куәлік етіп жүрміз. 15 Кім Исаны Құдай Ұлы деп мойындаса+, Құдай онымен, ал ол Құдаймен бірлікте қалады+. 16 Құдайдың бізді сүйетінін өзіміз танып-білдік, әрі бұған сендік+.
Құдай — сүйіспеншілік+. Ұдайы сүйетін кісі Құдаймен, ал Құдай онымен бірлікте қала береді+. 17 Осылай біздегі сүйіспеншілік кемеліне жетеді. Сонда сот күні еркін сөйлей аламыз*+, өйткені Мәсіх қандай болса, біз де осы дүниеде сондаймыз. 18 Сүйіспеншілікте қорқыныш жоқ+, керісінше, кемеліне жеткен сүйіспеншілік қорқыныштан арылтады, себебі қорқыныш адамды тұсаулап тастайды. Сондықтан қорқынышқа бой алдыратын адамның сүйіспеншілігі кемеліне жетпеген+. 19 Ал біздің сүйетін себебіміз — ол бізді алдымен сүйді+.
20 Құдайды сүйемін дей тұра, бауырласын жек көретін әркім — өтірікші+. Өйткені көз алдындағы бауырласын сүймейтін кісі+ көзімен көрмеген Құдайды сүйе алмайды+. 21 Оның бізге берген өсиеті мынау: Құдайды сүйетін адам бауырласын да сүюі керек+.