Ишая
1 Амос ұлы Ишаяның* Яһуда патшалары+ Ұзиях+, Жотам+, Ахаз+ және Езекияның+ заманында Яһуда елі мен Иерусалим қаласы жайлы көрген аяны+:
2 Уа, көк, тыңда! Уа, жер, құлақ сал+!
Ехоба* былай дейді: “Мен ұлдар тәрбиелеп, бағып-қақтым+.
Ал олар болса өзіме қарсы шықты+.
3 Бұқа өз иесін таниды,
Есек те иесінің жем салатын ақырын біледі.
Олар Ехобаны тастап кетті+,
Исраилдің Киелі Құдайын менсінбеді,
Оған жон арқасын көрсетіп сырт айналды.
5 Бүлік шығаруды қояр емессіңдер, таяқ тимеген енді қай жерлерің қалып еді+?
Бастарыңды жара басқан,
Жүректерің болса әлжуаз+.
6 Төбелеріңнен табандарыңа дейін сау жерлерің жоқ.
Тұла бойларың толған жарақат, көгерген, ашық жара.
Жараларың тазаланып, таңылмаған, үстіне май да жағылмаған+.
7 Жерлерің қаңырап бос қалды,
Қалаларың өртке оранды,
Көз алдарыңда жатжерліктер жерлеріңді жалмап жатыр+,
Елдерің жатжерліктер талан-тараж етіп, бос қалдырған жерге ұқсайды+.
8 Сион қызы жүзімдіктегі қараусыз қалған күркеге,
Қияр егілген даладағы күзетшінің тастап кеткен лашығына,
Қоршауға алынған қалаға ұқсайды+.
9 Егер Әскербасы Ехоба азғанамызды аман алып қалмағанда,
Тап Содом қаласындай болар едік,
Ғомораның кебін киер едік+.
10 Содомның қатыгез билеушілері, Ехобаның сөзін тыңдаңдар+!
Ғомора халқы+, Құдайымыздың заңына* құлақ түріңдер!
11 Ехоба былай дейді: “Сендердің қыруар құрбандықтарыңнан маған не пайда+?
Маған арнап өртейтін қошқарларыңның+, бордақыланған малдарыңның майына+ әбден тойдым.
Жас бұқалардың+, тоқтылар мен текелердің+ қанын+ қаламаймын.
13 Түкке тұрғысыз астық тартуын әкелуді доғарыңдар!
Хош иісті зат түтеткендерің маған жиренішті+.
Сөйте тұра тылсым күштерге жүгінесіңдер+.
Мен бұған төзе алмаймын!
14 Жаңа туған ай мен басқа да мерекелеріңді жаным жек көреді.
Олар мен үшін ауыр жүк болып кетті,
Мен оларды көтеріп жүруден шаршадым.
Жамандық жасауды доғарыңдар+!
Жетім баланың құқығын,
Жесірдің мүддесін қорғаңдар+”.
18 Ехоба былай дейді: “Келіңдер, мәселені ортаға салып, шешейік+.
Күнәларың ал қызыл болса да,
Аппақ қардай етемін+.
Қырмызы матадай қызыл болса да,
Аппақ жүндей қыламын.
Өйткені бұл — Ехобаның аузынан шыққан сөз”.
21 Қалай ғана адал қала+ жезөкшеге айналды+?!
23 Бекзадаларың қыңыр, ұры-қарылардың сыбайласы+.
Шетінен парақор, сый-сияпат дәметіп тұрады+.
Жетімдерге әділ үкім шығармайды,
Жесірдің ісін ешқашан қарастырмайды+.
24 Сондықтан шынайы Иеміз Әскербасы Ехоба,
Исраилдің Құдіретті Құдайы былай дейді:
“Жетер енді! Дұшпандарымнан құтыламын,
Жауларымнан кек аламын+!
25 Мен сені жазалаймын,
Сілтімен тазартқандай, балқытып қождан тазартамын,
Қоспа атаулыдан арылтамын+.
Бұдан кейін сен “Әділдік қаласы”, “Адал шаһар” деп аталатын боласың+.
31 Мықты адам зығыр талшығындай,
Ал істері от ұшқынындай болмақ.
Екеуі бірдей лап етіп тұтанады да,
Өшіретін ешкім болмайды”.