Ошия
3 Ефремге тәй-тәй басуды үйреткен+, қолға алып көтерген мен едім+,
Бірақ өздерін сауықтырған мен екенімді мойындамады.
Мойынтұрықты мойындарынан алған* адамдай болдым,
Әрқайсысының алдына мейіріммен ас-су қойдым.
5 Олар Мысырға оралмайды, бірақ патшасы Ассирия болады+.
Себебі маған қайта оралудан бас тартты+.
6 Құрған айла-амалдары үшін қалаларын семсер зулай аралап шығып+,
Қақпа ысырмаларын қиратып, оларды жалмап қояды+.
7 Халқым маған опасыздық жасауға бейім+.
Оларды жоғарыға* шақырса да, ешкім орнынан тұрар емес.
8 Қалай сені тастамақпын, уа, Ефрем+?
Қалай сені жау қолына бермекпін, уа, Исраил?
Қалай саған Адмаға істегендей істемекпін?
Қалай Зебоимге+ жасағандай жасамақпын?
Мен ойымды* өзгертіп, сені қатты аяп кеттім+.
9 Лаулаған қаһарымды төкпеймін.
Сендерге ашу-ызамен келмеймін.
10 Олар Ехобаның соңынан жүреді, ол арыстандай ақырады+.
Ақырғанда, ұлдары батыс жақтан дірілдеп қайтып келеді+.
11 Олар Мысырдан шыққанда құстай,
Ассирия жерінен шыққанда көгершіндей діріл қағады+.
Мен оларды өз үйлеріне қоныстандырамын”,— дейді Ехоба+.
12 “Қайда қарасам да, Ефремнің өтірігін,
Исраилдің қулық-сұмдығын көремін+.
Ал Яһуда әлі де Құдаймен бірге жүр,
Ол Ең Киелі Құдайға адал+”.