Жоханның 1-хаты
2 Сүйікті балаларым, мұны күнә жасамауларың үшін жазып отырмын. Егер біреу күнә жасап қойса, Әкенің қасында әділ көмекшіміз* Иса Мәсіх бар+. 2 Ол — бізді Құдаймен татуластыратын құрбандық*+. Бұл құрбандық біздің ғана емес, бүкіл дүниенің күнәларын+ өтеу үшін берілді+. 3 Оны жақыннан танитынымызды өсиеттерін орындап жүргенімізден білеміз. 4 Оны танимын дей тұра, өсиеттерін орындамайтын адам — өтірікші әрі онда шындық жоқ. 5 Ал оның сөзін орындайтын адамның Құдайға деген сүйіспеншілігі, шынымен де, кемеліне жеткен+. Осы арқылы онымен бірлікте екенімізді білеміз+. 6 Онымен бірліктемін дейтін кісі Иса қалай өмір сүрсе, солай өмір сүруі тиіс+.
7 Сүйікті бауырластар, сендерге жазып отырғаным — жаңа өсиет емес, өздеріңде бастапқыдан бар көне өсиет+. Бұл көне өсиет — кезінде өздерің естіген сөз. 8 Дегенмен мұны сендерге жаңа өсиет — Иса ұстанған, сендер де ұстанатын өсиет — ретінде жазып отырмын, өйткені түнек сейіліп барады, ал шынайы нұр жарығын шашуды бастап та қойды+.
9 Кім нұрда жүрмін дей тұра, бауырласын жек көрсе+, ол әлі де түнекте жүр+. 10 Кім бауырласын жақсы көрсе, ол нұрда жүр+, сондықтан еш сүрінбейді. 11 Ал өз бауырласын жек көретін кісі түнекте. Ол түнекте жүр+, әрі өзінің қайда бара жатқанын білмейді+, өйткені түнек оның көзін соқыр еткен.
12 Сүйікті балаларым, сендерге жазып отырмын, өйткені күнәларың оның есімі үшін кешірілді+. 13 Әкелер, сендерге жазып отырмын, өйткені әуел бастан бар болғанды танып-білдіңдер. Жас жігіттер, сендерге жазып отырмын, өйткені сендер Зұлымды* жеңіп шықтыңдар+. Сүйікті балалар, сендерге жаздым, өйткені Әкені танып-білдіңдер+. 14 Әкелер, сендерге жаздым, өйткені әуел бастан бар болғанды танып-білдіңдер. Жас жігіттер, сендерге жаздым, өйткені сендер күштісіңдер+ әрі Құдай сөзі жүректеріңнен орын алған+, сондай-ақ сендер Зұлымды жеңіп шықтыңдар+.
15 Осы дүниені де, ондағы еш нәрсені де сүймеңдер+. Кімде-кім осы дүниені сүйсе, оның Әкеге деген сүйіспеншілігі жоқ+. 16 Себебі осы дүниедегінің бәрі — тән құмарлығы+, көздің қалауы+ және дүние-мүлікке мақтану — Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған. 17 Осы дүние мен оның қалауы өтеді де кетеді+, ал Құдайдың еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді+.
18 Сүйікті балаларым, бұл — соңғы уақыт. Сендер Мәсіхке қарсы шығушының келе жатқанын естідіңдер+, қазірдің өзінде Мәсіхке қарсы шығушылар көптеп пайда болды+. Бұның соңғы уақыт екенін осыдан білеміз. 19 Олар біздің арамыздан шықты, бірақ біздікі емес еді+. Егер біздікі болса, бізбен бірге қалар еді. Бірақ біздікі емес екендігі көріну үшін, олар арамыздан кетті+. 20 Сендерді Киелі Құдай рухпен майлады+, әрі бәріңде де білім бар. 21 Мен сендерге шындықты білмегендіктеріңнен емес+, қайта, оны білгендіктеріңнен жазып отырмын, өйткені шындықтан ешқандай өтірік тумайды+.
22 Исаның Мәсіх екенін мойындамайтын адам өтірікші емей кім+? Ол — Мәсіхке қарсы шығушы+. Өйткені Әкені де, Ұлды да мойындамайды. 23 Кім Ұлды мойындамаса, Әкенің ықыласына ие болмайды+. Ал кім Ұлды мойындаса+, Әкенің ықыласына ие болады+. 24 Сендер болсаңдар бастапқыда естігендеріңді жүректеріңде сақтаңдар+. Егер бастапқыда естігендеріңді жүректеріңде сақтасаңдар, Ұлмен де бірлікте, Әкемен де бірлікте қала бересіңдер. 25 Бұған қоса, оның бізге уәде еткені — мәңгілік өмір+.
26 Мен сендерге өздеріңді адастырмақшы болып жүргендер жайлы жаздым. 27 Ал сендерге келсек, ол сендерді өзінің рухымен майлады+, әрі осы рух әрдайым сендерде. Сондықтан біреудің үйреткеніне мұқтаж емессіңдер. Рухпен майланғандарың өтірік емес, шын, әрі ол сендерді бәріне үйретуде+. Сол себепті рух үйреткендей, онымен бірлікте қала беріңдер+. 28 Сонымен, сүйікті балаларым, ол ашық көрінгенде, сенімділікпен сөйлей алуымыз үшін+ және ол осында болғанда масқаралықпен одан аластатылмауымыз үшін онымен бірлікте қала беріңдер. 29 Оның әділ екенін білсеңдер, әділ әрекет ететіндердің барлығы Құдайдан туылғанын білесіңдер+.