Уағыздаушы
12 Жастық шағыңда Ұлы Жаратушыңды есте ұста+! Азапты күндер мен “олардан еш рақат таппадым” дейтін жылдар келмей тұрғанда+; 2 күннің, ай мен жұлдыздардың жарығы көмескіленбей+, нөсерден кейін* қою бұлттар қайта жиналмай тұрғанда, оны ұмытпа. 3 Сол күні үйдің сақшылары дірілдейді; мықты ерлер бүгіледі; саны азайғандықтан, әйелдер диірмен тартуын доғарады; терезеден қараған бикештер қараңғылықты ғана көреді+; 4 көшеге шығатын есіктер жабылады; астық тартқан диірменнің дыбысы бәсеңдейді; адам құстың үніне оянады; ән айтқан барлық қыздардың даусы жай шығады+. 5 Сондай-ақ ол биік жерлерден қорқады, көшеден үрейленеді. Бадам ағашы гүлдейді+; шегіртке сүйретіліп әрең қозғалады; каперс* жемісі жарылады. Себебі адам ұзақ тұратын үйіне бара жатыр+, ал көшеде жоқтаушылар жүреді+. 6 Күміс арқан үзілмей, алтын тостаған сынбай, бұлақ басындағы құмыра қирамай және құдықтан су тартатын шығыр сынбай тұрғанда, Жаратушыңды есте ұста. 7 Сол уақыт келгенде, топырақ өзі алынған жерге оралады+, ал өмір* оны сыйлаған Құдайға кері қайтады+.
8 “Нағыз бос әурешілік!— деді уағыздаушы+.— Бәрі де бос әурешілік”+.
9 Уағыздаушы дана болып қана қоймай, білгендерін халыққа үнемі үйретіп отырды+. Сондай-ақ көптеген нақыл сөз құрастыру* үшін, ойланып-толғанды және жан-жақты ізденістер жүргізді+. 10 Уағыздаушы құлаққа жағымды сөздерді табуға тырысты+ және шындық сөздерін тура етіп жазып қойды.
11 Данышпандардың сөзі ұшы үшкір таяқ* іспетті+, жинақтаған сөздері мықтап қағылған шегелер сияқты. Бұлардың бәрін берген — бір бағушы. 12 Осы айтылғандардың басқасынан, балам, сақ бол: кітап жаза бергеннің шегі болмайды, көп оқығаннан тән шаршайды+.
13 Осы айтылған барлық сөздің тоқетері мынау: Құдайдан қорқып+, бұйрықтарын орында+, себебі адам баласының бар парызы — осы+. 14 Құдай адамның әрбір ісіне, тіпті жасырын жасаған ісіне де, жақсы не жаман деген баға беріп соттайды+.