Зәкәрия
9 Ауыр хабар.
Ехобаның Хадрах жеріне айтқан үкімі,
Ол әсіресе Дамаскіге қарсы айтылған+.
Өйткені Ехобаның назары адамзатта+,
Исраилдің күллі руында.
Оны от жалмап қояды+.
5 Мұны көргенде, Ашкелонның үрейі ұшады,
Газа қатты азап шегеді,
Екрон да қиналады, өйткені үміті ақталмайды.
Газа патшасынан айырылып,
Ашкелон елсіз қаңырап қалады+.
7 Оның аузынан қаны шығарылмаған етті,
Тісінің арасынан жеркенішті тамақты алып тастаймын,
Оның аман қалғандары Құдайымызға тиесілі болады.
8 Мен айналдыра қос тігіп, үйімді күзетемін+,
Сонда оған бөтен ешкім кіріп-шықпайды,
Ол жерден бұдан былай құлиеленуші өтпейді+,
Өйткені мұны* мен өз көзіммен көріп тұрмын.
9 Уа, Сион қызы, қатты қуан!
Уа, Иерусалим қызы, шаттана дауыста!
Міне, саған патшаң келе жатыр+.
Ол әділ әрі құтқарушы*,
Сондай-ақ кішіпейіл+, ол есекке отырып келеді,
Тайқарға, есектің қодығына, мініп келеді+.
10 Ефремнен соғыс арбаларын,
Иерусалимнен аттарын тартып аламын.
Садақтар да алынып қойылады.
Ол халықтарға тыныштық жариялайды+,
Ол теңізден теңізге дейін,
Евфраттан жердің шетіне дейін билік құрады+.
11 Ал саған келсек, уа, әйел*, өзіңмен жасасқан қан келісімінің негізінде
Тұтқындарыңды сусыз құдықтан алып шығамын+.
12 Үміті бар тұтқындар, берік қамалға қайтып келіңдер+,
Бүгін саған мынаны уәде етемін:
“Уа, әйел, саған екі есе етіп бата беремін+,
13 Яһуданы садағым ретінде керіп тұрып,
Оған Ефремді жебе етіп тартамын,
Уа, Сион, сенің ұлдарыңды оятып,
Уа, Грекия, сенің ұлдарыңа қарсы шығарамын,
Осылай, Сион, сені жауынгердің семсеріндей етемін”.
14 Ехоба өзінің солармен бірге екенін көрсетеді,
Оның жебесі найзағайдай ұшады.
Әлемнің Әміршісі Ехоба мүйіз керней тартып+,
Оңтүстіктің дауылындай жауға аттанады.
15 Әскербасы Ехоба өз халқын қорғайды,
Оларға жаудың сақпан тастары дарымайды+.
Олар шарап ішкендей масайрап шулайды.
Қуаныштары бүркілетін құрбандық қанына толы керсендей,
Қанға малынған құрбандық ошағының бұрыштарындай болады+.
16 Сол күні Құдайлары Ехоба оларды,
Отары болған өз халқын, құтқарады+.
Оның жерінде олар тәждің асыл тастарындай жалт-жұлт етіп тұрады+.
17 Оның ізгілігі қандай зор+!
Сән-салтанаты қандай ғажап!
Астықтан жас жігіттері жайнайды,
Жаңа шараптан қыздары құлпырады+.