Әйүп
42 Сонда Әйүп Ехобаға былай деп жауап берді:
2 “Сенің қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ екенін,
Ой-ниетіңнің орындалмай қалуы мүмкін емес екенін енді білдім+.
3 Сен: —Байыбына бармай сөйлеп,
Менің байламымды көмескілеп жатқан бұл кім өзі+?— дедің,
Шынында да, өзім білмейтін тым керемет нәрселер жөнінде мен еш түсінбей сөйлеппін+.
4 —Сен тыңдашы, мен сөйлейін,
Мен сұрайын, ал сен жауап бер+,— дедің.
5 Сен жайлы естіген едім,
Ал енді өз көзіммен көріп отырмын.
7 Ехоба Әйүппен сөйлесіп болған соң, темандық Елифазға Ехоба мынаны айтты: “Мен саған да, екі досыңа+ да қатты ашулымын, өйткені сендер мен жайлы қызметшім Әйүпке ұқсап шындықты айтпадыңдар+. 8 Сондықтан өздерің үшін түгел өртелетін құрбандыққа шалатын жеті бұқа, жеті қошқар алыңдар да, қызметшім Әйүпке барыңдар. Ол сендер үшін дұға етеді+. Мен оның өтінішін қабыл алып, сендерді ақымақтықтарыңа сай жазаламаймын. Өйткені сендер мен жайлы қызметшім Әйүп сияқты шындықты айтпадыңдар”.
9 Сонда темандық Елифаз, шуахтық Билдад және нағаматтық Сопар барып, Ехобаның айтқанын орындады. Ал Ехоба Әйүптің дұғасын қабыл алды.
10 Әйүп үш досы үшін дұға айтқаннан кейін+, Ехоба оны бақытсыздығынан арылтып+, жағдайын қалпына келтірді. Ехоба оның иелігін бұрынғысынан екі есе көбейтті+. 11 Әйүптің үйіне аға-іні, апа-қарындастары мен бұрынғы дос-жарандарының+ бәрі келіп, онымен бірге ішіп-жеді. Олар Ехоба жол берген күллі бақытсыздығы үшін оған көңіл айтып, жұбатты. Әрқайсысы Әйүпке бір күміс ақша мен бір алтын жүзіктен сыйлады.
12 Ехоба Әйүптің ғұмырының соңғы кезеңін алдыңғысынан да көп жарылқады+. Әйүптің 14 000 қойы, 6000 түйесі, 1000 пар ірі қарасы және 1000 ұрғашы есегі болды+. 13 Ол тағы да жеті ұл, үш қыз сүйді+. 14 Әйүп бірінші қызына Емима, екіншісіне Кесия, ал үшіншісіне Керен-Хапух деген ат қойды. 15 Бүкіл елде Әйүптің қыздарындай сұлу әйел заты болмады. Әкесі оларға ұлдарымен бірдей етіп енші берді.
16 Бұдан кейін Әйүп 140 жыл жасап, өз балаларын, немерелерін, шөберелері мен шөпшектеріне дейін көрді. 17 Осылай Әйүп ұзақ та қанағаттандырарлық өмір кешіп, ақырында дүние салды.