Зәбүр
ТӨРТІНШІ ЖАЗБА
(Зәбүр 90—106)
Шынайы Құдайдың қызметшісі Мұсаның дұғасы+.
90 Уа, Ехоба, ұрпақтан ұрпаққа сен біздің тұрағымыз* болып келесің+.
Сен мәңгілік Құдайсың+;
3 Сен пендені қайтадан топыраққа айналдырасың,
Оған: “Кері қайт, адам баласы!”— дейсің+.
5 Оларды аяқастынан алып кетесің+;
Олар түс сияқты ғайып болады;
Таң ата көктеп шыққан шөпке ұқсайды+:
9 Қаһарыңнан өміріміз сөніп барады,
Жылдарымыз күрсіністей өте шығады.
10 Ғұмырымыз жетпіс жасқа созылар,
Қауқарымыз мол болса, сексенге барар+,
Әйтсе де қайғы-қасірет бар көреріміз;
Өмір зымырап өтеді де, ғайып боламыз+.
11 Сенің қаһарыңның құдіретін кім түсіне алады?
Өзіңнен тиісті дәрежеде қорқу үшін, қаһарыңның құдіретін кім ұғады+?
13 Қайта оралшы, уа, Ехоба+! Қашанғы кешеуілдетесің+?
Қызметшілеріңді аяшы+.
15 Өзің қасіретке душар еткен күндерімізге сай қуанышқа бөлеші+,
Бақытсыздыққа ұшыраған жылдарымызға+ сай шаттыққа кенелтші.
17 Лайым Құдайымыз Ехоба бізге ықыласын түсірсін.
Қолымызбен жасаған ісімізді өзің оңғара көр.
Иә, жасаған ісімізді оңғара көр+.