Ишая
61 Әлемнің Әміршісі Ехоба маған рухын қондырды+,
Өйткені Ехоба мені момындарға ізгі хабарды жариялауға тағайындады+.
Ол мені жүрегі жаралыларды сауықтыруға жіберді,
Тұтқындар босатылатынын,
Қамауда отырғандардың көздері ашылатынын+,
2 Ехобаның ықылас түсіретін жылын,
Құдайымыздың кек алатын күнін жариялауға жіберді+.
Қайғырып жүргендердің бәрін жұбатуға+,
3 Сионды ойлап қайғырып жүргендерге
Бастарына шашқан күл орнына әшекейлі баскиім беруге,
Қайғы орнына қуаныш майын жағуға,
Мұңлы рух орнына даңққа бөлейтін киім кигізуге жіберді.
Олар әділдіктің алып ағаштары,
Өзін мадақтау үшін отырғызған Ехобаның көшеті деп аталатын болады+.
4 Олар ежелгі үйінділерді қайта салады,
Бұрыннан қаңырап жатқан жерлерді қалпына келтіреді+,
Қирап жатқан қалаларды қайта тұрғызады+,
Ұрпақтан ұрпаққа бос жатқан жерлерді қалпына келтіреді+.
6 Ал сендер Ехобаның діни қызметкерлері деп аталасыңдар+.
Олар сендерді Құдайымыздың қызметшілері деп атайды.
Сендер халықтардың байлықтарымен тамақтанып+,
Солардан келген қазыналарды мақтан тұтасыңдар.
7 Менің халқым масқаралық орнына екі есе үлес алады,
Қорлық орнына алған үлестеріне қуанып ән салады.
Мен халқыма адалдықпен қарымтасын қайтарамын,
Олармен мәңгілік келісім жасасамын+.
Көргендердің бәрі олардың Ехоба жарылқаған ұрпақ екенін білетін болады+”.
10 Мен Ехобаны ойлап шат-шадыман боламын.
Құдайымды ойлап жан-тәніммен қуанамын+.
Өйткені ол маған құтқаруын киім етіп кигізді+,
Әділдікті шапан етіп жапты;
Мені діни қызметкер сияқты, шалма ораған+ күйеужігіттей,
Әшекейлерін тағынған қалыңдықтай сәндендірді.
11 Жер өзінен өскін шығарады,
Бақ та себілген дәнді өсіреді.