Ишая
60 “Уа, әйел, орныңнан тұрып+, жарқыра!
Себебі нұрға бөленетін кезің келді.
Ехобаның салтанаты саған нұрын шашты+.
2 Міне, жер бетін қараңғылық жауып,
Ұлттарды қара түнек басады.
Ал саған Ехоба нұрын шашады,
Сенен оның салтанаты көрінеді.
4 Еңсеңді көтеріп, айналаңа қара!
Олар жиналып, саған келе жатыр.
Өйткені теңіздің байлығы саған ағылады,
Ұлттардың қазыналары сенікі болады+.
Шеба тұрғындарының бәрі келеді.
Олар саған алтын мен ладан әкеледі.
Ел алдында Ехобаны дәріптейді+.
Олар құрбандық ошағыма көтерілгенде, маған ұнамды болады+,
Осылай мен салтанатты үйімді көркейтемін+.
8 Бұлттай қаптап,
Кептерханасына ұшып келе жатқан кептерлердей бұлар кімдер?
Тарсис кемелері бірінші болып келеді,
Алтын-күмістерімен қоса, шалғайдан ұлдарыңды әкеледі+.
Олар Ехобаның, Исраилдің Киелі Құдайының есімін дәріптеу үшін келеді.
Өйткені ол сені ұлылыққа бөлейді+.
Қаһарланып, сені жазалаған едім,
Енді ықыласымды түсіріп, мейірім танытамын+.
11 Қақпаларың күні-түні жабылмай, әрдайым ашық тұрады+.
Солар арқылы ұлттар қазыналарын алып кіреді,
Оларды патшалары бастап жүреді+.
12 Ал саған қызмет етпейтін ұлт пен патшалық атаулы құрып кетеді.
Мұндай ұлттар мүлдем жойылады+.
Солармен менің ғибадатханам көркемделеді;
Мен табан тіренішімді салтанатқа бөлеймін+.
14 Саған қысым көрсеткендердің ұлдары алдыңа келіп, бас ұрады.
Қорлық көрсеткендер аяғыңа жығылады.
Олар сені Ехобаның қаласы,
Исраилдің Киелі Құдайының Сионы деп атайды+.
15 Сен тасталып, жеккөрінішті болып ең, сен арқылы ешкім өтпейтін+.
Енді мен сені мәңгілік мақтан тұтатын,
Ұрпақтан ұрпаққа қуаныш сыйлайтын жерге айналдырамын+.
Сонда менің, Ехобаның, Құтқарушың екенін,
Жақыптың Құдіретті Құдайы Құныңды өтеуші екенін білетін боласың+.
17 Мен саған мыс орнына алтын,
Темір орнына күміс,
Ағаш орнына мыс,
Ал тас орнына темір әкелетін боламын.
Тыныштықты бақылаушың, әділдікті жетекшің етіп тағайындаймын+.
Қайта, дуалдарыңды “Құтқарылу”+, қақпаларыңды “Даңқ” деп атайтын боласың.
19 Бұдан былай саған күндіз күн нұрын шашпайды,
Түнде ай сәулесін төкпейді.
20 Күнің бұдан былай батпайды,
Айың да кемімейді.
21 Күллі халқың әділ болып,
Осы жерді мәңгі иелікке алады.
Олар өзім отырғызған өркен,
Маған көрік беретін, өз қолымның жаратылысы+.
22 Азғантай адамнан мың адам,
Кішкентай халықтан мықты халық шығады.
Мен, Ехоба, өз уақытында мұны тездетемін”.