Нақыл сөздер
1 Исраилдің патшасы+, Дәуіт ұлы+ Сүлейменнің+ нақыл сөздері.
2 Бұл нақыл сөздердің мақсаты — даналыққа баулу+,
Тәрбиелеу, терең мағыналы сөздерді ұғындыру,
3 Тәрбиелеу+ арқылы терең түсінікке,
Әділдікке+, байыбына жете білу+ мен туралыққа үйрету,
4 Ақылы толмағанға* парасаттылық+,
Жастарға білім мен саналылық дарыту+.
7 Ехоба* Құдайдан қорқу* — білімнің бастауы+.
Надандар ғана даналық пен тәрбиені менсінбейді+.
10 Балам, күнәкарлар еліктірсе, көнбе+.
11 Олар саған: “Бізбен жүр,
Торуылдап, біреудің қанын төгейік.
Аңдып жатып, жазықсыздарға тап берейік.
13 Асыл қазыналарын тартып алып,
Үйімізді олжаға толтырайық.
14 Бізге қосылып, серік бол,
Қолға түскенді теңдей бөлісеміз”,— десе,
15 Балам, оларға ерме,
Олардың жолына аяқ баспа+.
16 Өйткені аяқтары жамандыққа жүгіреді,
Кісінің қанын төгуге асығады+.
17 Құстың көзінше тор құрғаннан пайда жоқ.
18 Сондықтан олар қан төгу үшін торуылдайды,
Жан алу үшін жасырын жерден аңдиды.
22 “Надандар*, қашанғы надандықты жақсы көрмексіңдер?
Мазақтағыштар, қашанғы мазақтауды ұнатпақсыңдар?
Ақылсыздар, қашанғы білімді жек көрмексіңдер+?
23 Мен түзеткенде, көніңдер+.
Сонда рухымды жаудырып,
Сөздерімді жариялаймын+.
24 Қанша шақырсам да, құлақ аспай келдіңдер,
Қол созсам да, ешқайсысың көңіл бөлмедіңдер+,
25 Ақыл-кеңесімнің біреуін де елемедіңдер,
Түзетсем де, көнбедіңдер.
26 Мен де күлемін сендер апатқа ұшырағанда,
Келеке етемін қорыққандарыңа тап болғанда+.
27 Қорыққан нәрселерің дауылдай соққанда,
Апаттарың сұрапыл желдей жеткенде,
Бастарыңа қасірет пен қиындық түскенде.
28 Сонда олар мені шақырады, бірақ жауап бермеймін.
Шарқ ұрып мені іздейді, бірақ таппайды+.
30 Ақыл-кеңесімді қабылдамады,
Түзеткенімді жаратпады.
31 Сондықтан істерінің ащы жемісін жейді+,
Айла-амалдарының зардабын әбден тартады.
32 Өйткені қыңырлығы наданды құртады,
Бейқамдығы ақымақтың түбіне жетеді.