Зәбүр
א [Алеф]
3 Олар әділетсіздік істемейді,
Қайта, Құдайдың жолдарымен жүреді+.
4 Уа, Құдай, өзің бұйрық бердің,
Нұсқауларыңды мұқият орындауды талап еттің+.
5 Жарлықтарыңды орындау үшін,
Жолымда берік тұра алсам ғой, шіркін+!
6 Сонда өсиеттеріңе ден қойғанымда,
Еш ұятқа қалмас едім+.
7 Әділ шешімдеріңе терең бойлаймын,
Таза жүрекпен өзіңді мадақтаймын.
8 Мен жарлықтарыңды орындаймын.
Мені ешқашан біржолата тастамашы.
ב [Бет]
9 Жас жігіт өмір жолын қалай таза сақтай алады?
Сенің сөзің бойынша қадамын аңдап басса, солай болады+.
10 Мен бар жүрегіммен өзіңді іздеймін,
Өсиеттеріңнен ауытқып кетуіме жол бермеші+.
11 Өзіңе қарсы күнә жасап қоймау үшін,
Айтқан сөзіңді жүрегімде сақтаймын+.
12 Уа, Ехоба, мадақтала берші,
Маған жарлықтарыңды үйретші.
13 Сенің айтқан бар шешімдеріңді
Менің аузым жария етеді.
14 Жұрт бағалы заттарына қалай қуанса,
Мен сенің ескертулеріңе солай қуанамын+.
ג [Гимел]
17 Қызметшіңе шапағатыңды түсірші,
Аман жүріп, сөзіңді орындайын+.
18 Көзімді аша көрші,
Заңыңдағы керемет жайттарды анық көрейін.
19 Мына елде мен небәрі жатжерлікпін+,
Өсиеттеріңді менен жасырмашы.
20 Әрдайым шешімдеріңді күтіп зарығамын,
Соларды аңсап сағынамын.
21 Сен менмендерді,
Өсиеттеріңнен ауытқып, қарғыс атқандарды айыптайсың+.
22 Масқара мен қорлықтан мені арылта көрші*,
Өйткені ескертулеріңді орындап жүрмін.
23 Бекзадалар жиылып, маған қарсы сөйлесе де,
Қызметшің жарлықтарың жайлы ойланады.
ד [Далет]
26 Жолдарым жайлы өзіңе ашып айттым, ал сен жауап бердің,
Маған жарлықтарыңды үйретші+.
27 Нұсқауларыңның мәнін түсіндірші,
Керемет істерің жөнінде терең ойланайын+.
28 Қайғы меңдеп, ұйқыдан қалдым,
Айтқан сөзіңе сай мені нығайтшы.
29 Заңыңды үйретіп, ықыласыңды түсірші,
Жалғандық жолынан сақташы+.
30 Мен адалдық жолын таңдадым+,
Шешімдеріңнің дұрыс екенін мойындаймын.
ה [Хе]
34 Түсінік сыйлашы, заңыңды орындайын,
Бар жүрегіммен соған мойынсұнайын.
35 Өсиеттеріңнің жолымен жетелеші+,
Себебі содан қуаныш табамын.
38 Қызметшіңе берген уәдеңді орындашы,
Адамдар сенен қорқатын болсын*.
39 Өзім қорқатын масқаралықтан мені сақташы,
Өйткені сенің шешімдерің игі+.
40 Нұсқауларыңды қалай зарыға аңсайтыныма қарашы.
Әділдігіңе сай мені аман сақташы.
ו [Вав]
42 Сонда мені табалағанға жауап беремін,
Өйткені сенің сөзіңе сенемін.
43 Шындық сөзін аузымнан алып қоймашы,
Себебі шешіміңе үміт артамын.
44 Заңыңды әрдайым ұстанамын,
Мәңгі бақи одан таймаймын+.
45 Мен қауіпсіз жермен жүремін+,
Өйткені нұсқауларыңды орындауды қалаймын.
47 Өсиеттеріңді жақсы көремін,
Иә, мен оларды сүйемін+.
ז [Заин]
49 Қызметшіңе берген сөзіңді есіңе ала көр,
Сол арқылы маған үміт бердің ғой.
50 Ол қасірет шеккенімде, жұбаныш береді+,
Өйткені берген сөзің мені аман сақтап келеді.
53 Заңыңды ұстанбайтын зұлымдарға қатты ашуым келеді+.
54 Қай жерде мекен етсем де,
Жарлықтарыңды ән қылып айтып жүремін.
55 Уа, Ехоба, заңыңнан таймау үшін,
Түнде атыңды есіме аламын+.
56 Нұсқауларыңды орындағандықтан,
Мен осының бәрін бастан кешірдім.
ח [Хет]
57 Ехоба — менің үлесім+.
Мен сөздеріңді орындауды уәде еттім+.
59 Аяғымды қайтадан жарлықтарыңа бағыттау үшін,
Өмір жолымды саралаймын+.
60 Өсиеттеріңді орындауға асығамын,
Мұны кейінге қалдырмаймын+.
62 Түн ортасында тұрып аламын,
Әділ шешімдерің үшін алғыс айтамын+.
64 Уа, Ехоба, жер сенің айнымас сүйіспеншілігіңе толы+.
Маған жарлықтарыңды үйретші.
ט [Тет]
65 Уа, Ехоба, айтқан сөзіңе сай қызметшіңе жақсылық жасап келесің.
67 Азап шекпес бұрын, білмей күнә жасап жүрдім,
Ал енді айтқан сөзіңді ұстанамын+.
68 Құдайым, сен игісің+, істерің де игі.
Маған жарлықтарыңды үйретші+.
69 Менмендер маған қара күйе жағады,
Бірақ мен бар жүрегіммен нұсқауларыңды ұстанамын.
י [Йод]
73 Мені сенің қолың жаратты, қалыптастырды,
Маған түсінік сыйлашы, өсиеттеріңді үйренейін+.
74 Өзіңнен қорқатындар мені көріп қуанады,
Өйткені мен сенің сөзіңе үміт артамын+.
Ал мен нұсқауларың жайлы терең ойланамын+.
79 Өзіңнен қорқатындар, ескертулеріңді білетіндер,
Маған қайта оралсыншы.
80 Ұятқа қалмай, жарлықтарыңды мінсіз жүрекпен орындайыншы+.
כ [Каф]
81 Құтқаруыңды аңсап тосамын+,
Өйткені сенің сөзіңе үміт артамын.
84 Қызметшің тағы қанша күтсін?
Қудалаушыларыма қашан үкім шығарасың+?
85 Заңыңды аяқасты ететін менмендер маған ор қазады.
86 Сенің барлық өсиеттерің сенім артуға тұрарлық.
Мен еш себепсіз қудаланып жүрмін, көмектесе көрші+!
87 Олар мені жер бетінен құртып жіберуге шақ қалды,
Бірақ мен нұсқауларыңнан бас тартқан жоқпын.
88 Айнымас сүйіспеншілігіңе сай мені аман сақташы,
Айтқан ескертулеріңді ұстанып жүрейін.
ל [Ламед]
90 Сен ұрпақтан ұрпаққа адалдық танытасың+.
Мәңгі мызғымай тұрсын деп, жерді берік орнаттың+.
91 Шешімдерің бойынша олар* күні бүгінге дейін тұр,
Олардың бәрі сенің қызметшілерің.
93 Нұсқауларыңды ешқашан ұмытпаймын,
Өйткені солар арқылы мені аман сақтап келесің+.
95 Зұлымдар мені құртуды көксейді,
Ал мен ескертулеріңе мұқият үңілемін.
96 Мен кемелділік атаулының шегі бар екенін көрдім,
Бірақ сенің өсиеттерің ұшан-теңіз.
מ [Мем]
98 Өсиетің мені жауларымнан да дана етеді+,
Өйткені мені әрдайым жетелеп жүреді.
99 Сенің ескертулерің жайлы ой жүгіртемін,
Сондықтан барлық ұстаздарымдікінен де мол түсінікке иемін+.
100 Жасы үлкендерге қарағанда ақылмен әрекет етемін,
Өйткені нұсқауларыңды ұстанып келемін.
101 Сөзіңді берік ұстану үшін,
Кез келген зұлым жолдан аулақ жүремін+.
102 Шешімдеріңнен еш таймаймын,
Өйткені өзің тәлім беріп келесің.
104 Нұсқауларыңның арқасында түсінікпен әрекет етемін+,
Сондықтан кез келген жалған жолды жек көремін+.
נ [Нун]
106 Мен әділ шешімдеріңді ұстануды ант еттім,
Берген сертімнен енді еш таймаймын.
108 Аузымнан шыққан мадағым, уа, Ехоба!
109 Өміріме үнемі қауіп төніп тұрады,
Бірақ мен сенің заңыңды ұмыт қалдырмадым+.
111 Ескертулеріңді мәңгілік меншігім еттім,
Өйткені олар жүрегімді қуанышқа толтырады+.
112 Жарлықтарыңа мойынсұнуға жүрегімді бейімдедім,
Әрқашан, ақырына дейін, солай етуге бел будым.
ס [Самех]
115 Ей, қиянатшылдар, маған жоламаңдар+!
Мен Құдайымның өсиеттерін орындайын.
116 Уа, Құдай, уәдеңе сай қолдашы+,
Аман болайын.
Өзіңе үміт артамын, ұятқа қалуыма* жол бермеші+.
118 Жарлықтарыңнан безгендердің бәрінен сен бас тартасың+,
Өйткені олар алдамшы әрі арамза.
119 Сен жердегі зұлым атаулыны пайдасыз қож сияқты құртасың+,
Міне, сондықтан мен ескертулеріңді сүйемін.
120 Өзіңнен қорқып, тұла бойым қалтырайды,
Мен шешімдеріңнен қорқамын.
ע [Аин]
121 Мен әділетті де әділ әрекет еттім,
Қанаушыларымның қолына түсіре көрмеші.
122 Қызметшіңді игілікке жеткіземін деп кепілдік берші.
Менмендер маған қысым көрсетпесінші.
125 Мен сенің қызметшіңмін, маған түсінік берші+,
Ескертулеріңді біліп жүрейін.
126 Уа, Ехоба, әрекет ететін уақытың келді+,
Өйткені олар сенің заңыңды бұзды.
127 Ал мен сенің өсиеттеріңді алтыннан, тіпті саф алтыннан артық сүйемін+.
פ [Пе]
129 Ескертулерің неткен керемет!
Сондықтан оларды орындап келемін.
131 Өсиеттеріңе шөліркеп,
Ауа жетпеген адамдай аузымды ашамын+.
133 Сөзің арқылы қадамымды бағытташы,
Зұлымдық атаулы маған үстемдік жасамасын+.
134 Мені қанаушылардан құтқаршы*,
Сонда нұсқауларыңды орындаймын.
135 Қызметшіңе жүзіңнің нұрын төкші+,
Маған жарлықтарыңды үйретші.
136 Жұрт заңыңды орындамайтындықтан,
Көз жасымды көл етемін+.
צ [Цади]
138 Берген ескертулерің де әділ
Әрі толықтай сенім артуға тұрарлық.
139 Бойымды құлшыныс билеп алды+,
Өйткені дұшпандарым сөздеріңді ұмыт қалдырды.
143 Ауыртпалық пен қиындық көріп жүрсем де,
Өсиеттеріңді жақсы көре беремін.
144 Сенің ескертулерің мәңгі әділ болып қалады.
Аман болуым үшін, маған түсінік сыйлашы+.
ק [Коф]
145 Бар жүрегіммен өзіңді шақырамын, уа, Ехоба, жауап берші.
Мен жарлықтарыңды ұстанамын.
146 Өзіңді шақырудамын, мені құтқара көрші.
Мен ескертулеріңді ұстанатын боламын.
149 Айнымас сүйіспеншілігіңе сай, үніме құлақ асшы+.
Уа, Ехоба, әділеттігіңе сай мені аман сақташы.
150 Ұятсыздық* жасайтындар таяп келеді,
Олар сенің заңыңнан бас тартты.
152 Мен бұрыннан ережелеріңді білемін,
Сен оларды мәңгілікке орнаттың+.
ר [Реш]
153 Қасіретіме назар аударып, мені құтқаршы+,
Себебі сенің заңыңды ұмытқан жоқпын.
155 Зұлымдар құтқарыла алмайды,
Өйткені олар жарлықтарыңды іздемейді+.
156 Уа, Ехоба, мейірімің неткен зор+!
Мені әділеттігіңе сай аман сақтай көрші.
157 Қудалаушыларым да, жауларым да көп+,
Бірақ мен ескертулеріңнен тайған жоқпын.
158 Опасыз адамдарға жирене қараймын,
Өйткені олар айтқан сөзіңді орындамайды+.
159 Нұсқауларыңды қаншалықты жақсы көретініме қарашы!
Айнымас сүйіспеншілігіңе сай, уа, Ехоба, мені аман сақташы+.
ש [Син] не [Шин]
162 Мен мол олжаға батқан кісідей
Сенің сөзіңе қуанып шаттанамын+.
164 Әділ шешімдерің үшін күніне жеті рет өзіңді мадақтаймын.
166 Уа, Ехоба, мені құтқарасың деп үміттенемін,
Өсиеттеріңді орындап жүремін.
168 Нұсқауларың мен ескертулеріңді орындаймын,
Өйткені барлық істерім өзіңе аян+.
ת [Тав]
169 Жалбарынған үнімді естіші, уа, Ехоба+!
Сөзіңе сай маған түсінік сыйлашы+.
170 Өтінішіме құлақ асып, ықыласыңды түсірші,
Берген уәдеңе сай құтқара көрші.
171 Аузымнан мадақ сөздер түспесін+,
Себебі сен маған жарлықтарыңды үйретесің.
172 Тілім сөзіңді әнге қосып тізбектесін+,
Өйткені өсиеттеріңнің бәрі әділ.
174 Уа, Ехоба, құтқаруыңды зарыға күтемін,
Сенің заңыңды жақсы көремін+.
175 Жанымды аман сақташы, өзіңді мадақтайын+,
Шешімдерің маған қолғабыс болсын.
176 Мен жоғалған қой іспетті адасып жүрмін+.
Қызметшіңді іздеп, тауып алшы,
Өйткені өсиеттеріңді ұмыт қалдырмадым+.