Қорынттықтарға 1-хат
6 Араларыңдағы қайсыбіріңнің өзгемен дауы болса+, қасиеттілердің емес, әділетсіздердің сотына жүгінуге қалайша дәті барады? 2 Әлде қасиеттілердің адамзатқа сот жүргізетінін+ білмеуші ме едіңдер? Ал адамзатқа сот жүргізетін болсаңдар, ұсақ-түйек мәселелерді шешуге жарамағандарың ба? 3 Біздің періштелерге де сот жүргізетінімізді+ білмейсіңдер ме? Онда күнделікті өмір мәселелерін де шеше алатындарың сөзсіз. 4 Ал осындай мәселелерді шешу керек болып жатса+, қауымнан тыс адамдарды төреші етпексіңдер ме? 5 Мұны сендерді ұялту үшін айтып отырмын. Араларыңда бауырластарына төрелік айтатын бірде-бір парасатты адамның болмағаны ма? 6 Бауырластардың бірі екіншісін сотқа, сот болғанда да сенбейтіндердің сотына, апаратыны қалай?!
7 Бір-біріңмен соттасқандарыңның өзі — жеңілгендерің ғой. Өйткенше неге әділетсіздікке төзбеске+? Неге ақыларыңды жегізе салмасқа? 8 Ал сендер, керісінше, өздерің әділетсіздік жасайсыңдар, өзгенің ақысын жейсіңдер, әрі мұны өз бауырластарыңа істейсіңдер.
9 Жоқ әлде әділетсіздер Құдай Патшалығын мұра етпейтінін білмейсіңдер ме+? Алданбаңдар: азғындар*+, пұтқа табынушылар+, неке адалдығын бұзушылар+, табиғи емес жыныстық қатынаста қолданылатын еркектер+, еркекқұмар еркектер*+, 10 ұрылар, ашкөздер+, маскүнемдер+, өзгелерді балағаттайтындар, тонаушылар Құдай Патшалығын мұра етпейді+. 11 Кезінде кейбіреулерің сондай болдыңдар. Бірақ тазардыңдар+, қасиетті болдыңдар+, әрі Иеміз Иса Мәсіхтің атымен және Құдайымыздың рухымен әділ деп жарияландыңдар+.
12 Менің не істеймін десем де, қақым бар, бірақ бәрі бірдей пайдалы емес+. Не істеймін десем де, қақым бар, бірақ еш нәрсеге тәуелді болуыма жол бермеймін. 13 Тамақ асқазан үшін, ал асқазан тамақ үшін, бірақ Құдай бұл екеуін де құртып жібереді+. Дене болса азғындық* үшін емес, Иеміз үшін қызмет етуі тиіс+, ал Иеміз денеміздің қамын ойлайды. 14 Құдай өз құдіретімен+ Иемізді өлімнен тірілтіп алды+, бізді де тірілтеді+.
15 Әлде денелеріңнің Мәсіхтің денесінің мүшесі екенін білмейсіңдер ме+? Олай болса, оның денесінің мүшелерін алып, жезөкшенің денесіне мүше етіп беруіме бола ма? Әрине, болмайды! 16 Жезөкшемен жақындасқан адам онымен бір дене болатынын білмеуші ме едіңдер? Себебі Құдай: “Екеуі біртұтас* болады”,— деген+. 17 Ал Иемізге қосылған адам онымен бір ойда* болады+. 18 Азғындықтан* аулақ болыңдар*+! Адамның жасауы мүмкін кез келген күнәсі денесінен тысқары, ал азғындық жасайтын адам өз денесіне қарсы күнә істейді+. 19 Жоқ әлде денелерің бойларыңдағы Құдай рухының ғибадатханасы+ екенін білмейсіңдер ме+? Сендер өздеріңе тиесілі емессіңдер+, 20 өйткені қымбат бағаға сатып алындыңдар+. Ендеше денелеріңмен+ Құдайды дәріптеңдер+!