4 Балаларым, әке тәрбиесіне құлақ асыңдар+,
Түсінікке ие болу үшін ден қойыңдар.
2 Өйткені пайдалы ақыл-кеңес беремін,
Бас тартпаңдар+ менің тәлімімнен.
3 Өзім де әкемнің жақсы ұлы болғанмын+,
Анамның ерекше жақсы көретін баласы едім+.
4 Әкем маған былай үйрететін:
“Сөзімді жүрегіңде мықтап сақта+,
Өсиеттерімді орындап, ұзақ ғұмыр кеш+.
5 Даналыққа кенел, түсінікке ие бол+,
Айтқандарымды ұмытпа, олардан ауытқыма.
6 Даналықты тастама, ол сені қорғайды,
Оны жақсы көр, сені аман сақтайды.
7 Ең маңыздысы — даналық+, соған қол жеткіз,
Басқаларына қоса, түсінікке де ие бол+.
8 Оны жоғары бағала, мәртебеңді өсірер+,
Құшағыңнан шығарма, абыройыңды асырар+.
9 Ол басыңа әдемі гүлдесте кигізер,
Әсем тәж іспетті көркіңді келтірер”.
10 Тыңда, балам, айтқанымды қабыл ал,
Сонда өмір жасың ұлғаяр+.
11 Сені даналықтың жолымен жетелеймін+,
Шыншылдықтың жолымен алып жүремін+.
12 Жүргенде, ештеңе бөгет болмайды,
Жүгіргенде, ештеңеге сүрінбейсің.
13 Тәлім-тәрбиені берік ұстап, одан ажырама+,
Оны сақта, ол — сенің өмірің+.
14 Зұлымдардың жолына түспе,
Жамандардың соқпағымен жүрме+.
15 Одан қашып, жолама+,
Кері бұрылып, аулақ кет+.
16 Олар жамандық жасамайынша, ұйықтамайды,
Біреуді құлатпайынша, көз ілмейді.
17 Олар зұлымдықтың нанын жейді,
Зорлық-зомбылықтың шарабын ішеді.
18 Әділдің жолы таң шапағы іспетті,
Тал түс болғанша жарқырай түседі+.
19 Зұлымның жолы қараңғы түнектей,
Ол не нәрсеге сүрініп құлайтынын білмейді.
20 Балам, сөздеріме ден қой,
Айтқандарыма мұқият құлақ түр.
21 Олардан көз жазба,
Жүрегіңнің түкпірінде сақта+.
22 Себебі оларды тапқандар өмірді иемденер+,
Он екі мүшесі сау болар.
23 Бәрінен де бұрын сақта+ жүрегіңді,
Өйткені ол — өмірдің қайнар көзі.
24 Тіліңнен жалған сөз шықпасын+,
Аузың қулық-сұмдыққа бармасын.
25 Көзің тура алдыңа қарасын,
Назарың тек алда болсын+.
26 Жүретін жолыңды тегісте+,
Сонда нық басып жүресің алға.
27 Оңға да, солға да бұрылма+,
Жаман жолға аяқ баспа.