Хагей
2 Жетінші айдың жиырма бірінші күні Хагей+ пайғамбар арқылы Ехоба былай деді: 2 “Яһуданың әміршісі+ Салател ұлы Зоробабелден+, бас діни қызметкер Ехосадық+ ұлы Ешуа+ мен қалған жұрттан мынаны сұрашы: 3 —Араларыңда мына үйдің бұрынғы салтанатын көрген адам бар ма+? Бұл үйдің қазіргі көрінісі қандай? Бұрынғысымен салыстырғанда, түкке тұрғысыз болып тұр емес пе+?
4 Дегенмен берік бол, Зоробабел. Сен де берік бол, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуа,— дейді Ехоба.
Осы елдегі күллі халық, сендер де берік болып+, жұмысты қолға алыңдар,— дейді Ехоба.
Өйткені мен сендерге жар боламын+,— дейді Әскербасы Ехоба.— 5 Мысырдан шыққанда сендерге нені уәде еткенімді ұмытпаңдар+, менің рухым араларыңда бола бермек*+. Еш қорықпаңдар+.
6 Өйткені Әскербасы Ехоба мынаны айтады: —Аз уақыттан соң мен тағы да бір рет аспан мен жерді, теңіз бен құрлықты шайқалтамын+.
7 Мен барлық халықтарды сілкимін, сонда барлық халықтардың бағалы қазыналары осы үйге келеді+, осылай мен оны даңққа бөлеймін+,— дейді Әскербасы Ехоба.
8 Күміс те менікі, алтын да менікі,— дейді Әскербасы Ехоба.
9 Бұл үйдің болашақтағы салтанаты бұрынғы үйдікінен де зор болады+,— дейді Әскербасы Ехоба.
Мен осы жерге тыныштық орнатамын+,— дейді Әскербасы Ехоба”.
10 Тоғызыншы айдың жиырма төртінші күні, Дарий патшаның билік құруының екінші жылы, Ехоба Хагей+ пайғамбарға сөзін арнап былай деді: 11 “Әскербасы Ехоба діни қызметкерлерден заң+ жайында мынаны сұрашы дейді: 12 —Егер әлдебіреу қасиетті етті киімінің қойнына салып әкеле жатып, ол нанға не көжеге, не шарапқа, не зәйтүн майына, не басқа бір тағамға тиіп кетсе, сол тағам қасиетті бола ма?” Бұған діни қызметкерлер: “Жоқ!”— деп жауап берді.
13 Хагей: “Егер мәйітке тиіп, арамдалған адам сол нәрселерге тиіп кетсе, олар арамдала ма+?”— деп сұрағанда, діни қызметкерлер: “Иә, арамдалады”,— деп жауап берді.
14 Сонда Хагей мынаны айтты: “Ехоба былай дейді: —Мына адамдар да, мына халық та, олардың жасаған істерінің бәрі де менің көз алдымда дәл осындай. Олардың маған ұсынғандарының барлығы арамдалған.
15 Ал енді осы күннен бастап мына жайлы ойланыңдаршы: Ехобаның ғибадатханасының тастары қаланбай тұрғанда+, 16 жағдай қандай болған еді? Сол кезде үйілген астықтан 20 себет дән аламын деп барған адам небәрі 10 себет алатын. Жүзім сығатын астаудан 50 ыдыс шарап аламын деп барған адам бар-жоғы 20 ыдыс алатын+. 17 Мен сендерді жазалап, істеген істеріңнің бәрін аптап желмен, зеңмен+, бұршақпен зақымдадым. Сонда да бірде-біреуің маған бет бұрмадыңдар,— дейді Ехоба.
18 Бүгін, тоғызыншы айдың жиырма төртінші күні, Ехобаның ғибадатханасының іргетасы қаланды+. Осы күннен бастап мына жайлы ойланыңдаршы: 19 Қамбаларыңда* астық бар ма+? Жүзім, інжір, анар, зәйтүн ағаштарың әлі жеміс берген жоқ, солай ғой? Ал енді осы күннен бастап сендерге батамды жаудырамын+”.
20 Сол айдың жиырма төртінші күні Ехоба екінші рет Хагейге сөзін арнап+ былай деді: 21 “Яһуданың әміршісі Зоробабелге мынаны айт: —Мен аспан мен жерді сілкимін+. 22 Мен патшалардың тақтарын төңкеріп, халықтардың патшалықтарын күш-қуатынан айырамын+. Соғыс арбаларын адамдарымен қоса аударып тастаймын. Салт аттылар астындағы аттарымен құлап, әрқайсысы өз бауырының семсерінен қаза табады+.
23 Сол күні қызметшім, Салател+ ұлы Зоробабел+, сені шақырамын,— дейді Әскербасы Ехоба.— Сені мөрлі жүзік іспетті етемін, өйткені мен сені таңдап алдым,— дейді Ехоба. Әскербасы Ехоба осыны айтады”.