Софония
3 Бүлікшіл, арамдалған, қанаушы қала қасіретке қалады+!
2 Ол еш тыңдамады+, жөнге салғанға да көнбеді+.
Ехобаға сенім артпады+, Құдайына жақындамады+.
3 Оның әміршілері ақырған арыстандай+.
Ал билері түнде жортқан қасқырдай,
Олар таң атқанша мүжитін сүйек те қалдырмайды.
4 Пайғамбарлары тәкаппар әрі опасыз жандар+.
Күнде таңертең шешімдерін паш етеді+,
Күндізгі жарық сияқты мұнысы тұрақты.
Ал әділетсіз адам ұятты білмейді+.
6 “Мен халықтарды жойып жібердім,
Олардың бұрыш-бұрыштағы мұнаралары бос қалды.
Көшелерін ойрандадым, олармен жүретін ешкім қалмады.
Қалалары қирап, бірде-бір адам, бірде-бір тұрғын қалған жоқ+.
7 Қаланы бар күнәсі үшін жауапқа тартқанымда,
Тұрып жатқан жері жойылып кетпес үшін+,
Оған “менен қорқып, түзетуімді қабылда” деген едім+.
Әйтсе де олар зұлымдық жасауға бұрынғыдан бетер құлшынды+.
8 Сондықтан олжа алуға* келетін күнге дейін,
Мені күтіңдер*+,— дейді Ехоба,
—Өйткені халықтардың басын қосып, патшалықтарды жинап,
Оларға ашу-ызамды, лаулаған қаһарымды төгуді шештім+.
Менің құлшынысым от іспетті бүкіл жер бетін жалмап қояды+.
9 Сол кезде халықтарға таза тіл сыйлаймын,
Осылай олардың бәрі Ехобаны атын атап шақырып,
10 Маған жалбарынғандар, бытырап кеткен халқымның қызы,
Эфиопия өзендерінің аумағынан маған арнап сый-тартулар әкеледі+.
11 Бас көтеріп, маған қарсы жасаған күллі ісің үшін
Сол күні сен ұятқа қалмайсың+,
Себебі паңдана бөсетіндерді араңнан аластатамын,
Енді қайтып киелі тауымда кеуде көтермейсің+.
13 Исраилдің аман қалғандары+ енді әділетсіздік жасамайды+,
Өтірік айтпайды, ауыздарынан қулық-сұмдық шықпайды.
Олар ішіп-жеп, тынығып жатады, ешкім оларды қорқытпайды+”.
14 Қуана айғай сал, уа, Сион қызы!
Масайрап дауыста, уа, Исраил+!
Шын жүректен шаттанып, мәз-мейрам бол, уа, Иерусалим қызы+!
15 Ехоба саған шығарған үкімінің күшін жойды+.
Ол жауыңды кері қайтарды+.
Исраилдің Патшасы Ехоба сенің араңда+.
Басыма апат түседі деп енді қорықпайсың+.
16 Сол күні Иерусалимге былай делінеді:
“Уа, Сион, қорықпа+!
Қолыңнан күш кетпесін.
Саған ол қатты шаттанады+,
Саған деген сүйіспеншілігінен рақат табады.
Сен үшін шат-шадыман болып, қуана айғайлайды.
18 Мейрамдарыңа қатыса алмай, қайғырып жүргендерді жинаймын+,
Олар масқара болғанының кесірінен жырақта жүр еді+.
19 Міне, сол кезде сені езгіге салғандарға қарсы шығамын+,
Ақсаңдағандарды құтқарамын+,
Бытырап кеткендерді жинап аламын+.
Өздері масқара болып жүрген жердің бәрінде
Оларды мадаққа бөлеп, абыройын асырамын.
20 Сол кезде сендерді елдеріңе алып келемін,
Иә, сол кезде бәріңді біріктіремін.