Жүніс
3 Бұдан кейін Ехоба Жүніске екінші рет сөзін арнап былай деді+: 2 “Орныңнан тұр да, ұлы қала Ниневияға+ барып, мен айтқан хабарды жарияла!”
3 Жүніс Ехобаның сөзіне құлақ асып+, жолға шықты. Ниневия+ өте үлкен қала еді, оны аралап шығуға үш күн кететін. 4 Сонымен, Жүніс қалаға кіріп: “Қырық күннен кейін Ниневия жойылады!”— деп күні бойы жариялап жүрді.
5 Ниневия халқы Құдайға сенді+. Олар үлкен демей, кіші демей — бәрі ораза ұстап, үстеріне азалы киім* киді. 6 Құдайдың хабары Ниневия патшасына жеткенде, ол тағынан тұрып, патша киімін шешіп тастап, үстіне азалы киім киді де, күлге отырды. 7 Сондай-ақ өзінің және беделді адамдарының атынан мынадай жарлық шығарды:
“Адам баласы нәр татпасын, ірілі-ұсақты малға да жем берілмесін! Тіршілік атаулы су да ішпесін! 8 Адам және мал атаулы азалы киім мен жамылғы жамылсын! Әркім Құдайға барын салып жалбарынсын, жаман жолынан қайтып, зұлымдық жасауын қойсын! 9 Кім біледі, бәлкім, шынайы Құдай райынан қайтып, лаулаған қаһарын басар. Сөйтіп, біз аман қалармыз”.
10 Сонда шынайы Құдай Ниневия халқының әрекеттерін, жаман жолдан қайтқанын+ көріп, оларды құртып жіберемін деген райынан қайтты+.