Нақыл сөздер
2 Бай мен кедейге ортақ жайт:
Екеуін де Ехоба жаратты+.
4 Кішіпейілділік пен Ехобадан қорқу
Байлыққа, абырой мен өмірге жеткізер+.
5 Бұзылған адамның жолы тікен мен тұзаққа толы,
Өмірін бағалайтын жан олардан аулақ жүреді+.
9 Жомарт жан жарылқанады,
Өйткені азығын кедей-кепшікпен бөліседі+.
10 Кемсітушіні қусаң, жанжал тоқтар,
Дау басылып, жәбір тыйылар.
12 Ехобаның көзі білімді сақтайды,
Ол опасыздың сөзін жоққа шығарады+.
13 Жалқау адам: “Далада арыстан жүр!
Алаң ортасында жарып кетеді”,— деп сылтау айтар+.
19 Ехобаға сенімді болуың үшін,
Бүгін саған білім беріп отырмын.
20 Бұған дейін де саған жазып,
Ақыл мен білім бермеп пе едім?!
21 Осылай өзіңді жібергенге тура жауап беруің үшін,
Шын әрі сенімді сөздерді үйретпеп пе едім?!
23 Ехобаның өзі олардың мүддесін қорғайды+,
Оларды алдағандарды өмірінен айырады.
24 Қызба мінездімен жолдас болма,
Ашушаңмен байланыспа.
27 Төлейтін түгің болмаса,
Астыңдағы төсегің тартып алынар!
29 Өз ісіне шебер жанды көргенсің бе?
Ол қарапайым адамдардың емес,
Патшалардың алдында тұрады+.