Матай
25 Сондай-ақ Көк Патшалығы қолдарына шам алып+, күйеужігітті+ қарсы алуға шыққан он қызға ұқсайды. 2 Олардың бесеуі ақылсыз, бесеуі ақылды болыпты+. 3 Ақылсыз қыздар шамдарын алғанмен, құятын артық май алмайды, 4 ал ақылдылары шамдарымен қоса, май құйылған құтыларын да ала шығады. 5 Күйеужігіт кешігіп жатқандықтан, барлығы қалғып, ұйқыға кетеді. 6 Түннің дәл ортасында “Күйеужігіт келе жатыр! Оны қарсы алуға шығыңдар!” деген қатты дауыс естіледі. 7 Сол кезде қыздардың бәрі орындарынан тұрып, шамдарын дайындайды+. 8 Ақылсыз қыздар ақылдыларына: —Майларыңнан біраз беріңдерші, шамдарымыз сөнейін деп жатыр,— дейді. 9 Ақылдылары болса: —Бізге де, сендерге де жетпей қалуы мүмкін. Одан да сатушыларға барып, сатып алыңдар,— деп жауап береді. 10 Олар май сатып алуға кеткенде, күйеужігіт келіп қалады. Дайын тұрған қыздар онымен бірге той+ болатын үйге кіреді де, арттарынан есік жабылады. 11 Кейіннен қалған бесеуі келіп: —Мырза, мырза! Есікті аша көріңіз+!— деп өтінеді. 12 Ал күйеужігіт: —Шын айтамын, мен сендерді танымаймын!— деп жауап береді.
13 Сондықтан сергек болыңдар+! Өйткені сендер сол күнді де, сағатты да білмейсіңдер+.
14 Сондай-ақ Көк Патшалығы басқа елге сапарға шығарда құлдарын шақырып алып, өз мүлкін аманаттап тапсырған адамға ұқсайды+. 15 Ол әрқайсысына қабілетіне қарай, біреуіне бес, екіншісіне екі, үшіншісіне бір талант* күміс тиын беріп, сапарға аттанады. 16 Бес талант алғаны дереу барып, оны айналымға жіберіп, тағы бес талант табады. 17 Екі талант алғаны да дәл осылай істеп, тағы екі талант табады. 18 Ал бір ғана талант алғаны барып, қожайынының ақшасын жерге көміп тастайды.
19 Арада көп уақыт өткен соң қожайыны келіп, құлдарынан есеп беруді талап етеді+. 20 Сонда бес талант алған құл тағы да бесеуін әкеліп: —Қожайын, сіз маған бес талант аманаттап едіңіз, міне, үстінен тағы бес талант пайда түсірдім+,— дейді. 21 Қожайыны оған: —Жарайсың, жақсы да адал құл! Аз істе сенімді болғаның үшін, сені көп істің басына тағайындаймын+. Қожайыныңның қуанышына ортақтас+,— дейді. 22 Сосын екі талант алғаны келіп, оған: —Қожайын, сіз маған екі талант аманаттап едіңіз, міне, үстінен тағы екі талант пайда түсірдім,— деп есеп береді+. 23 Қожайыны оған: —Жарайсың, жақсы да адал құл! Аз істе сенімді болғаның үшін, сені көп істің басына тағайындаймын. Қожайыныңның қуанышына ортақтас,— дейді.
24 Ақырында, бір талант алған құл келіп: —Қожайын, өзіңіз екпеген жерден орып, желпімеген жерден жинайтын қатал адам екеніңізді білетінмін+. 25 Сондықтан сізден қорықтым да, барып, талантыңызды жерге көміп тастадым. Мінеки, соныңыз,— дейді. 26 Бұған қожайыны: —Әй, зұлым да жалқау құл! Менің екпеген жерден орып, желпімеген жерден жинайтынымды білдің емес пе? 27 Олай болса, ақшаларымды айналымға жіберуің керек еді. Сонда қайтып келгенімде, өзімдікін өсіммен қайтарып алатын едім,— дейді.
28 Сөйтіп, қызметшілеріне: —Мынадан талантын алып қойып, он таланты барға беріңдер+. 29 Өйткені кімде бар болса, оған тағы да беріліп, сол адамда молынан болады. Кімде жоқ болса, тіпті өзінде бары да алынып қойылады+. 30 Ал мына түк пайдасы жоқ құлды сырттағы қара түнекке лақтырыңдар! Сол жерде ол зар еңіреп, қинала тістенетін болады,— дейді.
31 Ұлылыққа бөленген Адам Ұлы+ періштелерімен бірге келгенде+, салтанатты тағына отырады. 32 Сол уақытта оның алдына барлық халықтар жиналып әкелінеді. Ол шопанның қойларды серкелерден бөлгеніндей, адамдарды екі топқа бөліп, 33 қойларды+ оң жағына, серкелерді сол жағына қояды+.
34 Сонда Патша оң жағындағыларға былай дейді: —Әкем жарылқағандар, келіңдер! Дүниенің негізі қаланғаннан* бері сендер үшін Әкем даярлаған Патшалықты мұра етіңдер. 35 Өйткені сендер мен аш болғанда тамақ, шөлдегенде су бердіңдер. Бейтаныс болсам да, маған қонақжайлылық таныттыңдар+. 36 Киімсіз қалғанымда, киіндірдіңдер+. Ауырғанымда, қамқорлық жасадыңдар. Түрмеде отырғанымда, маған келдіңдер+. 37 Сонда әділдер одан: —Ием, қашан біз сіздің аш болғаныңызды көріп, тамақ бердік, шөлдегеніңізді көріп, су бердік+? 38 Қашан бейтаныс болғаныңызда, сізге қонақжайлылық таныттық не киімсіз қалғаныңызда, киіндірдік? 39 Қашан ауырғаныңызда не түрмеде отырғаныңызда, сізге бардық?— деп сұрайтын болады. 40 Бұған Патша: —Сендерге шындығын айтамын, бұларды ең кіші деген бауырларымның біріне жасағандарың — маған жасағандарың+,— деп жауап береді.
41 Бұдан кейін Патша сол жағындағыларға былай дейді: —Менен аулақ кетіңдер+, қарғыс атқандар! Сендер Ібіліс пен оның періштелеріне+ дайындалған мәңгілік отқа* түсесіңдер+! 42 Өйткені сендер мен аш болғанда тамақ, шөлдегенде су бермедіңдер. 43 Бейтаныс болғанымда, қонақжайлылық танытпадыңдар, киімсіз қалғанымда, киіндірмедіңдер, ауырғанымда және түрмеде отырғанымда, маған қамқорлық жасамадыңдар. 44 Сонда олар да: —Ием, қашан біз сіздің ашыққаныңызды не шөлдегеніңізді, бейтаныс болғаныңызды не киімсіз қалғаныңызды, ауырғаныңызды не түрмеде отырғаныңызды көріп, сізге көмектеспедік?— деп сұрайтын болады. 45 Сол кезде ол: —Сендерге шындығын айтамын, бұларды ең кіші деген бауырларымның біріне жасамағандарың — маған жасамағандарың+,— деп жауап береді. 46 Сөйтіп, олар мәңгілікке жойылады+, ал әділдер мәңгілік өмірді иемденеді+”.