Қорынттықтарға 2-хат
4 Құдайдың мейірімінің арқасында осы қызметке ие болғандықтан, еш талмаймыз. 2 Қайта, жасырын да ұят істерден аулақ болып, еш қулық-сұмдыққа бармаймыз, Құдай сөзін де бұрмаламаймыз+. Оның орнына, шындықты аша отырып, Құдай алдында өзімізді барша адамдардың ар-ұжданына үлгі етеміз+. 3 Біз жариялап жүрген ізгі хабар жабулы болса, жойылатындар үшін жабулы. 4 Сенбейтіндер Мәсіх туралы салтанатты ізгі хабардың нұрын көре алмау үшін+, осы дүниенің* құдайы+ олардың саналарын соқыр қылып қойған+. Ал Мәсіх Құдайдың кейпі болып табылады+. 5 Біз өзіміз жайлы емес, Иса Мәсіхтің Иеміз екені туралы және Иса үшін сендерге құл болғанымыз туралы уағыздап жүрміз. 6 Өйткені: “Түнекте жарық нұрын шашсын”,— деген Құдай+ Исаның жүзі арқылы жүрегімізге нұрын төкті+. Ол мұны өзі туралы керемет біліммен жүрегімізді нұрландыру үшін істеді.
7 Алайда адам күшінен асқан күш өзіміздікі емес, Құдайдікі екені анық көріну үшін+, осы қазынаны қыш ыдыстарда+ сақтаймыз+. 8 Біз жан-жақтан қыспақталудамыз, бірақ қолымыз байланып қалған жоқ; абыржулымыз, бірақ тығырыққа тірелген жоқпыз*+; 9 қуғындалудамыз, бірақ Құдай бізді тастаған жоқ+; бізді құлатуда, бірақ жойылған жоқпыз+. 10 Исаның өмірі де біздің тәнімізден көрініс табу үшін, бізге Исаға сияқты әрдайым өлім қаупі төніп тұрады+. 11 Себебі тірі жүрген біздер Иса үшін ұдайы өліммен бетпе-бет келеміз+. Осылай оның өмірі де біздің ажалды тәнімізден көрініс табады. 12 Сонымен, біздің өліммен бетпе-бет келуіміздің арқасында сендер өмірге ие болудасыңдар.
13 Киелі жазбада: “Мен сендім, сондықтан сөйледім”,— делінген+. Біз де сенеміз, сол себепті сөйлейміз. 14 Өйткені Исаны тірілткен Құдай бізді де сол сияқты тірілтетінін және сендермен бірге оның алдына апаратынын білеміз+. 15 Осының бәрін сендердің игіліктерің үшін басымыздан өткіздік. Бұл бұрынғыдан да көп адам Құдайға ризашылық білдіріп жатқандықтан, оның зор рақымы арта түсу үшін болды, осылай Құдайдың даңқы аса бермек+.
16 Сондықтан біз еш талмаймыз. Тәніміз тозып әлсіресе де, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде. 17 Көріп жатқан қиындықтарымыз уақытша әрі жеңіл болғанмен, бізді әлдеқайда зор, мәңгілік ұлылыққа жеткізеді+. 18 Біз көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз+. Өйткені көрінетін нәрселер уақытша, ал көрінбейтіндер мәңгілік.