Еремия
20 Имердің ұрпағы Пашхур Еремияның пайғамбарлық етіп, осы жайттарды айтқанын естіп тұрды. Пашхур діни қызметкер әрі Ехобаның үйінің бас меңгерушісі еді. 2 Сонда ол Еремия пайғамбарға дүре соғып, оны Ехобаның үйіндегі Жоғарғы бениямин қақпасының маңында тұрған ағаш бұғауға отырғызып қойды+. 3 Келесі күні Пашхур Еремияны бұғаудан босатты. Сонда Еремия оған былай деді: “Ехоба атыңды Пашхур* емес, Магормисабиб*+ деп атады. 4 Ехоба мынаны айтады: —Мен сені өзіңе де, достарыңның бәріне де қорқынышты болатындай күйге түсіремін. Олар сенің көз алдыңда жауларының семсерінен мерт болады+. Бүкіл Яһуданы Бабыл патшасының қолына беремін. Ол халықты Бабылға жер аударып әкетеді және семсердің жүзімен қырады+. 5 Мен мына қаланың бар байлығын, бар дүние-мүлкін, бар қымбат заттарын, сондай-ақ Яһуда патшаларының бүкіл қазынасын жауларының қолына беремін+. Мұның бәрін олар тонап, тартып алып, Бабылға әкетеді+. 6 Ал сен, Пашхур, үй ішіңмен бірге тұтқындалып, Бабылға айдаласың. Сол жерде қаза тауып, достарыңмен бірге жерленесің. Себебі сен оларға жалған пайғамбарлық айттың+”.
7 Сен мені алдадың, уа, Ехоба, мен алданып қалдым.
Күшіңді қолданып, менен басым түстің+.
Күні бойы жұрт үстімнен күліп,
Бәрі мені келеке етеді+.
8 Сөзіңді оларға жеткізген сайын, мен айғайлап:
“Зорлық-зомбылық пен жойқын апат!”— деп жар салуым керек.
Ехобаның сөзі үшін күнұзаққа қорлық көріп, ұрыс естудемін+.
Бірақ оның сөзі жүрегімде жанған оттай,
Сүйектерімде қамалған жалындай болды.
Оны ұстап тұрамын деп шаршадым.
Одан әрі шыдай алмадым+.
10 Мен көпшіліктің жаман сыбысын естідім.
Айналам толған қорқыныш+.
“Үстінен шағымданыңдар! Келіңдер, шағым айтайық!”
Маған амандық тілегенсымақтар құлағанымды күтіп+:
“Ол бір ақымақтық жасап қояр,
Сонда одан басым түсіп, өш алармыз”,— деп жүр.
11 Бірақ Ехоба айбарлы жауынгердей менің жанымда+.
Сондықтан да мені қудалағандар сүрініп, жеңе алмайды+.
Ниеттері іске аспай, олар әбден ұятқа қалады.
Масқара болғандары ешқашан ұмытылмайды+.
12 Бірақ сен, уа, Әскербасы Ехоба, әділ жанды тексересің,
13 Ехобаға ән шырқаңдар! Ехобаны мадақтаңдар!
Өйткені ол бейшараның жанын зұлымның қолынан құтқарды.
14 Жарық дүниеге келген күнімді қарғыс атсын!
Анамның мені туған күні қараң қалсын+!
15 “Перзентті болдың, ұл туылды!”— деп,
Әкеме жақсы хабар әкеліп,
Оны зор қуанышқа бөлеген кісіні қарғыс атсын!
16 Ол Ехобаның аяусыз құртып жіберген қалаларына ұқсасын.
Таңертең айқай-шу, тал түсте дабыл естісін.
17 Неге ол мені анамның құрсағында өлтірмеді екен?
Сонда анамның құрсағы қабіріме айналып,
Ол жүкті болып қала берер еді ғой+.
18 Неге ғана құрсақтан шықтым екен?!
Азап пен қайғы-қасірет көру үшін бе?
Әлде өмірден масқара болып өту үшін бе+?