Мұсаның 5-жазбасы
32 Уа, аспан, құлақ сал, мен сөйлейін!
Жер, сен де аузымнан шыққан сөздерді тыңда!
2 Өсиеттерім ұқсайды тамшылаған жаңбырға,
Айтқан сөздерім түскен мөлдір шыққа,
Шөпке себелеген жаңбырға,
Көкөніске төгілген нөсерге.
3 Мен Ехобаның есімін жариялаймын+.
Сендер паш етіңдер Құдайымыздың ұлылығын+!
5 Ал олар зұлым істер жасап келеді+,
Олар оның балалары емес, бұған өздері кінәлі+.
Олар бұзылған, азғын ұрпақ+!
Ол сені дүниеге әкелген Әкең ғой+!
Ол сені жаратып, берік орнықтырды емес пе?!
7 Бұрынғы күндерді есіңе ал,
Өткен ұрпақтардың заманы туралы ойлан,
Әкеңнен сұра, ол саған айтып берер+,
Қарттардан сұра, олар саған баяндап берер.
8 Алла Тағала халықтарға мұралық жер бергенде+,
Адам атаның ұлдарын* жан-жаққа таратқанда+,
Исраил ұлдарының санын ескеріп,
Халықтардың шегараларын белгіледі+.
11 Балапандарын ұшуға үйретіп,
Олардың үстінен қалықтаған бүркіттей,
Оларды қанат жайып көтерген,
Қауырсын қанатымен тасыған бүркіттей+,
12 Ехоба оны* жалғыз өзі алып жүрді+,
Қасында ешқандай өзге құдай болмады+.
14 Оларды табынның майымен, отардың сүтімен,
Семіз-семіз қойлармен асырады,
Текелермен және Башан қошқарларымен,
Дәні толық бидаймен асырады+.
Жүзім шырынынан* жасалған шараптан ішкізді.
15 Ал Ешурун* семіріп алған соң, бүлік шығарып тепсінді.
Ол семіріп, май жинап, қоңданды+.
Сөйтіп, өзін жаратқан Құдайдан безді+,
Құтқарушы Жартасын менсінбеді.
17 Олар құрбандықтарын Құдайға емес, жын-перілерге+,
Өздері бұрын-соңды білмеген,
Жақында ғана пайда болған,
Ата-бабалары танымаған тәңірлерге ұсынды.
19 Ехоба мұны көргенде, олардан бас тартты+,
Өйткені ұл-қыздары оны қорлады.
20 Сонда ол былай деді: “Олардан бет-жүзімді жасырамын+,
Түбінде олармен не болатынын көрейін.
Мен де түкке тұрғысыз халық арқылы олардың қызғанышын оятамын+,
Ақылсыз халық арқылы оларды қорлаймын+.
23 Мен олардың басына апаттарды үйіп-төгемін,
Жебелерімді соларға бағыттап атамын.
25 Сырттағылар семсердің жүзінен өледі.
Іштегілерді үрей билейді+,
Жас жігіт пен бойжеткеннің,
Сәби мен ақ шашты қарияның зәресі ұшады+.
26 Мен: —Оларды бытыратып жіберемін,
Адамдар арасынан есімін өшіремін,— дер едім.
—Оларды өз күшімізбен жеңдік+,
Бұған Ехобаның еш қатысы жоқ,— дейді ғой.
Қалайша жалғыз адам мыңды қуа алады?!
Екі адам он мыңды қашуға мәжбүр ете алады+?!
Олардың жүзімдері улы,
Жүзім шоқтары ащы+.
33 Шараптары жылан уындай,
Кобраның қауіпті заһарындай.
34 Олардың осы істерін сақтап қоймадым ба?!
Қамбама жинап, мөрлеп тастамадым ба+?!
35 Кек алу — менің ісім, есесін мен қайтарамын+,
Белгіленген уақыт келгенде, аяқтары таяды+,
Себебі олардың күйрейтін күні жақын,
Бастарына түсетін апаттар асығып келеді”.
36 Ехоба өз халқын соттайды+,
Бірақ олардың күші таусылғанын,
Тек қорғансыз бен әлсіздері қалғанын көргенде,
Қызметшілеріне аяушылық танытады+.
37 Сонда ол былай дейді: “Олардың тәңірлері қайда+?
Паналамақ болған жартасы қайда?
38 Олар құрбандықтарының майын жеп*,
Сұйық тартуға әкелген шараптарын ішпеп пе еді+?
Енді солар орындарынан тұрып, сендерге көмектессін.
Солар сендерге бассауғалайтын пана болсын.
Өлтіретін де, тірілтетін де менмін+.
41 Жарқылдаған семсерімді қайрап,
Үкімдерімді жүзеге асыруға кіріскенде+,
Жауларымнан кек аламын+,
Мені жек көретіндердің есесін қайтарамын.
42 Өлгендер мен тұтқындардың қанына
Жебелерімді мас қыламын,
Жау көсемдерінің басын шауып,
Семсерімді етке тойғызамын,
43 Халықтар, оның халқымен бірге қуаныңдар+,
Себебі ол қызметшілерінің төгілген қаны үшін кек алады+,
Жауларының қарымтасын қайтарады+,
Өз халқының жерін тазартады*”.
44 Мұса келіп, Нұн ұлы Хошия*+ екеуі осы жырдың сөздерін халыққа жеткізді+. 45 Күллі Исраил халқына осы сөздердің бәрін айтып болған соң, 46 Мұса оларға: “Балаларыңа осы Заңда айтылғандардың бәрін ұқыптылықпен орындауды үйретулерің үшін+, бүгін сендерге айтқан ескерту сөздерімді көңілдеріңе түйіп алыңдар+. 47 Өйткені бұлар құр сөз емес, өмірлерің соларға байланысты+. Оларды орындасаңдар, Иорданның арғы бетінен иемденетін жерде ұзақ өмір сүресіңдер”,— деді.
48 Ехоба сол күні Мұсаға мынаны айтты: 49 “Иерихонға қарсы жатқан, Моаб жеріндегі мына Абарим тауларына+, Небо тауына+, көтеріл де, мен исраилдіктердің иелігіне бергелі жатқан Қанахан еліне көз таста+. 50 Сол таудың үстінде, Хор тауында қайтыс болған ағаң Харон сияқты+, сен де көз жұмып, ата-бабаларыңа қосыласың. 51 Өйткені Зин шөліндегі Қадештегі Мериба суының қасында исраилдіктермен бірге тұрғанда, екеуің маған адалдық танытпадыңдар+, Исраил халқының алдында менің киелі екенімді паш етпедіңдер+. 52 Исраил халқына бергелі жатқан жерді сен алыстан көресің, бірақ оған кірмейсің+”.