“Өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерінің сілтемелері
3—9 тамыз
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 13, 14
“Берік тұрыңдар, Ехобаның... қалай құтқаратынын көріңдер”
(Мұсаның 2-жазбасы 14:13, 14) Сонда Мұса халыққа: “Қорықпаңдар. Берік тұрыңдар, Ехобаның бүгін сендерді қалай құтқаратынын көріңдер. Көз алдарыңдағы мына мысырлықтарды енді қайтып ешқашан көрмейсіңдер. 14 Сендер үшін Ехобаның өзі шайқасады. Ал сендер тыныш тұратын боласыңдар”,— деп жауап берді.
Мұса — сенім танытқан пайғамбар
Исраилдіктер қашып құтыла алу үшін Құдай Қызыл теңізді қақ жарып, жол ашпақ болғанын Мұса білмесе керек. Алайда ол Құдайдың өз халқын қандай да бір жолмен қорғайтынына сенімді еді. Ол исраилдіктердің де бұған сенімді болғанын қалап: “Қорықпаңдар, берік тұрыңдар! Бүгін-ақ Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер”,— деп айтқан (Мысырдан шығу 14:13). Мұса исраилдіктерге берік сенім дамытуға көмектесе алды ма? Иә, Киелі кітапта тек Мұсаға ғана емес, барлық исраилдіктерге қатысты: “Сенімі болғандықтан исраилдіктер Қызыл теңізден құрғақ жермен өткендей өтті”,— делінген (Еврейлерге 11:29). Мұсаның танытқан сенімі тек оған ғана емес, оның сеніміне еліктеген әрбір адамға да пайдасын тигізді.
(Мұсаның 2-жазбасы 14:21, 22) Мұса қолын теңізге қарай созғанда, Ехоба шығыстан күшті жел тұрғызды. Жел түні бойы соғып, суды екіге бөліп, теңіздің түбін құрғатты. 22 Сөйтіп, исраилдіктер теңіз ортасындағы құрғақ жермен өтті. Ал су олардың оң және сол жағында қабырға іспетті тұрды.
Құдіреті шексіз, десе де сезімдерді ескеретін Құдай
13 Мұсаның 2-жазбасы 14:19—22 оқыңыз. Бір сәтке исраилдіктермен бірге сол жерде тұрғаныңызды елестетіп көріңізші. Артыңызда мысырлықтар болса, алдыңызда Қызыл теңіз. Қашарға жол жоқ. Сол сәтте Құдай іске кіріседі. Қостың алдындағы бұлтты бағана артқа қарай жылжып, сіздер мен мысырлықтардың арасына келіп тұрады. Мысырлықтардың жағы қара түнекке оранып, сіздің қосыңыз жап-жарық болып кетеді! Сосын Мұсаның теңізге қарай қол созғанын көресіз. Сонда шығыстан қатты жел тұрып, теңіздің арғы бетіне даңғыл жол ашылады. Сөйтіп, сіз ашылған даңғыл жолға, яғни теңіздің түбіне аяқ басасыз. Сіз ғана емес, қасыңызда мал айдаған отбасыңыз да, қалған жұрт та бар. Бәрі бір тәртіппен келе жатыр. Теңіздің түбі балшық я тайғанақ емес, қайта, құп-құрғақ әрі жүруге ыңғайлы екенін көріп таң-тамаша боласыз. Тіпті ең баяу жүргендердің өзі теңіздің арғы бетіне аман-есен өте алды.
(Мұсаның 2-жазбасы 14:26—28) Ехоба Мұсаға: “Қолыңды теңізге қарай соз. Су орнына келіп, мысырлықтарды, олардың соғыс арбалары мен салт аттыларын басып қалсын”,— деді. 27 Мұса сол заматта қолын теңізге қарай созды. Таңға жуық теңіз қайтадан қалпына келе бастады. Мысырлықтар қашпақ болғанда, Ехоба оларды теңізге батырып жіберді. 28 Орнына келген су исраилдіктерді қуып теңізге кірген соғыс арбалары мен салт аттыларды, перғауынның күллі әскерін басып қалды. Олардың бірде-бірі аман қалмады.
Ехобаны ешқашан ұмытпа
Мысырлықтар бұзылған күймелерімен арпалысып жатқанда, исраилдіктер теңіздің шығыс жағалауына шығып үлгереді. Кейін Мұса қолын Қызыл теңізге қарай созды, сонда Ехоба су қабырғаларын құлатты. Миллиондаған тонна су перғауын мен оның жауынгерлерін басып қалды. Олардың бірде-біреуі тірі қалмады. Осылайша Исраил азат етілді! (Мыс. ш. 14:26—28; Заб. 135:13—15).
Бұл оқиғаны естіген сол төңіректегі халықтарды ұзақ уақыт бойы үрей биледі (Мыс. ш. 15:14—16). Мысалы, қырық жылдан кейін иерихондық Рахаб екі исраилдік кісіге: “Сендер біздің үрейімізді алдыңдар... сендер Мысырдан келе жатқанда Жаратушы Ие алдарыңнан [Қызыл теңіздің] суын тартқанын... естідік”,— деген болатын (Ешуа 2:9, 10). Ехобаның өз халқын қалай құтқарғанын тіпті басқа халықтар да ұмытпаған. Ал исраилдіктердің Ехобаны ұмытпауға әлдеқайда көп себебі болғаны анық.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 2-жазбасы 13:17) Перғауын халықты жібергенде, Құдай оларды філістірлердің жерінен өтетін төте жолмен алып жүрген жоқ. Өйткені Құдай: “Соғысу керектігін көргенде, халық алған бетінен тайып, Мысырға кері қайтып жүрер”,— деді.
it-1 1117-б.
Даңғыл жол, жол
Байырғы уақыттан-ақ жолдар мен даңғыл жолдар, соның ішінде бірқатар сауда жолдары да, Палестина өлкесіндегі қалалар мен патшалықтарды біріктірген (М4ж 20:17—19; 21:21, 22; 22:5, 21—23; Еш 2:22; Би 21:19; С1ж 6:9, 12; 13:17, 18; “ЦАРСКАЯ ДОРОГА” қараңыз). Негізгі деп саналған жол Мысырдан шығып, філістірлердің Газа және Ашкелон қалаларына дейін жеткен. Содан біртіндеп солтүстік-шығысқа, Мегиддо жаққа қарай бұрылған. Әрмен қарай бұл жол Ғалилея теңізінің солтүстігіндегі Хасорға, сосын Дамаскіге дейін жалғасып жатқан. Філістір елі арқылы өткен осы жол Мысырдан Уәде етілген жерге апаратын ең қысқа жол болған. Алайда исраилдіктер філістірлердің шабуылынан қорқып қалмас үшін, Ехоба оларды сүйіспеншілікпен басқа жолмен алып жүрді (М2ж 13:17).
(Мұсаның 2-жазбасы 14:2) “Исраилдіктерге: — Кері бұрылып, Миғдол мен теңіздің ортасындағы Пи-Хахироттың алдына, Бағал-Сепонға қарама-қарсы теңіз жағалауына қос тіксін,— деп айт.
it-1 782-б., 2, 3-абз.
Мысырдан шығу
Исраилдіктер кесіп өту үшін Қызыл теңіз қай жерінен бөлінген?
Исраилдіктердің екінші аялдаған жерінде, яғни “шөл даланың шетіндегі Етамда”, Құдай Мұсаға “кері бұрылып,.. Пи-Хахироттың алдына,.. теңіз жағалауына қос тігуді” бұйырды. Осы амалдың арқасында перғауын “исраилдіктер адасып кетті” деп ойлар еді (М2ж 13:20; 14:1—3). Исраилдіктер Эль-Хадж жолымен жүрген болса керек деп санайтын ғалымдар да олардың кері бұрылып кеткенін айтады. Олардың пайымдауынша, Суэц шығанағының солтүстіктегі бас нүктесіне жеткенде, исраилдіктер артқа бұрылып, осы шығанақтың батысымен, ал Джебель-Атака тау жотасының шығысымен жүріп отырған. Дәл осындай жерде жаулары солтүстіктен қуып келе қалса, исраилдіктер сияқты өте үлкен тобыр қашып құтыла алмас еді, өйткені алдарында теңіз жатқандықтан, тығырыққа тірелетін.
І ғасырдағы яһудилер арасында кең таралған мәлімет осыған сәйкес келеді (“ПИ-ГАХИРОФ” қараңыз). Бірақ бұдан да маңыздысы, көп зерттеушілердің пікірі басқа болса да, осындай оқиға желісі Киелі кітапқа сай келеді (М2ж 14:9—16). Исраилдіктер Суэц шығанағының (яки Қызыл теңіздің батыс шығанағының) солтүстік басынан әжептәуір алыс жерден теңізді кесіп өту керек еді. Әйтпесе перғауынның әскері бұл шығанақтың бас жағын оп-оңай айналып өтіп, оларға теңіздің арғы бетінен тап берер еді (М2ж 14:22, 23).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 2-жазбасы 13:1—20) Ехоба Мұсаға тағы мынаны айтты: 2 “Исраил халқының арасында тұңғыш туылғанның бәрін: адамның тұңғыш ұлынан бастап малдың алғашқы еркек төліне дейін — маған бағыштаңдар. Олар менікі”. 3 Мұса халыққа былай деді: “Мысыр елінен, құлдықтың үйінен, шыққан осы күнді естен шығармаңдар, өйткені Ехоба сендерді сол жерден құдіретті қолымен алып шықты. Ендеше ашытылған ештеңе жемеңдер. 4 Бүгін, абиб айында, сендер бұл елден шығып жатырсыңдар. 5 Ехоба ата-бабаларыңа уәде еткен қанахандықтардың, хеттіктердің, аморлықтардың, хевтіктер мен ебустіктердің жеріне, ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерге алып барғанда, үнемі осы айда мейрам өткізіп, 6 жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Ал жетінші күн Ехобаға арналған мейрам болсын. 7 Ашытқысыз нанды жеті күн бойы жеңдер. Сендерде ашытылған еш нәрсе болмасын, бүкіл аймақтарыңда да ашытқы атаулы болмауға тиіс. 8 Сол күні ұлыңа: — Мысырдан алып шыққанда, Ехобаның маған жасаған жақсылығын есте ұстау үшін осылай істеп жатырмын,— деп айт. 9 Ехобаның заңы аузыңнан түспес үшін, қолың мен маңдайыңа байланған белгі сияқты, бұл мейрам сол оқиғаны есіңе салып тұрады. Өйткені Ехоба сені құдіретті қолымен Мысырдан алып шықты. 10 Бұл нұсқауды белгіленген уақытта жыл сайын орындап отыр. 11 Ехоба өзіңе және ата-бабаларыңа уәде еткен Қанахан жеріне сені алып келгенде, 12 Ехобаға тұңғыш туылғанның бәрін: тұңғыш ұлыңнан бастап малыңның алғашқы еркек төліне дейін — бағышта. Олар Ехобанікі. 13 Есектің алғашқы төлінің құнын қоймен өтеп ал. Егер олай етпесең, оның мойнын үз. Әрбір тұңғыш ұлыңның да құнын өтеп ал. 14 Кейінірек ұлың: — Бұл нені білдіреді?— деп сұраса, оған: — Ехоба бізді Мысыр елінен, құлдық үйінен, құдіретті қолымен алып шыққан. 15 Перғауын қырсығып бізді жібермей жатқанда, Ехоба Мысыр жеріндегі тұңғыш туылғандардың бәрін — адамның тұңғыш ұлынан бастап малдың алғашқы төліне дейін — өлтірді. Сондықтан малымыздың алғашқы еркек төлдерін Ехобаға құрбандыққа шаламыз, ал тұңғыш ұлдарымызды құн беріп сатып аламыз,— деп айт. 16 Осылайша бұл мейрам, қолың мен маңдайыңа байланған белгі сияқты, сол оқиғаны есіңе салып тұрсын. Өйткені Ехоба бізді құдіретті қолымен Мысырдан алып шықты”. 17 Перғауын халықты жібергенде, Құдай оларды філістірлердің жерінен өтетін төте жолмен алып жүрген жоқ. Өйткені Құдай: “Соғысу керектігін көргенде, халық алған бетінен тайып, Мысырға кері қайтып жүрер”,— деді. 18 Сондықтан Құдай оларды Қызыл теңіздің маңындағы шөл даламен айналдырып алып жүрді. Исраилдіктер Мысырдан әскер жасағындай ұйымдасқан түрде шықты. 19 Мұса Жүсіптің сүйегін де ала шықты. Өйткені Жүсіп: “Құдай сендерге міндетті түрде назарын салады. Сонда менің сүйегімді осы жерден өздеріңмен бірге алып кетіңдер”,— деп, Исраил ұлдарынан ант алған еді. 20 Олар Суқоттан шығып, шөл даланың шетіндегі Етамда қос тікті.
10—16 тамыз
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 15, 16
“Ехобаны мадақтап ән шырқаңыз”
(Мұсаның 2-жазбасы 15:1, 2) Сонда Мұса мен исраилдіктер Ехобаны мадақтап, былай деп ән салды: “Ехобаға арнап ән шырқайын, даңқы оның асқақтады. Теңізге ол лақтырды атымен қоса жауынгерді. 2 Ехоба — менің күш-қуатым, ол — менің Құтқарушым. Ол — менің Құдайым, оны мен мадақтаймын. Ол — әкемнің Құдайы, оны мен даңқтаймын.
w95 15.10. 11-б., 11-абз.
Неге қазір шынайы Құдайдан қорқу керек?
11 Ехоба мысырлықтардың әскерін жойғанда, оған ғибадат етушілердің көзінде абыройы өсіп, есімі бүкіл шартарапқа жайылды (Ешуа 2:9, 10; 4:23, 24). Иә, оның есімі Мысырдың жалған әрі өздерінің ғибадат етушілерін құтқара алмаған дәрменсіз құдайларынан үстем болды. Тәңірлеріне, жұмыр басты пендеге және әскери күшіне сенген мысырлықтардың сенімі ақталмай, жігерлері құм болды (Зәбүр 146:3). Ендеше, исраилдіктердің Ехобаға неге мадақ жырын айта кеткені түсінікті. Олардың жыры өз халқын қуатты қолымен құтқарған тірі Құдайды терең қастерлейтіндерін паш етті!
(Мұсаның 2-жазбасы 15:11) Уа, Ехоба, қай құдай саған тең келеді? Сен секілді бар ма екен асқан киелі? Дәріптеуге де, қорқуға да лайықсың, таңғажайып кереметтер жасайсың.
(Мұсаның 2-жазбасы 15:18) Ехоба патша болып билік етеді мәңгі бақи.
w95 15.10. 11, 12-б., 15, 16-абз.
Неге қазір шынайы Құдайдан қорқу керек?
15 Мұсамен аман-есен жағалауда тұрғанда, біз де мына әнге қосылмай тұра алмас едік: “Уа, Ехоба, қай құдай саған тең келеді? Сен секілді бар ма екен асқан киелі? Дәріптеуге де, қорқуға да лайықсың, таңғажайып кереметтер жасайсың” (Мұсаның 2-жазбасы 15:11). Содан бері ғасырлар бойы осындай сезімді білдіргендер болған. Киелі жазбалардың соңғы кітабында елші Жохан Құдайдың майланған адал қызметшілерінің тобын былайша сипаттаған: “Олар Құдайдың құлы Мұсаның және Тоқтының әнін айтып жатты”. Бұл мынадай асқақ ән еді: “Құдіреті шексіз Ехоба Құдай, сенің істерің ұлы да керемет. Мәңгіліктің патшасы, сенің жолдарың әділ де сенімді. Ехоба, сенен кім қорықпайды, сені кім мадақтамайды?! Жалғыз сен ғана адалсың!” (Аян 15:2—4).
16 Бүгінгі таңда да Құдайдың азат етілген қызметшілері бар, олар Құдайдың қолынан шыққан жаратылыстарын ғана емес, оның заңдарын да бағалайды. Әртүрлі ұлттардан шыққан адамдар рухани азат етіліп, осы лас дүниеден бөлініп шығуда, өйткені олар Құдайдың әділ заңдарын мойындап, өмірлерінде қолданып жатыр. Ехобаның қызметшілерінің әділдік пен тазалық орнаған ұйымына қосылу үшін, жыл сайын жүз мыңдаған адам осы азғын әлемнен қашып шығуда. Жуырда Ехобаның жалған діндер мен осы зұлым дүниенің қалған бөлігіне шығарған оттай үкімдері жүзеге асқанда, мұндай адамдар әділдік орнаған жаңа дүниеде мәңгі бақи жасайтын болады.
(Мұсаның 2-жазбасы 15:20, 21) Сонда Харонның әпкесі Мәриям пайғамбар қолына даңғырасын алды. Әйелдердің бәрі оған еріп, даңғыраларын алып, билей жөнелді. 21 Мәриям ерлердің әніне былай жауап берді: “Ехобаға арнап ән шырқаңдар, даңқы оның асқақтады. Теңізге ол лақтырды атымен қоса жауынгерді”.
it-2 454-б., 1-абз.
Музыка
Исраилде әнді топ болып, көбінесе антифон ретінде шырқаған болса керек. Яғни хордың екі тобы өлең жолдарын кезегімен немесе солист пен хор кезектесіп айтса керек. Жазбаларда бұлай орындау “жауап беру” деп аталғанға ұқсайды (М2ж 15:21). Кезінде әндерді осылай шырқауға болғаны 136-ншы Зәбүр жыры сияқты кейбір зәбүр жырларының қалай жазылғанынан көрінеді. Нехемияның уағында Иерусалимнің қабырғасын салтанатпен бағыштау рәсімі кезінде Құдайға ризашылық әндерін айтатын екі үлкен топ әнді дәл осылай шырқаған болса керек (Нех 12:31, 38, 40—42; “ПЕСНЯ” қараңыз).
it-2 698-б.
Пайғамбар әйел
Мәриям — Киелі кітапта пайғамбар деп аталған алғашқы әйел. Құдай ол арқылы бір не бірнеше хабарын жеткізген көрінеді. Мәриям оны киелі рухтың жетелеуімен айтқан әнімен жеткізсе керек (М2ж 15:20, 21). Харон екеуінің Мұсаға: “Ол біз арқылы да сөйлейді емес пе?”— деуі де сондықтан (М4ж 12:2). Ехобаның өзі де исраилдіктерді Мысырдан алып шыққанда алдарында “Мұса, Харон мен Мәриямды” жүргізгенін Миха пайғамбар арқылы айтқан (Мих 6:4). Құдайдың хабарын жеткізу мәртебесіне ие болса да, Мәриямның Құдай алдындағы бұл рөлі Мұсанікінен төмен болған. Өз орнын білмей, шектен шығып кеткен кезде Ехоба оны қатаң жазаға ұшыратты (М4ж 12:1—15).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 2-жазбасы 16:13) Сол кеште бөденелер ұшып келіп, халық қоныстанған жерге қаптап қонды. Ал таңертең қостың айналасын шық басты.
w11-U 1.9. 14-б.
Вопросы читателей
Почему Бог послал израильтянам в пустыне перепелов?
После того как израильтяне вышли из Египта, Бог дважды дал им в изобилии мясо, послав перепелов (Исход 16:13; Числа 11:31).
Перепел — это небольшая птица длиной около 18 сантиметров и весом около 100 граммов. Эти перелетные птицы гнездятся в Западной Азии и Европе, а зимуют в Северной Африке и Аравии. Во время миграции большие стаи перепелов пролетают над восточным побережьем Средиземного моря и над Синайским полуостровом.
В одном библейском справочнике говорится, что перепела «летают быстро и используют попутный ветер; но если ветер меняет направление или если птицы устают из-за долгого перелета, то вся огромная стая может упасть на землю, где птицы будут лежать, словно оглушенные» (The New Westminster Dictionary of the Bible). Прежде чем продолжить перелет, птицам нужно один-два дня на то, чтобы восстановить силы. Тогда они становятся легкой добычей. В начале XX века Египет ежегодно экспортировал приблизительно три миллиона перепелов.
Оба случая, когда вокруг лагеря израильтян падали стаи перепелов, произошли весной. Хотя в это время перепела обычно пролетают над Синайским полуостровом, именно Иегова поднял ветер, который принес их к израильскому лагерю (Числа 11:31).
(Мұсаның 2-жазбасы 16:32—34) Сонда Мұса: “Ехоба сендерге былай деп бұйырады: — Одан бір омер алып, келер ұрпақтарың үшін сақтап қойыңдар. Мысырдан алып шығып, шөл далада сендерді қандай нанмен асырағанымды ұрпақтарың көрсін”,— деді. 33 Сосын ол Харонға: “Құмыра алып, оған бір омер манна сал да, келер ұрпақтарға сақтап қою үшін Ехобаның алдына апарып қой”,— деп тапсырды. 34 Ехоба Мұсаға бұйырғандай, Харон құмыраны сақтап қою үшін сандықтың алдына апарып қойды.
w06 15.1. 31-б.
Оқырман сауалдары
Мысырдан шыққаннан кейін көп ұзамай исраилдіктер тамақты айтып күңкілдей бастады. Сондықтан Ехоба оларға манна берді (М2ж 12:17, 18; 16:1—5). Сол кезде Мұса Харонға: “Құмыра алып, оған бір омер манна сал да, келер ұрпақтарға сақтап қою үшін Ехобаның алдына апарып қой”,— деп нұсқау берді. Әрі қарай былай деп оқимыз: “Ехоба Мұсаға бұйырғандай, Харон құмыраны сақтап қою үшін сандықтың (маңызды құжаттар сақтайтын жәшіктің) алдына апарып қойды” (Мұсаның 2-жазбасы 16:33, 34). Харон сол кезде-ақ маннаны жинап, құмыраға салып қойғанымен, әлгі сандықтың алдына оны кейіннен, яғни Мұса келісім сандығын жасап, ішіне тақташалар салған кезде ғана, апарып қойған.
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 2-жазбасы 16:1—18) Кейін Исраил қауымы Елимнен шықты. Мысырдан шыққаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күні Елим мен Синайдың ортасында орналасқан Син шөліне келіп жетті. 2 Шөлде Исраил қауымы Мұса мен Харонға күңкілдей бастады. 3 Исраилдіктер оларға: “Мысырда Ехобаның қолынан өле салғанымыз жақсы еді ғой. Біз онда қазанымызға ет асып, тойғанша нан жеп жүретінбіз. Енді, міне, бүкіл қауымды осы шөлге әкеліп, аштан өлтірмексіңдер”,— деп қоймады. 4 Сонда Ехоба Мұсаға: “Мен сендер үшін аспаннан нан жаудырамын. Әр адам сыртқа шығып, күнделікті азығын күн сайын жинап алып отырсын. Осылай олар заңыма мойынсұна ма, жоқ па — соны сынамақпын. 5 Ал алтыншы күні жинаған азықтарын дайындағанда, бұл күнделікті жинайтындарынан екі есе көп болу керек”,— деді. 6 Мұса мен Харон бүкіл Исраил халқына: “Сендерді Мысыр елінен алып шыққан Ехоба екенін бүгін кешке білетін боласыңдар. 7 Ал таңертең Ехобаның ұлылығын көресіңдер, өйткені сендердің Ехобаға күңкілдегендерің құлағына жетті. Бізге күңкілдейтіндей, біз кім едік?”— деді. 8 Мұса сөзін жалғап: “Ехоба сендерге кешкісін ет, ал ертеңгісін тойғандарыңша нан береді. Өйткені Ехоба өзіне күңкілдегендеріңді естіді. Ал біз кімбіз сонша? Сендер бізге емес, Ехобаға күңкілдеп жатырсыңдар”,— деді. 9 Сосын Мұса Харонға: “Исраил қауымына былай де: — Ехобаның алдына келіп тұрыңдар, сендердің күңкілдерің оның құлағына жетті”,— деп айтты. 10 Харон исраилдіктерге осыны айтқаннан кейін, олар шөл далаға бет бұрып тұрды. Сонда бұлттан Ехобаның ұлылығы көрінді. 11 Ехоба Мұсаға тағы да мынаны айтты: 12 “Мен исраилдіктердің күңкілін естідім. Оларға былай де: — Екі кештің арасында ет жеп, таңертең тойына нан жейсіңдер. Сонда мен Құдайларың Ехоба екенімді білетін боласыңдар”. 13 Сол кеште бөденелер ұшып келіп, халық қоныстанған жерге қаптап қонды. Ал таңертең қостың айналасын шық басты. 14 Шық кепкенде, жердің бетін қырау іспетті ақ майда түйіршіктер жауып қалды. 15 Халық бұны көргенде, бір-біріне: “Бұл не?”— десті. Өйткені олар мұның не нәрсе екенін білмеген еді. Мұса оларға былай деді: “Бұл — Ехобаның сендерге азық болсын деп берген наны. 16 Ехоба былай деп бұйырады: — Әрбір адам қанша жей алса, сонша жинап алсын. Жан басына бір омерден өлшеп, шатырындағы адам санына қарай жинасын”. 17 Халық солай істеп, кейбірі көп, ал кейбірі аз жинады. 18 Олар жинағанын омермен өлшегенде, көп жинағандарда артылған жоқ, аз жинағандар мұқтаж болған жоқ. Әркім қанша жей алса, сонша жинады.
17—23 тамыз
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 17, 18
“Қарапайым адам өзгелерді үйретіп, жауапкершілігімен бөліседі”
(Мұсаның 2-жазбасы 18:17, 18) Сонда қайын атасы мынаны айтты: “Бұлай істегенің жөн болмас. 18 Өзіңді де, жаныңдағы халықты да қажытасың. Бұл — бір өзің көтеретін жүк емес, жалғыз өзіңе қиын ғой.
Мұса сүйіспеншілік танытқан пайғамбар
Мұса исраилдіктерге де сүйіспеншілік танытқан. Олар Ехоба Мұсаны жетекшілік етуге тағайындағанын білетін, сондықтан Мұсаға келіп түрлі қиыншылықтарымен бөлісетін. Киелі кітаптан оқитынымыздай, халық “таң атқаннан кешке дейін оның алдына” баратын (Мысырдан шығу 18:13—16). Исраилдіктердің айтқан қиындықтарын сағаттап тыңдаған Мұсаның қалай шаршағанын елестетіп көріңізші! Бірақ соған қарамастан, Мұса өзі жақсы көретін адамдарға көмектесуге қуанышты еді.
(Мұсаның 2-жазбасы 18:21, 22) Сонымен қатар халықтың ішінен қабілетті, Құдайдан қорқатын, арам пайданы көздеуден аулақ жүретін сенімді ер кісілерді таңдап, халыққа мыңбасы, жүзбасы, елубасы, онбасы етіп тағайында. 22 Олар қажет болғанда жұртқа төрелік айтсын. Күрделі мәселелерді саған жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырсын. Осылай олар жүгіңді көтеріседі, сонда саған жеңілірек болады.
Сенім арту бақытты өмір үшін аса маңызды
Сенуге боларлық міндет жүктелердің алдында, бұл ер кісілер Құдайға ұнамды белгілі бір қасиеттерді танытқан болатын. Олар Құдайдан қорқатынын дәлелдеген; Жаратушыны терең қастерлейтін, оған ұнамсыз болудан қорқатын. Бұл кісілердің Құдайдың нормаларын ұстануға барынша тырысатындары бәріне белгілі еді. Олар арам табысты жек көрген, бұл олардың билікті теріс пайдаланудан сақтайтын рухтарының күшті екенін көрсеткен. Олар өз бастарының не туысқандары, яки достарының пайдасы үшін біреудің сенімін аяққа таптамайтын еді.
(Мұсаның 2-жазбасы 18:24, 25) Мұса қайын атасының ақылын тыңдап, бірден оның айтқанын орындады. 25 Ол бүкіл Исраилдің арасынан қабілетті ер адамдарды таңдап алып, халыққа мыңбасы, жүзбасы, елубасы, онбасы етіп тағайындады.
w02 15.5. 25-б., 5-абз.
Турашылға мінсіздік жар
Мұса қарапайым әрі кішіпейіл жан болған. Ол өзгелердің мәселелерін шешемін деп қатты шаршап-шалдыққанда, қайын атасы Етор оған жақсы кеңес беріп, кейбір міндетін басқа қабілетті адамдарға тапсыруды айтады. Мұса шама-шарқын мойындап, осы ақылға құлақ асты (Мұсаның 2-жазбасы 18:17—26; Мұсаның 4-жазбасы 12:3). Қарапайым адам қабілеті бар басқа адамдармен жауапкершілігін бөлісуден тартынбайды, билігін жоғалтып аламын деп те қорықпайды (Мұсаның 4-жазбасы 11:16, 17, 26—29). Қайта, ол өзгелердің рухани өсуіне көмектесуге асық (Тімөтеге 1-хат 4:15). Біз де осылай еткіміз келеді.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 2-жазбасы 17:11—13) Мұса қолын көтеріп тұрғанда, исраилдіктер жеңіп, ал түсіргенде, амалектіктер басым түсіп жатты. 12 Мұсаның қолдары талып кеткенде, тас әкелініп, ол соған отырды. Харон мен Хұр оның қолын екі жағынан сүйемелдеп, күн батқанша көтеріп тұрды. 13 Сөйтіп, Ешуа амалектіктер мен олардың одақтастарын семсердің жүзімен қырып салды.
“Қолыңнан күш кетпесін”
14 Харон мен Хұр соғыс кезінде Мұсаның қолын тура мағынада демеп тұрды. Бүгінде біз де бауырластарға іс жүзінде қол ұшын берудің мүмкіндіктерін іздейміз. Олардың кейбірі кәріліктің салдарымен күрессе, тағы біреулерінің денсаулығы сыр беруде, отбасыларының тарапынан қуғын-сүргін көруде. Сондай-ақ жалғыздықпен күресіп я жақынын жоғалтып қайғырып жүргендер де бар. Жастар да біздің нығайтып, жігерлендіргенімізге мұқтаж. Осы дүние оларды бұрыс нәрсені жасауға немесе биік шыңдардан көрінуге итермелеуі мүмкін (Салоникалықтарға 1-хат 3:1—3; 5:11, 14). Ендеше, Патшалық сарайында болғанда, қызметте жүргенде, бірге тамақ ішкенде не телефонмен сөйлескенде, бауырластарға шынайы көңіл бөлудің жолын іздейік.
(Мұсаның 2-жазбасы 17:14) Ехоба Мұсаға былай деді: “Осы оқиға есте қалу үшін кітапқа жазып қой, ал Ешуаға “мен амалектіктерді жер бетінен біржола жоямын, олар ешқашан еске алынбайтын болады” деген сөзімді жеткіз”.
it-1 406-б.
Киелі рухтың жетелеуімен жазылған кітап
Мұса жазған жазбалардың ішіндегі дәлелдерді ескерсек, бұл жазбалардың Құдайдан келгеніне, киелі рухтың жетелеуімен жазылғанына әрі таза ғибадат үшін сенімді басшылық екеніне еш күмән қалмайды. Мұса исраилдіктердің көсемі әрі қолбасшысы болуға өзі ұмтылған жоқ, бастапқыда ол тіпті бұл міндеттен бас тартқан (М2ж 3:10, 11; 4:10—14). Мұсаны таңдаған Құдайдың өзі еді. Оған кереметтер жасауға қабілет дарытқан да Құдай. Тіпті перғауынның сиқыршылықпен айналысатын абыздары бұл кереметтердің артында тұрған Құдай екенін мойындаған (М2ж 4:1—9; 8:16—19). Демек, Мұса өзі қатты қалағандықтан шешен әрі жазушы болған жоқ. Қайта, Құдайдың бұйрығына мойынсұнғандықтан және киелі рухтың көмегінің арқасында ол кейіннен Киелі кітаптың бір бөлігі болған сөздерді айтып, сосын жазып қойған (М2ж 17:14).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 2-жазбасы 17:1—16) Бүкіл Исраил қауымы Син шөлінен шығып, Ехоба бұйырғандай, көшіп-қона жүріп Репедимге келді де, сол жерге қос тікті. Бірақ онда ауызсу жоқ болатын. 2 Сонда халық Мұсаға: “Бізге ішетін су тауып бер”,— деп ұрысты. Мұса оларға: “Маған неге ұрсасыңдар? Ехобаны сынауды қашан қоясыңдар?”— деді. 3 Бірақ халық қатты шөлдегендіктен, Мұсаға наразылық білдіруін қоймай: “Бізді Мысырдан не үшін алып шықтың? Бізді бала-шағамызбен, малымызбен қоса сусыратып өлтіру үшін бе?”— десті. 4 Соңында, Мұса Ехобаға дауыстап сиынып: “Мына халыққа не істеймін? Олар мені таспен атқылауға дайын тұр”,— деді. 5 Бұған Ехоба: “Исраил халқының ішінен бірнеше ақсақалды ертіп, қолыңа Ніл өзенін ұрған таяғыңды алып, халықтың алдына шық та, ілгері жүр. 6 Мен Хорибтегі жартаста, сенің алдыңда тұрамын. Таяғыңмен жартасты ұр, сонда су шығып, халық одан ішетін болады”,— деді. Мұса Исраил ақсақалдарының көзінше осылай істеді. 7 Исраилдіктер өзіне ұрысқандықтан, сондай-ақ “Ехоба біздің арамызда ма, жоқ па?” деп Ехобаны сынағандықтан, Мұса бұл жерді Масса және Мериба деп атады. 8 Амалектіктер Репедимге келіп, исраилдіктермен соғысты. 9 Мұса Ешуаға: “Халықтың арасынан ер адамдарды таңдап алып, амалектіктермен соғыс. Ертең мен қолыма Құдай ал деп бұйырған таяқты ұстап, төбе басында тұрамын”,— деді. 10 Ешуа Мұсаның айтқанындай істеп, амалектіктермен соғысты. Ал Мұса, Харон және Хұр төбе басына шығып тұрды. 11 Мұса қолын көтеріп тұрғанда, исраилдіктер жеңіп, ал түсіргенде, амалектіктер басым түсіп жатты. 12 Мұсаның қолдары талып кеткенде, тас әкелініп, ол соған отырды. Харон мен Хұр оның қолын екі жағынан сүйемелдеп, күн батқанша көтеріп тұрды. 13 Сөйтіп, Ешуа амалектіктер мен олардың одақтастарын семсердің жүзімен қырып салды. 14 Ехоба Мұсаға былай деді: “Осы оқиға есте қалу үшін кітапқа жазып қой, ал Ешуаға “мен амалектіктерді жер бетінен біржола жоямын, олар ешқашан еске алынбайтын болады” деген сөзімді жеткіз”. 15 Мұса құрбандық орнын тұрғызып, оны Ехоба-нисси деп атады. 16 Себебі ол: “Амалектіктер Ехобаның тағына қарсы шыққандықтан, Ехобаның олармен соғысы ұрпақтан ұрпаққа жалғаспақ”,— деді.
24—30 тамыз
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 19, 20
“Он заңның бізге қандай қатысы бар?”
(Мұсаның 2-жазбасы 20:3—7) Менен басқа құдайларың болмасын. 4 Аспандағы, жердегі не судағы еш нәрсенің қашалған мүсінін не бейнесін жасама. 5 Оларға бас иіп табынба, құлшылық та етпе. Өйткені мен, Ехоба Құдайың, өзіме қалтқысыз берілуді талап ететін Құдаймын. Мені жек көретіндердің күнәларының салдарын ұлдарына, немерелері мен шөберелеріне дейін тартқызамын. 6 Ал мені жақсы көріп, заңдарымды орындайтындарға мыңыншы ұрпағына дейін айнымас сүйіспеншілік танытамын. 7 Ехоба Құдайыңның есімін орынсыз аузыңа алма. Ехоба өз атын орынсыз қолданатын адамды жазасыз қалдырмайды.
w89 15.11. 6-б., 1-абз.
Он заңның сізге қандай қатысы бар?
Алғашқы төрт заң Ехобаның алдындағы жауапкершілігімізді, яғни оған ұнамды болу үшін бізден нені күтетінін көрсетеді. Бірінші заң: ол — әлі де өзіне қалтқысыз берілгендікті талап ететін Құдай (Матай 4:10). Екінші заң: қызметшілері ғибадатында ешқандай бейнені қолданбауы тиіс (Жоханның 1-хаты 5:21). Үшінші заң: біз Құдайдың есімін орынды түрде әрі құрметпен қолданып, оған ешқашан құрметсіздік танытпауымыз керек (Жохан 17:26; Римдіктерге 10:13). Төртінші заң: өміріміз қасиетті нәрселердің төңірегінде өту қажет. Сонда өз қара басымызды ойлап кетуден аулақ боламыз, басқаша айтқанда, “тынығамыз” (Еврейлерге 4:9, 10).
(Мұсаның 2-жазбасы 20:8—11) Демалыс күнін ұстануды ұмытпай, оны киелі тұт. 9 Алты күн еңбектеніп, барлық жұмысыңды жаса. 10 Ал жетінші күн — Ехоба Құдайыңа бағышталған Демалыс күні. Сол күні өзің де, ұл-қызың да, құл-күңің де, малың да, тұратын жеріңдегі жатжерлік те ешқандай жұмыс істемесін. 11 Ехоба алты күннің ішінде аспан мен жерді, теңіз бен ондағының бәрін жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан да Ехоба Демалыс күніне батасын беріп, оны қасиетті деп жариялады.
(Мұсаның 2-жазбасы 20:12—17) Әке-шешеңді құрметте. Сонда Ехоба Құдайың саған беретін жерде ұзақ ғұмыр кешесің. 13 Кісі өлтірме. 14 Неке адалдығын бұзба. 15 Ұрлық жасама. 16 Біреу жайлы жалған куәлік берме. 17 Біреудің үйін қалама. Оның әйелін, құлын, күңін, өгіз-есегін яки басқа да нәрсесін қалаушы болма”.
w89 15.11. 6-б., 2, 3-абз.
Он заңның сізге қандай қатысы бар?
Бесінші заң: балалардың ата-анасына мойынсұнуы отбасы бірлігінің түпқазығы болып қала береді, әрі Ехобаның батасына кенелтеді. Бұл “уәдемен қоса берілген алғашқы заңның” берері қандай керемет болашақ десеңші! Оны орындасаң, “өзіңе жақсы болып” қана қоймай, “жерде ұзақ ғұмыр кешесің” (Ефестіктерге 6:1—3). Біз қазір осы зұлым дүниенің “соңғы күндері” өмір сүріп жатқандықтан, Құдайға ұнамды мұндай тілалғыштықтың арқасында жастарға ешқашан өлмеуге жол ашылады (Тімөтеге 2-хат 3:1; Жохан 11:26).
Өзге адамдарды жақсы көрсек, оларға кісі өлтіру (алтыншы заң), неке адалдығын бұзу (жетінші заң), ұрлық жасау (сегізінші заң), жалған куәлік беру (тоғызыншы заң) сияқты қиянат жасамаймыз (Жоханның 1-хаты 3:10—12; Еврейлерге 13:4; Ефестіктерге 4:28; Матай 5:37; Нақыл сөздер 6:16—19). Ал ниетіміз жайлы не деуге болады? Сұқтануға тыйым салатын оныншы заң Ехобаның көзінде ниетіміз әрдайым түзу болу керектігін есімізге салады (Нақыл сөздер 21:2).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 2-жазбасы 19:5, 6) Егер менің айтқанымның бәріне құлақ ассаңдар және сендермен жасайтын келісімімді ұстансаңдар, барлық халықтардың ішінде сендер менің ерекше меншігім боласыңдар, өйткені бүкіл жер менікі. 6 Сендер маған тиесілі діни қызметкерлер патшалығы және қасиетті халық боласыңдар. Исраилдіктерге осы сөздерімді жеткіз”.
it-2 687-б., 1, 2-абз.
Діни қызметкер
Мәсіхшілердің діни қызметкерлігі. Исраил халқы Ехобамен жасасқан келісіміне адал болса, Құдай оларға өзіне тиесілі “діни қызметкерлер патшалығы және қасиетті халық болатынын” уәде етті (М2ж 19:6). Алайда Харон әулетінің діни қызметі одан да ұлы діни қызметкерліктің көлеңкесі болған. Сондықтан ол осы ұлы діни қызметкерлік пайда болғанға дейін ғана жалғаспақ еді (Ев 8:4, 5). Харон әулетінің діни қызметкерлігі Заң келісімі күшін жойып, жаңа келісім енгізілгенге дейін созылмақ-тын (Ев 7:11—14; 8:6, 7, 13). Құдай уәде еткен Патшалықта Ехобаның діни қызметкерлері болу мүмкіндігі алғашында тек исраилдіктерге берілді, ал кейіннен басқа ұлттарға да жол ашылды (Е.і 10:34, 35; 15:14; Рм 10:21).
Яһудилердің азғантайы ғана Мәсіхті қабылдағандықтан, Исраил халқы нағыз діни қызметкерлер патшалығы мен қасиетті халықты құрайтындар санын толтыра алмады (Рм 11:7, 20). Құдай ғасырлар бұрын Ошия пайғамбар арқылы осы опасыз халықты былай деп ескертті: “Мені танып-білуден бас тартқандарың үшін, Мен де сендерді діни қызметкерім болудан шеттетемін. Құдайларыңның заңын ұмытқандарың үшін, Мен де сендердің балаларыңды ұмытамын” (Ош 4:6). Иса да яһуди жетекшілеріне былай деген: “Құдай Патшалығы сендерден алынып, оған лайық өнім әкелетін басқа халыққа беріледі” (Мт 21:43). Десе де жерде болғанда Мұса Заңына бағынған Иса Мәсіх Харон әулетінің діни қызметкерлігі әлі күшінде екенін мойындаған. Мысалы, ол алапес адамдарды сауықтырғанда, оларды діни қызметкерге жіберіп, тиісті сый-тартуды ұсынуды айтқан (Мт 8:4; Мр 1:44; Лқ 17:14).
(Мұсаның 2-жазбасы 20:17) Біреудің үйін қалама. Оның әйелін, құлын, күңін, өгіз-есегін яки басқа да нәрсесін қалаушы болма”.
w06 1.7. 15, 16-б., 16, 17-абз.
“Сенің заңыңды қалай жақсы көремін десеңші!”
16 Құдайдың Исраилге берген Заңының қарастырылғалы отырған үшінші қыры — өзгенің иелігіне сұқтануға тыйым салатын оныншы өсиет. Заңда: “Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не басқа да ешқандай нәрсесіне сұқтанба!”— делінген (Мысырдан шығу 20:17). Ешбір адам бұл өсиеттің орындалуын қадағалай алмайтын, өйткені ешкім де жүректегіні оқи алмайды. Бұл өсиет Құдай Заңының дәрежесін адамдардың заңынан жоғары етті. Ол әрбір исраилдікке ішкі ниетті оқи алатын Ехобаның алдында тікелей жауапты екенін түсінуге көмектескен (Патшалықтар 1-жазба 16:7). Сонымен қатар бұл өсиет көптеген заңсыздықтардың түп тамыры қайда жатқанын көрсетті (Жақып 1:14).
17 Сұқтанудан сақ болу туралы заң Құдай халқын дүниеқұмар, ашкөз және өмірлеріне налудан аулақ болуға талпындырды. Сондай-ақ оларды ұрлық жасаудан не азғындықтан сақтандырды. Бүгінде дүние-мүлкімен не қандай да бір нәрсесімен бізді таңғалдырып, бізден әлдеқайда табысты болып көрінетін адамдар бар. Осындай кезде ой қалпымызды қадағаламасақ, өзімізді бақытсыз сезініп және өзгелерге қызғанышпен қарай бастауымыз мүмкін. Киелі кітап сұқтануды ‘бұзық пейілге’ жатқызады. Сондықтан бұдан аулақ болғанымыз әлдеқайда артық емес пе?! (Римдіктерге 1:28—30)
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 2-жазбасы 19:1—19) Мысырдан шыққаннан кейінгі үшінші айда, сол күні, исраилдіктер Синай шөліне келіп жетті. 2 Репедимнен көшіп, Синай шөліне келген исраилдіктер сондағы таудың маңына қос тікті. 3 Мұса Құдайдың алдында тұру үшін тауға көтерілді. Ехоба оған тау басынан былай деді: “Сен Жақыптың үйіне, исраилдіктерге, мынаны айт: 4 — Сендерді қырандай қанатыма салып, өзіме алып келу үшін, мысырлықтарға не істегенімді өздерің көрдіңдер. 5 Егер менің айтқанымның бәріне құлақ ассаңдар және сендермен жасайтын келісімімді ұстансаңдар, барлық халықтардың ішінде сендер менің ерекше меншігім боласыңдар, өйткені бүкіл жер менікі. 6 Сендер маған тиесілі діни қызметкерлер патшалығы және қасиетті халық боласыңдар. Исраилдіктерге осы сөздерімді жеткіз”. 7 Содан Мұса төмен түсіп, ел ақсақалдарын жинады да, оларға Ехоба бұйырған сөздердің бәрін айтып берді. 8 Сосын барша халық бірауыздан: “Ехобаның айтқандарының бәрін орындауға дайынбыз”,— деді. Халықтың жауабын Мұса бірден Ехобаға жеткізді. 9 Ехоба Мұсаға: “Сенімен сөйлескенімді халық есту үшін және олар үнемі саған да сенім арту үшін, мен қалың бұлтпен келемін”,— деді. Мұса Ехобаға халықтың айтқандарын жеткізді. 10 Бұдан кейін Ехоба Мұсаға былай деді: “Халыққа барып, оларды бүгін де, ертең де менімен кездесуге дайында, олар киім-кешектерін жусын. 11 Халық үшінші күні дайын болу керек. Өйткені сол күні Ехоба бәрінің көз алдында Синай тауына түседі. 12 Тауды айналдыра шегара белгіле де, оларға: — Тауға көтерілмеңдер, шегарадан бері аттаушы болмаңдар. Тауға аяқ басқан әркім өлтіріледі. 13 Мұндай адамға ешкім қол тигізбесін, ол таспен не садақпен атып өлтірілсін. Мейлі ол мал не адам болсын, тірі қалмауға тиіс. Қошқар мүйізінен жасалған кернейдің үні естілгенде ғана жұрт тауға жақындай алады”. 14 Сосын Мұса таудан түсіп, халықты ерекше кездесуге дайындауға кірісті. Олар киім-кешектерін жуды. 15 Мұса халыққа: “Үш күн дайындалыңдар. Еркектер әйелдерімен жақындаспасын”,— деді. 16 Үшінші күні таңертең күн күркіреп, найзағай ойнап, тау басын қалың бұлт басып, кернейдің аса қатты даусы шықты. Сонда қостағы халық қатты қорқып дірілдеді. 17 Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қостан алып шықты. Олар тау етегіне барып тұрды. 18 Ехоба Синай тауына отпен түскендіктен, тау басынан түтін шықты. Түтін пештен шыққандай бұрқырап көтеріліп жатты, ал тау қатты сілкініп тұрды. 19 Керней үні болса күшейген үстіне күшейе түсті. Мұса Құдайға тіл қатқанда, ол дауыстап жауап беріп жатты.
31 тамыз—6 қыркүйек
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 21, 22
“Өмірге Ехоба сияқты қараңыз”
(Мұсаның 2-жазбасы 21:20) Егер біреу құлын не күңін таяқпен ұрып өлтіріп қойса, ол жазалансын.
it-1 271-б.
Ұру
Еврей кісінің құлы не күңі бағынбаса яки қарсы шықса, қожайынына оны таяқпен ұруға рұқсат етілген. Егер құлы ұрып жатқанда өліп қалса, қожайыны жазаға тартылған. Ал ол бір-екі күннен кейін өлсе, бұл қожайынының оны өлтіремін деген ниеті болмағанын айғақтайтын. Құлын жазалауға оның құқы бар еді, өйткені құл “оның сатып алған меншігі” болған. Адамның өз еркімен бағалы меншігінен айырылып, өз-өзін шығынға ұшыратуы екіталай еді. Оның үстіне, егер құл бір не бірнеше күннен кейін қайтыс болса, ол ұрғаннан өлді ме, әлде басқа себептен бе — кесіп айту қиын болған. Сондықтан құл бір-екі күн тірі болса, қожайыны жазаланбайтын (М2ж 21:20, 21).
(Мұсаның 2-жазбасы 21:22, 23) Төбелесіп жатқан ер адамдар жүкті әйелді ұрып жіберіп, ол мезгілінен бұрын босанса, алайда бала да, ана да аман қалса, онда айыпты адам әйелдің күйеуі сұраған құнды берсін. Бұл құн билердің шешімімен төленсін. 23 Ал егер біреуі өліп қалса, жан үшін жан алынсын.
Өмірді Құдай сияқты бағалайсыз ба?
16 Ехобаның көз алдында әрбір адамның, тіпті іште жатқан баланың да өмірі құнды. Мұса Заңына сәйкес, біреу жүкті әйелді абайсызда ұрып жіберіп, соның салдарынан әйелдің өзі не іште жатқан баласы өліп кетсе, Ехоба сол адамды кісі өлтіруші деп қарастырған. Бұл абайсызда болған жағдай болса да, өлімге себепші болған адам өлімге кесілу керек еді (Мұсаның 2-жазбасы 21:22, 23 оқыңыз). Құдай үшін құрсақта жатқан бала — тірі жан. Олай болса, Ехоба түсік жасатуға қалай қарайды деп ойлайсыз? Жыл сайын миллиондаған сәбидің туылмай жатып өлтіріліп жатқанын көргенде, ол қандай күй кешеді?
(Мұсаның 2-жазбасы 21:28, 29) Біреудің бұқасы еркекті не әйелді сүзіп өлтірсе, бұқа таспен ұрып өлтіріліп, еті желінбесін. Ал малдың иесі жазаланбайды. 29 Бірақ бұқа бұрыннан сүзеген болса, иесі бұл туралы ескерту алғанымен, оны қамап ұстамаған болса, содан ол еркекті не әйелді сүзіп өлтірсе, бұқа таспен атқыланып өлтірілсін, иесі де өлім жазасына кесілсін.
Ехоба сенің аман-есен болғаныңды қалайды
Заңда үй жануарлары біреуге зиян келтірген кезде не істеу керектігі де жазылған. Егер өгіз біреуді сүзіп өлтірсе, мұндай жағдай қайталанбас үшін оның көзін құрту керек болған. Оның етін жеуге де, сатуға да тыйым салынғандықтан, иесі оны өлтірсе көп шығынға ұшырайтын. Ал егер иесі сүзеген екені белгілі өгізін қамап ұстамаса ше? Сол өгіз ертеңгі күні біреуді сүзіп өлтіріп қойса, өгіз де, иесі де өлім жазасына кесілетін болған. Бұл жайт үй жануарларына қатысты осы заңға атүсті қарайтын адамдарды ойландыру керек еді (Мыс. ш. 21:28, 29).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Мұсаның 2-жазбасы 21:5, 6) Бірақ құл: — Мен қожайынымды, әйелімді және ұлдарымды жақсы көремін, бас бостандығымды алғым келмейді,— деп тұрып алса, 6 онда қожайыны оны есіктің не оның жақтауының жанына әкеліп, құлағын бізбен тессін, бұған Құдай куә болады. Осылай ол өмір бойы қожайынына құл болып қалмақ.
Өмірімізді неліктен Ехобаға бағыштаймыз?
4 Құдайға бағышталу — аса маңызды жайт. Өйткені бұл қандай да бір міндетті мойынға алуды білдіреді. Дегенмен мұның пайдасы да бар. Алдымен, міндет алудың адамдардың қарым-қатынасында қаншалықты пайдалы екенін қарастырайық. Мысал ретінде достықты алып көрейік. Достықтың игілігін көру үшін, оның жүктейтін міндетін де мойныңа алуың керек. Бұл — досыңның қамын ойлау міндеті. Дәуіт пен Жонатанның достығы — Киелі кітаптағы ерекше достық қарым-қатынастардың бірі. Олар тіпті дос болуға бір-біріне серт берген (Патшалықтар 1-жазба 17:57; 18:1, 3 оқы). Қазіргі кезде мұндай достық сирек кездеседі. Дегенмен бір-бірінің алдындағы міндетін сезінген достардың қарым-қатынасы әдетте берік болады (Нақ. с. 17:17; 18:24).
5 Құдайдың исраилдіктерге берген Мұса заңынан адамдардың тағы бір қарым-қатынасында міндеттің пайдалы екенін көреміз. Құл мейірімді қожайынының қамқорлығында өмір бақи болғысы келсе, ант беріп, өмірлік келісім жасасуы керек еді. Заңда бұл туралы былай делінген: “Қызметші: — Қожайынымды, әйелім мен балаларымды сүйемін, бостандық алмаймын,— десе, қожайыны қызметшісін төрешілердің алдына алып барсын. Оны есіктің не жақтаудың қасына қойып, құлағын бізбен тессін. Сонда ол қожайынының өмірлік басыбайлы қызметшісі болып қалады” (Мыс. ш. 21:5, 6).
(Мұсаның 2-жазбасы 21:14) Ал егер ол әлдекімге қатты ашуланып, оны әдейілеп өлтірген болса, оның өзі де өлтірілсін. Ол тіпті құрбандық орнын паналаса да, алып шығып өлтірілсін.
it-1 1143-б.
Мүйіз
Мұсаның 2-жазбасы 21:14-тегі сөздер мынаны білдіруі мүмкін: егер әдейі кісі өлтірсе, тіпті діни қызметкер де, құрбандық ошағының мүйізінен ұстап алған адам да өлім жазасынан құтыла алмаған (П1ж 2:28—34 салыстырыңыз).
Киелі кітапты оқу
(Мұсаның 2-жазбасы 21:1—21) Сен мына заңдарды оларға айтып жеткіз: 2 Егер араларыңдағы біреу еврейді құл етіп сатып алса, ол алты жыл қызмет етсін. Ал жетінші жылы оған бас бостандығын тегін берсін. 3 Егер ол салтбасты болып келсе, оның бір өзін жіберсін. Әйелімен бірге келген болса, әйелімен бірге жіберсін. 4 Ал оған қожайыны әйел әперіп, сол оған ұл-қыздар туып берсе, әйелі мен балалары қожайынында қалып, тек өзі ғана бостандық алсын. 5 Бірақ құл: — Мен қожайынымды, әйелімді және ұлдарымды жақсы көремін, бас бостандығымды алғым келмейді,— деп тұрып алса, 6 онда қожайыны оны есіктің не оның жақтауының жанына әкеліп, құлағын бізбен тессін, бұған Құдай куә болады. Осылай ол өмір бойы қожайынына құл болып қалмақ. 7 Әлдебіреу қызын құлдыққа сатса, оған бас бостандық еркек құлдікіндей жолмен берілмейді. 8 Егер қожайыны қызды ұнатпай, оны кәнизак етуден айнып қалса және біреуге оның құнын төлеп босатып алуына рұқсат еткісі келсе, солай істесін. Бірақ оған опасыздық жасағандықтан, бөтен халыққа сатуға құқы жоқ. 9 Ал оны ұлына әйел ету үшін алған болса, оған қызындай қарасын. 10 Егер ол өзіне басқа әйел алса, кәнизагын қажетті тамақтан, киім-кешектен құр қалдырмауға тиіс және оның алдында жұбайлық міндетін орындауға тиіс. 11 Қожайыны кәнизагын осы үш нәрсемен қамтамасыз етпесе, оны еркіндікке тегін жіберсін. 12 Кімде-кім біреуді ұрып өлтірсе, соның өзі де өлтірілсін. 13 Бірақ оны байқаусызда өлтіріп алса және Құдай бұған жол берген болса, онда сол адамға қашып бассауғалайтын жер белгілеймін. 14 Ал егер ол әлдекімге қатты ашуланып, оны әдейілеп өлтірген болса, оның өзі де өлтірілсін. Ол тіпті құрбандық орнын паналаса да, алып шығып өлтірілсін. 15 Әке-шешесіне қол көтерген адам өлтірілсін. 16 Кісі ұрлап сатқан адам немесе ұрланған кісіні ұстап отырған адам өлтірілсін. 17 Әке-шешесіне тіл тигізген адам өлтірілсін. 18 Жанжал үстінде біреу әлдекімді таспен не жұдырықпен ұрса, ол өлмей, төсек тартып жатып қалса, 19 бірақ сыртқа таяқ сүйеніп шыға алатын болса, оны ұрған адам жазаланбасын. Тек жәбір көруші толығымен сауығып кеткенше, жұмысқа шыға алмаған күндерінің шығынын өтесін. 20 Егер біреу құлын не күңін таяқпен ұрып өлтіріп қойса, ол жазалансын. 21 Бірақ құл не күң бір-екі күннен кейін өлсе, қожайыны жазаланбау керек. Өйткені ол — оның сатып алған меншігі.
ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ
w09 1.4. 31-б.
Ехоба — жетімдердің әкесі
“Жетімдердің әкесі... Құдай, Ол өзінің киелі тұрағында” (Зәбүр 68:5). Рухтың жетелеуімен жазылған осы сөздер Ехоба Құдайдың болмысының жүрекке жылы тиетін бір қырын ашады: ол жетімдердің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайды. Оның ата-анасының бірі не екеуі қайтыс болған балаларға деген қамқорлығы Исраил халқына берілген заңнан анық көрінген. “Жетім” деген сөз алғаш рет Киелі кітапта Мұсаның 2-жазбасы 22:22—24 тармақтарда кездеседі. Осы тармақтарға тоқталып өтейік.
Құдай: “Жетімдерге қиянат жасама”,— деп ескерткен (22-тармақ). Бұл жай ғана адамгершілікке шақыру емес, Құдайдың бұйрығы еді. Әкесінен айырылған бала қорғансыз және асыраушысыз қалған. Ешкім де оған ешқандай “қиянат жасамау” керек еді. Киелі кітаптың басқа аудармаларында “қиянат жасау” деген сөз “қорлық көрсету”, “жәбірлеу”, “пайдаланып кету” деп аударылған. Жетімге жәбір көрсету Құдай алдында ауыр қылмыс болған. Неге бұлай дейміз?
Заңда әрі қарай былай делінген: “Олар сенен қиянат көріп, маған жалбарынса, зарларына сөзсіз құлақ асамын” (23-тармақ). Бұл бұйрықты жеке исраилдік те, жалпы халық та орындаулары керек еді. Ехоба бәрін көріп тұрған, әрі жетімдердің көмек сұраған зарына құлақ асуға қашанда дайын болған (Зәбүр 10:14; Нақыл сөздер 23:10, 11).
Ал әлдебіреу жетімді зар илетсе, не болар еді? “Қаһарыма мініп, сені семсердің жүзімен жоямын”,— дейді Ехоба (24-тармақ). Назар аударатын жайт — Ехоба осы заңның орындалуын өзі қадағалаған, мұны исраилдік билерге табыстаған жоқ. Осылай Құдай мүсәпір балаға жәбір көрсеткен адамды өзі жазалайтын (Мұсаның 5-жазбасы 10:17, 18).
Ехоба өзгерген жоқ (Малахи 3:6). Ата-анасының бірін не екеуін де жоғалтқан балаға оның қатты жаны ашиды (Жақып 1:27). Жазықсыз балаларға әдейі қиянат жасайтындар жетімдердің Әкесінің әділ ашуын туғызады. Қорғансыз баланы өз мүдделеріне пайдаланатындар “Ехобаның лаулаған қаһарына” ұшырамай қалмайды (Софония 2:2). Мұндай зұлымдар “тірі Құдайдың қолына түсіп, жазалану қандай қорқынышты” екенін білетін болады! (Еврейлерге 10:31).