Естеріңде ме?
“Күзет мұнарасының” соңғы сандары сендерге ұнады ма? Ұнаған болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көрейік:
• Ана қандай еңбектен қанағат алады?
Аналардың көпшілігі үйден тыс жерде жұмыс істейді. Кейбіреулері отбасын қамтамасыз ету үшін жұмыс істесе, өзге біреулері тәуелсіз болуды не керек-жарақтарына жұмсауға өз ақшасының болғанын қалайды. Сондай-ақ кәсібін ұнататын әйелдер де бар. Мәсіхші аналар, әсіресе балаларының кішкентай кезінде, өздеріне маңызды рөл сеніп тапсырылғанын түсінеді. Кейбірі сырттағы жұмысқа кететін уақытты қысқартып не одан мүлдем бас тартып, отбасына көбірек уақыт бөлуді шешкен. Бұл оларға нағыз қанағат әкелген. (Сәуір—маусым, 28—31 беттер.)
• Кейбір мәсіхшілер үйленген соң қандай қиындыққа кезігеді және оларға не істеу керек?
Кейбір мәсіхшілер жұбайымен ортақ нәрсесі аз екенін түсініп жатады. Жазбаларға негізделген себеп болмаса, ажырасудың дұрыс емес екенін білгендіктен, олар бұл қиындықты шешуге тырысуы керек. (15.04. 17-бет.)
• Қарттар үйіндегі бауырластар қандай қиыншылықтарға тап болуы мүмкін?
Бауырлас қарттар үйі орналасқан аумақтағы қауыммен таныс болмауы мүмкін. Ондағы адамдар басқа дінді ұстануы, сондықтан бауырласты өздерінің діни жораларына қатыстыруға тырысуы мүмкін. Мәсіхші туыстары мен жергілікті қауым мүшелері осы қиыншылықтарды ескеріп, қарттар үйіндегі бауырластарға қолдау және қамқорлық көрсетуі керек. (15.04. 25—27 беттер.)
• Басқарушы кеңестің мүшелері қандай комитеттерде қызмет етеді?
Координаторлар комитеті; Кадрлар жөніндегі комитет; Баспа комитеті; Қызмет комитеті; Білім беру комитеті; Жазушылар комитеті. (15.05. 29-бет.)
• Римдіктерге 1:24—32 тармақтардағы айтылған әрекеттерді жасаған яһудилер ме, әлде яһуди емес адамдар ма?
Бұл тармақтардағы сипаттама екі топтың да адамдарына сай келгенімен, Пауыл мұнда негізінен жолдан тайған ежелгі исраилдіктер туралы айтқан. Олар Құдайдың әділ үкімін біле тұра, оған сай өмір сүрмеген. (15.06. 29-бет.)
• Нұхтың заманындағы Топан су дүниежүзін қаптағанына неге сенімді бола аламыз?
Иса Топан судың болғанына ғана емес, оның дүниежүзін қаптағанына да сенген. Киелі кітаптағы ескертулер шын мәнінде орын алған осы оқиғаға негізделген. (Шілде—қыркүйек, 8-бет.)
• Қандай төрт қадам ерлі-зайыптыларға қиыншылықтарды шешуге көмектеседі?
Талқылайтын уақытты белгілеп алыңдар (Екк. 3:1, 7). Өз ойларыңды ашық және құрметпен білдіріңдер (Ефес. 4:25). Жұбайыңды тыңда және сезімін ескер (Мат. 7:12). Ортақ шешімге келіңдер (Екк. 4:9, 10). (Шілде—қыркүйек, 28—30 беттер.)
• Неліктен ақылға қонымды мақсаттар қойғанымыз қуанышымызды арттырады деуге болады?
Тым жоғары мақсаттар қояр болсақ, “әлін білмеген әлек” дегеннің кері келеді. Ал басқа жағынан, өзіміз шектеу деп есептейтін жайттарды сылтауратып, қызметке аз қатысып, тым жанаяр болып кетуден сақ болуымыз керек. (15.07. 29-бет.)