“Өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптерінің сілтемелері
2—8 желтоқсан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | АЯН 7—9
“Ехобаның батасына кенелген сансыз ұлы жамағат”
(Аян 7:9) Содан соң қарадым да, әрбір ұлттан, рудан, халықтан және тілден шыққан, ешбір адам баласы санай алмайтындай ұлы жамағатты көрдім. Олар тақ пен Тоқтының алдында ақ шапан киіп, қолдарына пальма бұтақтарын ұстап тұр екен.
it-1 997-б., 1-абз.
Ұлы жамағат
“Ұлы жамағат” дегеніміз құтқарылып, жер бетінде қалатын адамдар болса, неліктен олар “тақ пен Тоқтының алдында... тұр” делінген? (Аян 7:9). “Тұру” сөзі кейде Киелі кітапта қандай да бір тұлғаның алдында тұрған адамның не топтың сол тұлғаның ықыласына я қолдауына ие екенін көрсету үшін қолданылады (Зб 5:5; Н.с 22:29; Лқ 1:19). Аян кітабының 6-тарауында “жердегі патшалар, беделділер, қолбасшылар, байлар, күштілер, құлдар мен еріктілердің бәрі... Тақта отырғанның көзінен таса қылып, Тоқтының қаһарынан жасыратын” пана іздеп жатқаны айтылған. “Өйткені олардың қаһар төгетін ұлы күні келді, кім одан аман қалады [сөзбе-сөз “тұра алады”]?!” (Аян 6:15—17; Лқ 21:36-ны салыстырыңыз). Демек, “ұлы жамағат” қаһарлы күні аман қалып, Құдай мен Тоқтының ықыласына бөленгендер ретінде “тұратын” адамдардан құралады.
(Аян 7:14) Мен бірден: “Мырзам, мұны өзіңіз білесіз”,— деп жауап бердім. Ол маған былай деді: “Бұлар зор алапаттан өткендер. Олар шапандарын Тоқтының қанына жуып ағартты.
it-2 1127-б., 4-абз.
Алапат, қиындық
Иерусалимнің жойылуынан шамамен 30 жыл өткен соң, елші Жоханға барлық ұлттан, рудан, халықтан шыққан ұлы жамағат туралы мынадай сөздер айтылды: “Бұлар зор алапаттан өткендер” (Аян 7:13, 14). Ұлы жамағаттың “зор алапаттан өтетіні” олардың аман қалатынын көрсетеді. Бұған Елшілердің істері 7:9, 10-да қолданылған ұқсас тіркес дәлел бола алады. Онда былай делінген: “Құдай оған [Жүсіпке] жар болып, барлық қиындығынан [немесе “алапатынан”] құтқарды”. Жүсіптің барлық қиындықтан немесе алапаттан құтқарылғаны оған тек соларға шыдауға күш берілгенін ғана емес, солардан аман қалғанын да білдіреді.
(Аян 7:15—17) Сондықтан Құдай тағының алдында тұрып, оның ғибадатханасында күні-түні қасиетті қызмет атқаруда. Тақта отырған олардың үстінен өз шатырын тігеді. 16 Бұдан былай олар ашықпайды да, шөлдемейді де, оларды күн де, ешқандай аптап ыстық та күйдірмейді. 17 Себебі тақтың қасындағы Тоқты олардың бағушысы болып, өмір суының бұлақтарына жетелейді. Құдай олардың әрбір көз жасын сүртіп тастайды.
it-1 996, 997-б.
Ұлы жамағат
Кімдерді білдіреді? “Ұлы жамағаттың” кімдерді бейнелейтінін Аян кітабының 7-тарауында және соған ұқсас тармақтарда олардың қалай сипатталғанынан білуге болады. Аян 7:15—17 тармақтарда Құдай “олардың үстінен өз шатырын тігетіні”, оларды “өмір суының бұлақтарына жетелейтіні”, әрі “олардың әрбір көз жасын сүртіп тастайтыны” айтылған. Ал Аян 21:2—4 (сілтеме) тармақтарда осыған ұқсас сөздер бар: “Құдайдың шатыры адамдар арасында”; ол “олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды”; “енді қайтып өлім... болмайды”. Бұл аян көктегі (ол жақтан “жаңа Иерусалим” түсіп келе жатыр делінген) адамдарға емес, жердегі адамдарға қатысты.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Аян 7:1) Бұдан кейін мен жердің төрт бұрышында тұрған төрт періштені көрдім. Олар жер бетіне, теңізге және ешбір ағашқа жел соқпас үшін, жердің төрт желін мықтап ұстап тұрды.
re 113—115 б., 3, 4-абз.
Құдайдың Исраиліне мөр басу
3 Ехоба қаһарын төкпес бұрын, көктегі періштелер ерекше бір қызмет атқарады. Жохан мұны аянда көрген: “Бұдан кейін мен жердің төрт бұрышында тұрған төрт періштені көрдім. Олар жер бетіне, теңізге және ешбір ағашқа жел соқпас үшін, жердің төрт желін мықтап ұстап тұрды” (Аян 7:1). Бұл сөздердің мәні қандай? Бұл “төрт жел” жердегі зұлым қоғамның, буырқанған “теңіз” сияқты заңсыз адамдардың және көмек пен қолдауды жер бетіндегі адамдардан алатын, “ағаш” сияқты асқақтаған билеушілердің үстіне төнгелі тұрған жойқын үкімді бейнелейді (Ишая 57:20; Зәбүр 37:35, 36).
4 Бұл төрт періште періштелердің төрт тобын білдіреді. Ехоба оларға белгіленген уақыт келмейінше үкімнің жүзеге асуын болдырмауды тапсырған. Періштелер Құдай қаһарының сол желдерін бір уақытта оңтүстік пен солтүстіктен, шығыс пен батыстан жібергенде, олардың күші жойқын болады. Бұл кезінде Ехоба төрт желмен ежелгі еламдықтарды бытыратып, үрейлерін ұшырып, жойып жібергеніне ұқсайды. Бірақ алда болатын бұл желдер барлық жағынан ауқымды болады (Еремия 49:36—38). Бұл алапат дауыл Ехоба Аммон халқының көзін құртқан “алай-түлейден” де жойқын болады (Амос 1:13—15). Ехобаның қаһары лаулаған күні келіп, оның бүкіләлемдік билігі мәңгілікке ақталғанда, жердегі Шайтан ұйымының ешбір бөлігі тойтарыс бере алмайды (Зәбүр 83:15, 18; Ишая 29:5, 6).
(Аян 9:11) Олардың патшалары — тұңғиықтың періштесі. Оның еврейше аты Абаддон, ал грекше Аполлион.
it-1 12-б.
Абаддон
Тұңғиықтың періштесі Абаддон деген кім?
Аян 9:11-де “Абаддон” деген “тұңғиық періштесінің” аты делінген. Ал оның грекше “Аполлион” деген есімі “Жоюшы” дегенді білдіреді. XIX ғасырда кейбіреулер бұл пайғамбарлық сөздердің император Веспасиан, Мұхаммед, тіпті Наполеонға қатысы бар деген ойды алға тартқан және көп жағдайда оны Шайтанның періштесі деп қарастырған. Алайда Аян 20:1—3 тармақтардан “қолында тұңғиықтың кілті бар” бұл періштенің көктен келетін Құдайдың өкілі екенін білуге болады. Ол Шайтанның періштесі емес, керісінше, ол Шайтанды бұғаулап, түпсіз тұңғиыққа лақтырып тастайтыны айтылған. Бір еңбекте Аян 9:11-дегі сөздерге қатысты былай делінген: “Абаддон — Шайтанның емес, Құдайдың періштесі. Ол Құдайдың жоюға қатысты тапсырмасын жүзеге асырады” (“The Interpreter’s Bible”).
Еврей жазбаларындағы бірнеше тармақтаa “аваддон” сөзі көр (“шеол”), өлім деген сөздермен қатар қолданылған. Аян 1:18-де болса Иса Мәсіхтің мына сөздері жазылған: “Мен... мәңгі өмір сүріп жатырмын. Менде өлім мен көрдің кілттері бар”. Лұқа 8:31-ден оның тұңғиыққа түсіретін күші бар екені көрінеді. Ал Еврейлерге 2:14-тен оның жоятын күші бар екенін, Шайтанды да жоя алатынын білеміз. Ол жерде Иса “өзінің өлімі арқылы өлімге ұшырата алатын Ібілісті құрту үшін” ет пен сүйектен тұратын адам болғаны айтылған. Аян 19:11—16 тармақтарда ол Құдай тағайындаған Жоюшы я Үкімді жүзеге асырушы ретінде нақты сипатталған (“АПОЛЛИОН” тақырыбын қараңыз (ор.)).
Киелі кітапты оқу
(Аян 7:1—12) Бұдан кейін мен жердің төрт бұрышында тұрған төрт періштені көрдім. Олар жер бетіне, теңізге және ешбір ағашқа жел соқпас үшін, жердің төрт желін мықтап ұстап тұрды. 2 Содан кейін күншығыстан көтеріліп келе жатқан және қолында тірі Құдайдың мөрі бар басқа бір періштені көрдім. Ол жер беті мен теңізді бүлдіру тапсырылған төрт періштеге қатты дауыстап: 3 “Біз Құдайымыздың құлдарының маңдайына белгі салып болмайынша, жер бетіне де, теңіз бен ағаштарға да зақым келтірмеңдер”,— деді. 4 Сосын мен белгі салынғандардың саны 144 000 екенін естідім, олар Исраил ұлдарының әр руынан шыққан екен: 5 Яһуда руынан белгі салынғандардың саны 12000, Рубен руынан 12000, Ғат руынан 12000, 6 Ашир руынан 12000, Нафталим руынан 12000, Манаса руынан 12000, 7 Шимон руынан 12000, Леуі руынан 12000, Исахар руынан 12000, 8 Забулон руынан 12000, Жүсіп руынан 12000, Бениямин руынан 12000. 9 Содан соң қарадым да, әрбір ұлттан, рудан, халықтан және тілден шыққан, ешбір адам баласы санай алмайтындай ұлы жамағатты көрдім. Олар тақ пен Тоқтының алдында ақ шапан киіп, қолдарына пальма бұтақтарын ұстап тұр екен. 10 Олар қатты дауыстап: “Құтқарылғанымыз үшін біз тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтыға борыштымыз”,— деп жатты. 11 Періштелердің бәрі тақты, ақсақалдар мен төрт тіршілік иесін айналдыра тұрды. Олар тақтың алдында тізе бүгіп, Құдайға тағзым етіп: 12 “Аумин! Мадақ, даңқ, даналық, ризашылық, құрмет, құдірет пен күш мәңгілік бойы Құдайымызға тиесілі болсын! Аумин”,— деді.
9—15 желтоқсан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | АЯН 10—12
“Өлтіріліп, кейін қайта тірілген “екі куәгер”
(Аян 11:3) Мен екі куәгерімді жіберемін. Олар азалы киім киіп, 1260 күн пайғамбарлық ететін болады.”
Оқырман сауалдары
Аян кітабының 11-тарауында айтылған екі куәгер кім?
Аян 11:3-те 1260 күн бойы пайғамбарлық ететін екі куәгер жөнінде айтылады. Кейін оларды жыртқыш аң “жеңіп шығып, өлтіріп тастайды”. Бірақ “үш жарым күннен” кейін екі куәгер қайта тіріледі. Мұны көргендердің бәрі қатты таңырқайды (Аян 11:7, 11).
Бұл екі куәгер кім? Мәтіндегі кейбір жайттар мұны анықтауға көмектеседі. Біріншіден, олардың “қос зәйтүн ағашы және қос шамдал арқылы бейнеленгені” айтылған (Аян 11:4). Бұл Зәкәрияның пайғамбарлығындағы шам қойғыш пен екі зәйтүн ағашын есімізге салады. Сол екі зәйтүн ағашы “бүкіл жер бетінің Иесіне қызмет етуге май жағу рәсімінен өткізіліп тағайындалған екеуді”, яғни әмірші Зоробабел мен бас діни қызметкер Ешуаны, бейнелейді (Зәк. 4:1—3, 14). Екіншіден, Аян кітабында екі куәгер Мұса мен Ілияс жасағандай кереметтер жасаушылар ретінде суреттелген (Аян 11:5, 6-ны Руларды санау 16:1—7, 28—35; Патшалықтар туралы 3-жазба 17:1; 18:41—45 тармақтармен салыстыр.)
Аян мен Зәкәрия кітабынан алынған үзінділерде қандай ортақ нәрсе бар? Екі жағдайда да Құдайдың майланғандары ауыр сынақ кезінде Құдай халқына жетекшілік еткендер ретінде сипатталады. Аян кітабының 11-тарауындағы пайғамбарлықтың орындалу барысында Құдай халқына жетекшілік еткен майланған бауырластар 1914 жылы көкте Құдай Патшалығы орнаған кезде үш жарым жыл бойы “кенептен киім киіп” уағыздады.
Кенептен киім киіп уағыздап болғаннан кейін, бұл майланғандар қысқа уақытқа, яғни бейнелі үш жарым күнге, түрмеге жабылып, бейнелі мағынада өлтірілді. Құдай халқының жауларының көзінде майланғандардың уағыз ісі “өлді”. Бұған жаулары қатты қуанды (Аян 11:8—10).
Алайда пайғамбарлық бойынша, үш жарым күн аяқталғаннан кейін екі куәгер қайта тірілді. Бұл майланғандар түрмеден босатылып қана қоймай, араларындағы адалдық сақтағандары Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдан арнайы тапсырма алды. Олар соңғы күндері Құдай халқының рухани мұқтаждығын қанағаттандыру үшін 1919 жылы “адал да ақылды құл” ретінде тағайындалғандардың арасында болды (Мат. 24:45—47; Аян 11:11, 12).
Көңіл қоярлық бір жайт — Аян 11:1, 2-де бұл оқиғалар рухани ғибадатхана “өлшенетін”, немесе оған баға берілетін, уақытпен байланыстырылған. Малахи кітабының 3-тарауында да рухани ғибадатхананың тексеріліп, тазартылатын уақыты жайлы айтылған (Малх. 3:1—4). Осы тексеру мен тазарту ісі қанша уақытқа созылды? 1914 жылдан бастап 1919 жылдың бас жағына дейін созылды. Бұл уақыт аралығы Аян кітабының 11-тарауында айтылған 1260 күн (42 ай) мен бейнелі үш жарым күнді қамтиды.
Өзінің ерекше халқы игі істерге ынталы болу үшін, Ехобаның осы рухани ғибадатхананы тазарту шарасын жасағанына дән риза емеспіз бе?! (Тит. 2:14). Сондай-ақ сол бір ауыр сынақ кезінде Құдай халқына жетекшілік етіп, бейнелі екі куәгер ретінде қызмет еткен майланған адал бауырластардың үлгісі біз үшін аса бағалы.
(Аян 11:7) Олар куәлік етіп болғанда, тұңғиықтан шыққан жыртқыш аң олармен соғысып, жеңіп шығып, өлтіріп тастайды.
(Аян 11:11) Бірақ үш жарым күннен кейін бойларына Құдайдың өмір рухы еніп, олар түрегелді. Екеуін көргендерді қатты қорқыныш биледі.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Аян 10:9, 10) Мен періштеге барып, одан кішкентай шиыршықты сұрадым. Ол маған: “Ал да, жеп қой. Ол ішіңе түскенде ащы, ал аузыңда балдай тәтті болады”,— деді. 10 Мен періштенің қолынан кішкентай шиыршықты алып, жеп қойдым. Аузымда ол балдай тәтті, ал жұтқаннан кейін, ішімде ащы болды.
it-2 880, 881-б.
Шиыршық
Бейнелі мағынасы. Киелі кітапта “шиыршық” сөзі бірнеше рет бейнелі мағынада қолданылған. Мысалы, Езекиел мен Зәкәрияның екеуі де екі жағында жазуы бар шиыршықты көрген. Әдетте шиыршықтың тек бір жағына ғана жазатын. Бірақ бұл шиыршықтардың екі жағына да жазу жазылғаны ондағы үкімнің маңыздылығына, ауқымдылығы мен салмақтылығына нұсқауы мүмкін (Езк 2:9—3:3; Зәк 5:1—4). Ал Аян кітабындағы аянда Тақта отырған оң қолында жеті мөрмен бекітілген шиыршықты ұстап отырғаны айтылған. Бұл жеті мөр шиыршықты Құдайдың Тоқтысы ашпайынша, ондағы хабардың аян болуынан сақтап тұрған (Аян 5:1, 12; 6:1, 12—14). Кейінірек сол аянда Жоханға бір шиыршық берілді де, оны жеп қою бұйырылды. Аузында оның дәмі тәтті болғанмен, ішіне түскенде ащы болды. Бұл мөрмен бекітілмеген ашық шиыршық болғандықтан, ол түсінікті хабар еді. Сол шиыршықтағы хабарды алу Жохан үшін “тәтті” болды, бірақ оған уағызда деп бұйырылған бұл пайғамбарлық хабарды жеткізу ол үшін ащы болған көрінеді (Аян 10:1—11). Езекиелге шиыршық берілген кезде онымен де осындай жағдай болды. “Онда жоқтау және адамды күңірентіп, зар еңірететін сөздер жазылыпты” (Езк 2:10).
(Аян 12:1—5) Көкте зор белгі, күн жамылған әйел, көрінді. Аяғының астында ай бар екен, ал басына он екі жұлдыздан тәж киіпті. 2 Әйел жүкті еді. Ол толғақ азабына түсіп, айғайлап жатты. 3 Көкте тағы бір белгі — жеті басты, он мүйізді, бастарында жеті тәжі бар оттай қызыл алып айдаһар көрінді. 4 Ол аспандағы жұлдыздардың үштен бірін құйрығымен тартып алып, жерге лақтырды. Босанғалы жатқан әйелдің баласын жалмап қою үшін, айдаһар оның алдында тосып тұрды. 5 Әйел барлық халықтарға темір асатаяқпен әмір жүргізетін ұл бала туды. Сол сәтте баласы Құдайға және оның тағына апарылды.
it-2 187-б., 7—9 абз.
Толғақ азабы
Елші Жохан өзіне берілген аянда көктегі әйелдің “толғақ азабына түсіп, айғайлап жатқанын” көрген. Туылған бала “барлық халықтарға темір асатаяқпен әмір жүргізетін ұл бала” еді. Айдаһар оны жалмап қоюға тырысса да, бұл әйелдің “баласы Құдайға және оның тағына апарылды” (Аян 12:1, 2, 4—6). Ұл баланың Құдайға апарылғаны Құдайдың оны өз ұлы ретінде қабылдағанын білдіреді. Ежелде де әкесі баласын қабылдау үшін оған жаңа туылған нәрестені алып баратын болған (“ТУЫЛУ” тақырыбын қараңыз (ор.)). Ендеше әйел деп отырғанымыз — Құдайдың “әйелі”, яғни “жоғарыдағы Иерусалим”, Мәсіх пен оның майланған бауырларының “анасы” (Ғл 4:26; Ев 2:11, 12, 17).
Әрине, Құдайдың көктегі “әйелі” кемелді болғандықтан, оның босануы еш азапсыз болу керек еді. Сондықтан толғақ азабы деп отырғаны тура мағынадағы азапты емес, “әйел” өзінің міне-міне босанатынын, сәл ғана қалғанын түсінетінін бейнелейді (Аян 12:2).
Ал “ұл бала” деген кім? Ол “барлық халықтарға темір асатаяқпен әмір жүргізбек” еді. Зәбүр 2:6—9 тармақтарда Құдайдың тағайындаған Патшасы жайлы осылай пайғамбарлық етілген болатын. Бірақ Жохан бұл аянды көргенде, Мәсіх әлдеқашан жерде туылып, өліп, қайта тіріліп қойған еді. Сондықтан бұл аян қайта тірілген соң “Құдайдың оң жағына отырып”, “содан бері жауларының аяғының астына салынып берілуін күтіп” жатқан Құдай Ұлы Исаның қол астындағы Мәсіх Патшалығының туылуына нұсқаса керек (Ев 10:12, 13; Зб 110:1; Аян 12:10).
Киелі кітапты оқу
(Аян 10:1—11) Мұнан кейін көктен түсіп келе жатқан басқа бір құдіретті періштені көрдім. Ол бұлтқа ораныпты, ал бас жағынан кемпірқосақ шығып тұр екен. Оның беті күндей, аяғы отты бағаналарға ұқсайды. 2 Қолына ашылған кішкентай шиыршық ұстап тұрды. Ол оң аяғын теңізге, ал сол аяғын құрлыққа қойып, 3 ақырған арыстандай қатты айғайлады. Ол айғайлағанда, жеті күн күркірінің даусы естілді. 4 Жеті күн күркірі сөйлеп жатқанда, мен жазып алуға ыңғайландым, бірақ көктен: “Жеті күн күркірінің айтқандарын құпия ұста, оларды жазба”,— деген дауысты естідім. 5 Сонда теңіз бен құрлықта тұрған періште оң қолын көкке көтерді де, 6 көк пен жерді, теңізді және ондағылардың бәрін жаратқан Мәңгі өмір сүрушінің атымен ант етіп былай деді: “Бұдан былай кешіктірілмейді. 7 Жетінші періште кернейлетуге дайын болғанда, Құдай өз құлдары — пайғамбарларға ізгі хабар ретінде жариялаған қасиетті құпия жүзеге асады”. 8 Сосын өзім көктен естіген дауыс тағы да мынаны айтты: “Барып, теңіз бен құрлықта тұрған періштенің қолындағы ашылған шиыршықты ал”. 9 Мен періштеге барып, одан кішкентай шиыршықты сұрадым. Ол маған: “Ал да, жеп қой. Ол ішіңе түскенде ащы, ал аузыңда балдай тәтті болады”,— деді. 10 Мен періштенің қолынан кішкентай шиыршықты алып, жеп қойдым. Аузымда ол балдай тәтті, ал жұтқаннан кейін, ішімде ащы болды. 11 Бұдан кейін: “Сен тағы да халықтар, ұлттар, тілдер мен көптеген патшалар туралы уағыздауға тиіссің”,— деген дауысты естідім.
16—22 желтоқсан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | АЯН 13—16
“Қорқынышты аңдардан үрейленбеңіз”
(Аян 13:1, 2) Айдаһар теңіз жағасындағы құмда тұрды. Сонда мен теңізден шығып келе жатқан он мүйізді, жеті басты жыртқыш аңды көрдім. Оның мүйіздерінде он тәж, ал бастарында Құдайды қорлайтын есімдер бар екен. 2 Мен көрген жыртқыш аң қабыланға ұқсайтын, бірақ аяқтары аюдікіндей, аузы арыстанның аузындай еді. Айдаһар оған күш, тақ және зор билік берді.
Ехоба — құпия атаулыны ашатын Құдай
6 I ғасырдың соңына қарай қайта тірілген Иса елші Жоханға бірқатар айрықша аяндар берді (Аян 1:1). Сол аяндардың біреуінде елші Жохан үлкен теңіздің жағасында тұрған айдаһарды көрді. Бұл айдаһар Ібілісті бейнелейді (Аян 13:1, 2 оқы). Сонымен қатар Жохан сол теңізден шығып келе жатқан жеті басы бар ерекше бір аңды әрі Ібілістің оған зор билік бергенін көрді. Кейін Жохан ал қызыл аңды көрді. Ол Аян 13:1-дегі аңның мүсіні болатын. Бір періште бұл ал қызыл аңның жеті басы “жеті патшаны”, яғни жеті үкіметті білдіретінін ашты (Аян 13:14, 15; 17:3, 9, 10). Жоханның кітабы жазылған уақытта олардың бесеуі құлаған, біреуі билік етіп жатты, ал енді біреуі әлі келмеген болатын. Бұл қандай патшалықтар еді? Келіңдер, Аян кітабында суреттелген жыртқыш аңның әр басы қай патшалықты білдіретінін қарастырайық. Сондай-ақ Даниялдың жазбаларында осы патшалықтардың көбісі туралы күні бұрын қандай жайттар айтылғанын көрейік.
(Аян 13:11) Сосын мен жерден шығып келе жатқан басқа бір жыртқыш аңды көрдім. Оның тоқтынікі сияқты қос мүйізі бар екен, бірақ ол айдаһарша сөйлей бастады.
(Аян 13:15) Жыртқыш аңның мүсіні сөйлей алу үшін және өзіне ғибадат етуден бас тартқандардың бәрінің өлуіне түрткі бола алу үшін, оған осы мүсінге өмір лебін беру рұқсат етілді.
re 194-б., 26-абз.
Екі аяусыз жыртқыш аңмен күрес
26 Қос мүйізді жыртқыш аң нені бейнелейді? Ол алғашқы аңның жетінші басы — Англо-Америка дүниежүзілік державасы, бірақ бұл жолы ол ерекше рөл ойнамақ. Бұл аянда оның дербес жыртқыш аң ретінде көрсетілгені әлем сахнасында қалай өз алдына әрекет ететінін айқынырақ көруге көмектеседі. Бұл қос мүйізді бейнелі жыртқыш аң ғұмыры қатар келетін, тәуелсіз болса да, бірлесе әрекет ететін екі саяси күштен құралған. Оның “тоқтынікі сияқты” қос мүйізі өзін еш зиянсыз, момақан етіп көрсетіп, осылайша өзінің озық басқару түрін бүкіл әлемге үлгі етіп көрсететініне нұсқайды. Бірақ ол “айдаһарша” сөйлейді, яғни оның билік түрін қабылдағысы келмейтіндерді қыспақтайды, қорқытады, тіпті ашық түрде қатыгездік көрсетеді. Ол Құдайдың Тоқтысы басқаратын Құдай Патшалығына бағынуға талпындырмайды, керісінше, ұлы айдаһар Шайтанның мүддесін күйттеуге итермелейді. Сондай-ақ ол ұлтаралық алауыздықты, жек көрушілікті үгіттейді, осылайша алғашқы жыртқыш аңға ғибадат етуге түрткі салады.
re 195-б., 30, 31-абз.
Екі аяусыз жыртқыш аңмен күрес
30 Тарихтан көрінетіндей, бұл мүсін — Британия мен Құрама Штаттардың ұсынысымен, қолдап-демеуімен құрылған ұйым. Оның о бастағы атауы — Ұлттар Лигасы. Ал кейін Аянның 17-тарауында ол басқаша, яғни тірі, тыныс алатын, ешкімге тәуелді болмай тіршілік ететін ал қызыл жыртқыш аң ретінде бейнеленген. Бұл халықаралық ұйым “сөйлейді”, яғни адамзатқа бейбітшілік пен қауіпсіздікті өзі ғана орната алатынын айтып мақтанады. Бірақ шын мәнінде бұл ұйым соған мүше елдердің өзара айтысып-тартысып, тіл тигізетін алаңына айналды. Ол өзінің билігіне бас имейтін кез келген халықты қудалаймын деп қорқытады. Ұлттар Лигасы олардың идеологиясын ұстанбаған елдерді шын мәнінде мүшелігінен шығарып тастаған. Зор алапат басталғанда жыртқыш аң мүсінінің әскериленген “мүйіздері” талқандаушы рөлін жүзеге асырады (Аян 7:14; 17:8, 16).
31 Екінші дүниежүзілік соғыстан бері бұл жыртқыш аңның мүсіні, ал қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы ретінде танылып отырған бұл ұйым тура мағынада адамдары өлтірген. Мысалы, 1950 жылы БҰҰ-ның әскері Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы соғысқа қатысты. БҰҰ-ның әскері Оңтүстік Кореяның әскерімен бірге шамамен 1 420 000 солтүстік кореялық пен қытайлықтарды қырып салды. Ал 1960 жылдан бастап 1964 жылға дейін БҰҰ-ның әскері Конгода да (Киншаса) белсенді болған. Бұған қоса, әлемдік көшбасшылар, оның ішінде Рим папасы VI Павел мен II Иоанн Павел, адамзаттың бейбітшілік орнататын ең соңғы әрі ең керемет үміті осы мүсін екеніне жұртшылықты сендіре берген. Адамдар осы мүсінге қызмет етуді тоқтатса, бүкіл адамзат өз-өзін жойып жібереді дегенге әлемдік көшбасшылар қайтпай сендіруде. Осылай олар бейнелі мағынада мүсіннің дегеніне көнуден және құлшылық етуден бас тартқандардың барлығының өліміне түрткі болады (Мұсаның 5-жазбасы 5:8, 9).
(Аян 13:16, 17) Ол барлық адамдарды — ұлықтар мен кішіктерді, байлар мен кедейлерді, еріктілер мен құлдарды — оң қолына не маңдайларына таңба салдыруға мәжбүрледі. 17 Мұны аңның есімі не есімінің саны таңба ретінде салынғандардан басқа ешкім ештеңе сатып ала да, сата да алмауы үшін істеді.
Аян кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар (ІІ бөлім)
13:16, 17. ‘Сатып алу, сату’ сияқты күнделікті тұрмыс қамын жасағанда қиындықтарға кезігуіміз мүмкін, бірақ қысымға беріліп, айуанның өмірімізді басқаруына жол бермеуіміз керек. Айуанға ‘қолымызға не маңдайымызға таңба’ салдыру оның іс-әрекетімізді басқаруына не ой қалпымызға әсер етуіне жол берумен пара-пар болар еді.
Асыл тастарды іздеп табайық
(Аян 16:13, 14) Сосын айдаһардың, жыртқыш аңның және жалған пайғамбардың аузынан шығып жатқан бақаларға ұқсайтын таза емес үш хабарды көрдім. 14 Бұл хабарлар жындардан келген. Олар белгілер көрсетіп, жержүзінің патшаларын Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні болатын соғысқа жинап әкелуге шықты.
Аян кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар (ІІ бөлім)
16:13—16. “Рухтандырылған арам сөздер [ЖД]” жын-перілердің үгіт-насихатын білдіреді. Бұл үгіт-насихаттың мақсаты — жер бетіндегі патшаларды Құдай қаһарының жеті тостағанының төгілуінің ықпалына берілмеуге талпындыру және оларды Ехобаға қарсы қою (Мат. 24:42, 44).
(Аян 16:21) Аспаннан адамдардың үстіне әрқайсысының салмағы 20 килограмдай бұршақ жауды. Осындай бұршақ жаудырғаны үшін олар Құдайды қорлады, өйткені бұл өте ауыр алапат болды.
“Құтқарылуларың жақын!”
9 Ол кезде “Патшалық жайлы ізгі хабар” уағыздалмайды. Бұл ізгі хабар уағыздайтын емес, “осы заманның соңы келетін” уақыт болады! (Мат. 24:14). Сондықтан Құдай халқы сот жөнінде ауыр хабар жариялайды. Бұл Шайтанның зұлым заманы түптамырымен жойылғалы жатқаны туралы хабар болуы мүмкін. Киелі кітапта аталмыш хабар бұршаққа теңеліп, былай делінген: “Аспаннан адамдардың үстіне әрқайсысының салмағы 20 килограмдай бұршақ жауды. Осындай бұршақ жаудырғаны үшін олар Құдайды қорлады, өйткені бұл өте ауыр алапат болды” (Аян 16:21).
Киелі кітапты оқу
(Аян 16:1—16) Мен жеті періштеге куәлік шатырының қасиетті бөлігінен: “Барыңдар да, Құдайдың қаһарына толы жеті тостағанды жер бетіне төгіңдер!”— деген қатты дауысты естідім. 2 Бірінші періште барды да, тостағандағысын жер бетіне төгіп жіберді. Сонда жыртқыш аңның таңбасы бар әрі оның мүсініне ғибадат еткендердің денелерін жанға бататын, қатерлі іріңді жара басты. 3 Екінші періште тостағандағысын теңізге төгіп жіберді. Сонда теңіз өлген адамның қанындай қанға айналып, ондағы тірі жанның бәрі қырылып қалды. 4 Үшінші періште тостағандағысын өзендер мен су көздеріне төгіп жібергенде, олар қанға айналды. 5 Сосын су атаулыға билік жүргізетін періштенің былай дегенін естідім: “Бұрын болған, қазір де бар Құдай, сен адал да әділсің, өйткені осындай үкімдер шығардың. 6 Қасиеттілер мен пайғамбарлардың қанын төккендіктен, сен оларға қан ішкіздің, олар соған лайық”. 7 Сондай-ақ құрбандық ошағының: “Иә, Құдіреті шексіз Ехоба Құдай, сенің үкімдерің дұрыс та әділ”,— дегенін естідім. 8 Төртінші періште тостағандағысын күннің бетіне төгіп жіберді. Сонда күнге отты қызуымен адамдарды күйдіруге жол берілді. 9 Олар аптап ыстыққа күйсе де, осы пәлелерге билігі жүретін Құдайдың есіміне тіл тигізуін қоймады. Олар өкінген де, оны даңқтаған да жоқ. 10 Бесінші періште тостағандағысын жыртқыш аңның тағына төгіп жіберді. Сонда оның патшалығын қараңғылық басты. Адамдар аурудан қиналып, тілдерін тістей бастады. 11 Алайда олар аурулары мен іріңді жаралары үшін көктегі Құдайға тіл тигізді, өз қылықтарына еш өкінбеді. 12 Алтыншы періште тостағандағысын ұлы Евфрат өзеніне төгіп жіберді. Сонда күншығыстан келетін патшаларға жол дайын болу үшін, оның суы кеуіп қалды. 13 Сосын айдаһардың, жыртқыш аңның және жалған пайғамбардың аузынан шығып жатқан бақаларға ұқсайтын таза емес үш хабарды көрдім. 14 Бұл хабарлар жындардан келген. Олар белгілер көрсетіп, жержүзінің патшаларын Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні болатын соғысқа жинап әкелуге шықты. 15 “Міне, мен ұры сияқты келемін. Жалаңаш қалып, жұрт алдында ұятқа қалмау үшін, сергек болып, киімін сақтаған адам бақытты”. 16 Олар патшалардың бәрін еврейше Армагеддон деп аталатын жерге жинады.
23—29 желтоқсан
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | АЯН 17—19
“Құдайдың соғысы барлық соғысты тоқтатады”
(Аян 19:11) Бұдан кейін көктің ашылғанын және ақ атты көрдім. Оның үстінде отырған “Адал да Шынайы” деп аталады. Ол әділ соттап, әділ соғыс жүргізуде.
(Аян 19:14—16) Оның соңынан аппақ, таза әрі сапалы зығырдан киім киіп, ақ аттарға мінген көктегі әскерлер еріп келе жатты. 15 Халықтарды шауып тастау үшін оның аузынан өткір ұзын семсер шығып тұрды, ол оларға темір асатаяқпен билік етеді. Сондай-ақ Құдіреті шексіз Құдайдың қаһарлы ашуын білдіретін шырын сығатын орында жүзім таптайды. 16 Киімінің жамбас тұсына “патшалардың Патшасы, иелердің Иесі” деген есім жазылыпты.
w08 1.4. 8-б., 3, 4-абз.
Армагеддон — бүкіл соғысты тоқтататын Құдай соғысы
Зұлымдардың қолында билік тұрғанда, әділдер бейбіт те қауіпсіз өмір сүре алмайды (Нақыл сөздер 29:2; Уағыздаушы 8:9). Өкінішке қарай, біз әбден бұзылған әрі зұлымдыққа батқандардың бойынан бұл жаман қасиеттерді алып тастай алмаймыз. Сондықтан бейбітшілік пен әділдік ұзағынан жасасын десек, зұлымдарды жоқ қылу керек. Сүлеймен айтқандай, “зұлым адам әділ жанның төлемі болар” (Нақыл сөздер 21:18).
Құдайдың өзі Төреші болғандықтан, зұлымға қарсы шығарылған кез келген үкімнің әділ болатынына күмәнданбасақ болады. Бірде Ыбырайым: “Бүкіл әлемнің Төрешісі әділ әрекет етпеуші ме еді?!”— деп сұрады. Сонда оның Ехобаның әрдайым дұрыс әрекет ететініне көзі жетті (Мұсаның 1-жазбасы 18:25). Оған қоса, Киелі кітаптан Ехобаның зұлымды жойғаннан еш қуанбайтынына көзіміз жетеді. Зұлымдарды жою — оның қолданатын ең соңғы шарасы (Езекиел 18:32; Петірдің 2-хаты 3:9).
it-1 1146-б., 1-абз.
Ат
Елші Жохан бейнелі мағынасы бар аянда даңққа бөленген Иса Мәсіхтің ақ атта отырғанын әрі оған ақ аттарға мінген әскердің еріп келе жатқанын көреді. Жоханға ашылған бұл аян Құдайы әрі Әкесі Ехобаның бүкіл жауларына қарсы Мәсіхтің жүргізетін соғысы әділ де әділетті болатынын бейнелейді (Аян 19:11, 14). Ал бұдан бұрынғы аянда Мәсіхтің Патша ретінде әрекет ететінін және одан кейінгі болатын қайғы-қасіретті түрлі салт аттылар мен аттар бейнелеген (Аян 6:2—8).
(Аян 19:19, 20) Мұнан кейін жыртқыш аңның, жержүзінің патшалары мен олардың әскерлерінің ат үстінде отырғанға және оның әскеріне қарсы соғысу үшін жиналғанын көрдім. 20 Сонда жыртқыш аң да, оның алдында кереметтер жасап, жыртқыш аңның белгісін қабылдаған әрі оның мүсініне табынғандарды адастырып жүрген жалған пайғамбар да ұсталып, екеуі күкірт жанып жатқан отты көлге тірідей лақтырылды.
re 286-б., 24-абз.
Жауынгер Патшаның Армагеддондағы жеңісі
24 Шайтанның саяси ұйымын бейнелейтін жеті басты, он мүйізді теңізден шыққан жыртқыш аң құрып жоқ болады. Онымен бірге жалған пайғамбар, яғни жетінші әлемдік держава да құриды (Аян 13:1, 11—13; 16:13). Олар “тірідей”, яғни жердегі Құдай халқына бірлесе әрі белсене қарсылық көрсетіп жатқанда, “отты көлге” лақтырылады. Бұл тура мағынадағы “отты көл” ме? Жоқ, жыртқыш аң мен жалған пайғамбар сияқты бұл да бейнелі мағынада айтылған. Бұл — толықтай әрі біржола жойылудың белгісі, ол жаққа түскендер қайтып оралмайды. Кейін ол жерге өлім мен көр де, Шайтанның өзі де лақтырылады (Аян 20:10, 14). Бұл, әрине, зұлымдарды қинайтын мәңгілік тозақ оты емес, өйткені ондай жер туралы ойдың өзінен Ехоба жиіркенеді (Еремия 19:5; 32:35; Жоханның 1-хаты 4:8, 16).
(Аян 19:21) Ал қалғандары ат үстінде отырғанның аузынан шығып тұрған ұзын семсермен өлтірілді. Сонда барлық құстар олардың тәнін жеп тойынды.
re 286-б., 25-абз.
Жауынгер Патшаның Армагеддондағы жеңісі
25 Үкіметке тікелей қатысы жоқ болғанымен, мына азғын дүниеден ажырап, түзелгісі келмеген адамдар да “ат үстінде отырғанның ұзын семсерімен өлтіріледі”. Иса оларды өлімге лайық деп жариялайды. Олардың жағдайында отты көлдің айтылмағанына қарап, олар қайта тіріледі дей аламыз ба? Сол кезде Ехобаның тағайындаған Төрешісі өлімге кескендердің қайта тірілетіні еш жерде айтылмаған. Исаның өзі “қойлардың” қатарына кірмейтіндердің барлығы “Ібіліс пен оның періштелеріне дайындалған мәңгілік отқа түсетінін”, яғни “мәңгілікке жойылатынын” айтқан (Матай 25:33, 41, 46). Бұл “құдайсыздардың сотталып, жойылатын күнінің” шарықтау шегі болмақ (Петірдің 2-хаты 3:7; Нағұм 1:2, 7—9; Малахи 4:1).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Аян 17:8) Өзің көрген жыртқыш аң бұрын болған, қазір жоқ, бірақ таяуда тұңғиықтан шығады, сосын жойылады. Жер бетінің тұрғындары — дүниенің негізі қаланғаннан бері есімдері өмір шиыршығына жазылмағандар — жыртқыш аңның бұрын болғанына, қазір жоқ екеніне, бірақ қайтадан пайда болатынына таңғалады.
re 247, 248-б., 5, 6-абз.
Таңғаларлық құпияның ашылуы
5 “Жыртқыш аң бұрын болған”. Расында да, бұл аң Ұлттар Лигасы ретінде 1920 жылдың 10 қаңтарынан бастап бар болды. Оның құрамына бір кездері 63 ел кірді. Бірақ Жапония, Германия мен Италия бірінен-соң бірі одан шығып кетті, Кеңес Одағы болса одан шығарылды. Ал 1939 жылдың қыркүйегінде Германияның нацистік диктаторы Екінші дүниежүзілік соғысты бастады. Сонда әлемдегі бейбітшілікті сақтай алмаған Ұлттар Лигасы “тұңғиыққа”, яғни әрекетсіз күйге түсті. Ал 1942 жылға қарай ол бар ықпалынан айырылды. Дәл сол қиын-қыстау шақта — одан ерте де, кеш те емес — Ехоба өз халқына бұл аянның бүкіл мән-жайын ашып берді! “Жаңа дүние теократиялық конгресінде” Н. Х. Норр бауырлас пайғамбарлыққа сай, “жыртқыш аң... қазір жоқ” деп жариялады. Кейін ол “Ұлттар Лигасы тұңғиықта қала бере ме?” деген сұрақ қойды. Аян 17:8-ге сілтей отырып ол: “Осы дүниелік халықтардың бірлестігі қайта бас көтереді”,— деді. Бұл сөздер дәл орындалған кезде, Ехобаның Сөзіндегі пайғамбарлық расталды!
Аңның тұңғиықтан шығуы
6 Ал қызыл жыртқыш аң шынымен де тұңғиықтан өрмелеп шықты. 1945 жылдың 26 маусымында салтанатты түрде Сан-Франциско қаласында (АҚШ) 50 ел Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын қабылдауға дауыс берді. Бұл ұйымның мақсаты “халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау” еді. Ұлттар Лигасы мен БҰҰ-ның ұқсастықтары көп болды. “Уорлд бук” энциклопедиясында былай делінген: “БҰҰ-ның кейбір тұстары Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң құрылған Ұлттар Лигасын еске салады... Кезінде Ұлттар Лигасын құрған елдердің көбісі БҰҰ-ның да негізін қалады. Ұлттар Лигасы сияқты, БҰҰ да халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтау үшін құрылды. БҰҰ-ның негізгі комитеттері де тура Ұлттар Лигасынікіндей”. Демек, БҰҰ қайта оралған ал қызыл жыртқыш аңның өзі болып тұр. Оған 190-ға жуық ел мүше болды. Бұл Ұлттар Лигасының құрамында болған 63 елден әлдеқайда көп, әрі БҰҰ-ның атқаратын жауапкершіліктері де оған қарағанда анағұрлым ауқымдырақ.
(Аян 17:16, 17) Өзің көрген он мүйіз бен жыртқыш аң жезөкшені жек көріп кетеді, оны талан-тараж етіп, жалаңаштайды және тәнін жалмап, түгелдей өртеп жібереді. 17 Себебі Құдай олардың жүректеріне өз ойын салып, жүзеге асыртады, яғни өз сөздері орындалғанша, патшалық биліктерін жыртқыш аңға бергізу арқылы оларға ортақ ойларын жүзеге асыртады.
Ехоба “жуырда болатын жайттарды” ашады
17 Дегенмен жалған дін бірте-бірте күшінен айырылып, жоқ болып кетпейді. Жезөкше әйелдің ықпалы зор болып қала береді әрі ол патшаларға дегенін істетуге тырысады. Бірақ жуырда Құдай “олардың жүректеріне өз ойын салып, жүзеге асыртады” (Аян 17:16, 17 оқы). Ехоба Құдай Шайтан дүниесінің үкіметтерін жалған дінге тап беруге талпындырады. Олар жезөкшені биліктен айырып, байлығын талан-таражға салады. Осыдан 20—30 жыл бұрын дін атаулымен мұндай нәрсе болуы мүмкін еместей көрінді. Бүгінде бұл жезөкше әйел ал қызыл жыртқыш аңның үстінде теңселіп отыр. Десе де ол отырған орнынан жайлап сырғып түспейді. Аң оны аяқ астынан құлатып, оңдырмайды (Аян 18:7, 8, 15—19).
Киелі кітапты оқу
(Аян 17:1—11) Жеті тостағаны бар жеті періштенің бірі қасыма келіп, былай деді: “Кел, мен саған көп сулар үстінде отырған ұлы жезөкшенің қалай жазаланатынын көрсетейін. 2 Жер бетіндегі патшалар онымен азғындық жасады, ал жержүзінің тұрғындары оның азғындығының шарабына мас болды”. 3 Содан періште мені киелі рух арқылы шөл далаға апарды. Сол жерде тұла бойы Құдайды қорлайтын есімдерге толы, жеті басты, он мүйізді ал қызыл жыртқыш аңның үстінде отырған әйелді көрдім. 4 Ол күлгін және ал қызыл матадан киім киіп, алтын, асыл тастар мен інжу-маржаннан әшекей тағыпты. Ал қолында жеркенішті және азғындығынан туған арам нәрселерге толы алтын тостаған бар екен. 5 Маңдайына “Ұлы Бабыл — жезөкшелердің және жер бетіндегі жеркенішті нәрселердің анасы” деген құпия есім жазылыпты. 6 Мен оның қасиеттілер мен Исаның куәгерлерінің қанына мас екенін көрдім. Оны көргенде, қатты таңырқадым. 7 Сонда періште маған былай деді: “Неге таңырқадың? Мен саған осы әйелдің және ол отырған жеті басты он мүйізді жыртқыш аңның құпиясын айтып берейін: 8 өзің көрген жыртқыш аң бұрын болған, қазір жоқ, бірақ таяуда тұңғиықтан шығады, сосын жойылады. Жер бетінің тұрғындары — дүниенің негізі қаланғаннан бері есімдері өмір шиыршығына жазылмағандар — жыртқыш аңның бұрын болғанына, қазір жоқ екеніне, бірақ қайтадан пайда болатынына таңғалады. 9 Бұл ақыл-ойды және даналықты қажет етеді: жеті бас — төбесінде әйел отырған жеті тауды білдіреді. 10 Сондай-ақ жеті патшаны білдіреді. Олардың бесеуі құлады, біреуі бар, тағы біреуі әлі келген жоқ, ал келгенде аз уақыт қана болуы тиіс. 11 Бұрын болған, қазір жоқ жыртқыш аң сегізінші патша да болып табылады, бірақ ол әлгі жетеуінен шыққан, әрі соңында жойылады.
30 желтоқсан—5 қаңтар
ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | АЯН 20—22
“Міне, бәрін де жаңадан жаратып жатырмын”
(Аян 21:1) Мен жаңа аспан мен жаңа жерді көрдім, себебі бұрынғы аспан мен бұрынғы жер құрып кетіп, теңіз де жоқ болды.
re 301-б., 2-абз.
Жаңа аспан мен жаңа жер
2 Жоханға дейін жүздеген жыл бұрын Ехоба Ишаяға былай деді: “Міне, мен жаңа аспан мен жаңа жер жаратып жатырмын, Бұрынғы жайттар еске алынбайды, Жүрекке қаяу да түсірмейді” (Ишая 65:17; 66:22). Алғашында бұл пайғамбарлық б. з. б. 537 жылы адал яһудилер Бабылда 70 жыл тұтқында болғаннан кейін Иерусалимге оралғанда орындалды. Олар “жаңа аспанның”, яғни жаңа басқару жүйесінің қол астындағы тазарған қоғамды, яғни “жаңа жерді” құрды. Елші Петір болса бұл пайғамбарлықтың болашақтағы орындалуына нұсқап: “Ал біз оның уәдесіне сай, әділдік орнайтын жаңа аспан мен жаңа жерді күтудеміз”,— деді (Петірдің 2-хаты 3:13). Жохан бұл уәденің Иеміздің күні кезінде орындалатынын көрсетті. “Бұрынғы аспан мен бұрынғы жер”, яғни Шайтанның ұйымдастырған жүйесі және Шайтан мен жындардың ықпалындағы билік құрылымы жоқ болады. Буырқанған “теңіз” сияқты зұлым әрі бүлікшіл адамдар жойылады. Олардың орнына “жаңа аспан мен жаңа жер”, яғни Құдай Патшалығы деген жаңа үкіметтің қол астында жер бетінде жаңа қоғам болады (Аян 20:11 салыстырыңыз).
(Аян 21:3, 4) Сонан соң көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: “Міне, Құдайдың тұрағы адамдар арасында! Ол солармен бірге тұрып, олар оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың өзі солармен бірге болады. 4 Сонда Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды”.
“Міне, бәрін де жаңадан жаратып жатырмын”
“Құдай олардың көздеріндегі әрбір жасты сүртіп тастайды” (Аян 21:4). Ол қандай жасты сүртіп тастайды? Бұл қуаныштан көзге алатын немесе көзімізді құрғап қалудан сақтайтын жас емес. Құдайдың бұл уәдесі қайғы-қасірет пен күйініштің кесірінен болатын көз жасына нұсқайды. Құдай мұндай жастарды жай ғана сүртіп қоймайды, оларды мүлдем болдырмайды. Өйткені ол қайғырып жылауымызға түрткі болатын себептерді жояды.
“Енді қайтып өлім... болмайды” (Аян 21:4). Адамзаттың жауы өлім қайғырып жылауымыздың бірден-бір себебі емес пе? Ехоба мойынсұнғыш адамдарды өлімнің құрсауынан босататын болады. Қалай? Ол мұны өлімнің түпкі себебін, яғни Адам атадан мұра еткен күнәні жою арқылы істейді (Римдіктерге 5:12). Ехоба мойынсұнғыш адамдарды Исаның төлем құрбандығының негізінде кемелділікке жеткізеді. Сосын соңғы жау, өлім, “жойылады” (Қорынттықтарға 1-хат 15:26). Әділ адамдар Құдай о баста ниет еткендей, кемелді денсаулыққа жетіп, мәңгі өмір сүретін болады.
“Ауру болмайды” (Аян 21:4). Қандай ауру болмайды? Күнә мен кемелсіздіктің кесірінен туындаған әрі миллиондаған адамдарды бақытсыз ететін психикалық, эмоциялық және тәндік аурулардың ешқайсысы да болмайды.
(Аян 21:5) Тақта отырған: “Міне, бәрін де жаңадан жаратып жатырмын”,— деді. Артынан: “Жазып қой, өйткені бұл сөздер сенуге тұрарлық әрі шынайы”,— деп қосты.
Ехоба — шындықтың Құдайы
14 Біз Ехобаның өз Сөзінде айтқандарын бар ықыласымызбен қабыл алуымыз қажет. Ол өзі туралы қалай сипаттап айтқан болса, дәл соның нақ өзі және Ол не уәде етсе, соны шын мәнінде орындайды. Құдайға сенім артуымызға толық негіз бар. Ехоба өзі айтқанындай: “Ол Өзінің Ізгі хабарына құлақ аспай, Құдайды танымай жүргендерді жазаламақ”,— деген сөздеріне сене аламыз (2 Салониқалықтарға 1:8). Сонымен қатар Ехобаның шындық жолымен жүргендерді сүйетіндігі, сенім білдіргендерге мәңгілік өмір беретіндігі және аурудың, зар еңіреу мен өлімнің болмайтындығы туралы айтқан сөздеріне де сене аламыз. Ехоба Жоханға: “Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы!” — деп бұйыруымен, бұл уәделерге сенім артуға болатындығына ерекше көңіл аударды (Аян 21:4, 5; Нақыл сөздер 15:9; Жохан 3:36).
Асыл тастарды іздеп табайық
(Аян 20:5) (Өлгендердің қалғандары 1000 жыл өтпейінше тірілген жоқ.) Бұл — алғашқы қайта тірілу.
it-2 249-б., 2-абз.
Өмір
Құдай Адамға берген бұйрығында Адам оған мойынсұнса, өлмейтінін айтты (М1ж 2:17). Мойынсұнғыш адамдарға келсек, адамзаттың соңғы жауы өлім жойылғанда, олар бойындағы өлімге апаратын күнәдан арылады. Олардың өлмей, мәңгі өмір сүруге мүмкіндігі болады (Қ1х 15:26). Өлім Мәсіхтің билігінің соңында жойылады. Аян кітабында бұл биліктің 1000 жылға созылатыны айтылған. Онда Мәсіхпен бірге патша және діни қызметкер болатындар “тіріліп, Мәсіхпен бірге 1000 жыл патшалық” ететіні жазылған. “Өлгендердің қалғандары 1000 жыл өтпейінше тірілген жоқ” деген мың жылдың соңында, бірақ Шайтанның адамзатты ақырғы рет сынау үшін тұңғиықтан босатылғанынан бұрын, тірі жүргендерді білдіру керек. Мыңжылдықтың соңына таман жердегі адамдар күнә жасамай тұрған кездегі Адам мен Хауа сияқты кемелділікке жетеді. Олар сол кезде нағыз кемелді өмірге қол жеткізеді. Тұңғиықтан қысқа уақытқа босатылған Шайтанның сынағынан сүрінбей өткендер сол өмірдің рақатын мәңгілік бойы көреді (Аян 20:4—10).
re-U 290-б., 15-абз.
Поражение змея в голову
15 Дохристианские свидетели Иеговы были объявлены праведными как друзья Бога, а об Аврааме, Исааке и Иакове говорилось как о «живых», хотя в буквальном смысле они были мертвы (Матфея 22:31, 32; Иакова 2:21, 23). Однако их и всех остальных воскрешенных, а равно и великое множество верных других овец, которые переживут Армагеддон, и детей, которые, возможно, родятся у них в новом мире, еще нужно будет привести к человеческому совершенству. Это в течение тысячелетнего Дня суда осуществят Христос и правящие с ним цари и священники, и это будет возможно благодаря искупительной жертве Иисуса. К концу этого Дня «остальные из мертвых» «оживут» в том смысле, что станут совершенными людьми. Затем, как мы увидим, им предстоит последнее испытание, но они встретят его, уже будучи совершенными. Когда они пройдут это испытание, Бог объявит их достойными вечной жизни и праведными в самом полном смысле. Они увидят, как до конца исполнится обещание: «Праведники наследуют землю и будут жить на ней вовек» (Псалом 36:29). Какое чудесное будущее ждет послушных людей!
(Аян 20:14, 15) Мұнан кейін өлім мен көр отты көлге тасталды. Отты көл екінші өлімді білдіреді. 15 Кім өмір кітабына жазылмаған болса, ол да отты көлге тасталды.
it-2 189, 190-б.
Отты көл
Бұл тіркес тек Аян кітабында кездеседі әрі ол бейнелі мағынадағы көл екені анық. Киелі кітаптың өзі оның мәнін түсіндіріп, нені бейнелейтінін айтады: “Отты көл екінші өлімді білдіреді” (Аян 20:14; 21:8).
Отты көлдің бейнелі мағынада екенін Аян кітабындағы осы көл туралы айтылған үзінділер дәлелдейді. Бұл көлге өлім тасталады (Аян 19:20; 20:14). Ал өлімді тікелей мағынада отқа жағу мүмкін емес. Оның үстіне, көзге көрінбейтін рухани жаратылыс Шайтан да осы көлге лақтырылады. Рух болғандықтан, оның кәдімгі отқа күюі мүмкін емес (Аян 20:10; М2ж 3:2 мен Би 13:20 салыстырыңыз.).
Отты көл “екінші өлімді” білдіретіндіктен, әрі Аян 20:14-те “өлім мен көр” де осы көлге лақтырылатындықтан, бұл көлдің Адам атадан қалған өлімді де, көрді де (“шеол”) бейнелемейтіні анық (Рм 5:12). Демек, бұл басқа бір өлімнің бейнесі болу керек. Ол жақтан қайту мүмкін емес, өйткені Адамнан қалған өлім мен көр өздеріндегі өлілерді берді деп айтылса, бұл “көл” жайлы еш жерде олай айтылмаған (Аян 20:13). Осы отты көлге “өмір кітабына жазылмағандар”, яғни еш өкінбей Құдайдың бүкіләлемдік билігіне қарсы шығатындар лақтырылады. Бұл дегеніміз екінші өлімді яки мәңгілікке жойылуды білдіреді (Аян 20:15).
Киелі кітапты оқу
(Аян 20:1—15) Бұдан соң мен қолында тұңғиықтың кілті және үлкен шынжыры бар көктен түсіп келе жатқан періштені көрдім. 2 Ол айдаһарды — ежелгі жылан, яғни Ібіліс Шайтанды — ұстап алып, 1000 жылға бұғаулап тастады. 3 1000 жыл өткенше енді қайтып халықтарды алдай алмауы үшін періште оны түпсіз тұңғиыққа лақтырып жіберіп, аузын жауып, мөрмен бекітті. Осыдан кейін ол аз уақытқа босатылуы тиіс. 4 Мен тақтарды көрдім, оларда отырғандарға соттау билігі берілді. Иса туралы куәлік еткендері және Құдай туралы уағыздағандары үшін өлтірілген жандарды көрдім. Бұлар жыртқыш аңға да, оның мүсініне де табынбады және маңдайлары мен қолдарына оның белгісін қабылдамады. Олар тіріліп, Мәсіхпен бірге 1000 жыл патшалық етті. 5 (Өлгендердің қалғандары 1000 жыл өтпейінше тірілген жоқ.) Бұл — алғашқы қайта тірілу. 6 Алғашқы қайта тірілуге қатысқандар бақытты әрі қасиетті. Оларға екінші өлімнің билігі жүрмейді, қайта, Құдай мен Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге 1000 жыл бойы патшалық етеді. 7 Ал Шайтан 1000 жыл өте сала, түрмеден босатылды. 8 Содан жердің төрт бұрышындағы халықтарды, яғни Гог пен Магогты, адастырып, соғысқа жинап әкелуге шықты. Олардың саны теңіз құмының қиыршығындай көп. 9 Олар күллі жержүзінен шығып, қасиеттілердің қосын және Құдайдың сүйікті қаласын қоршап алды. Бірақ көктен от түсіп, оларды жалмап қойды. 10 Ал оларды адастырған Ібіліс өзінен бұрын жыртқыш аң мен жалған пайғамбар тасталған от пен күкірт жанып жатқан көлге лақтырылды. Олар сол жерде мәңгілік бойы азап шегетін болады. 11 Сонан соң мен үлкен ақ тақты және оның үстінде отырғанды көрдім. Жер мен аспан оның алдынан қашып кетті де, бұдан былай оларға орын табылмады. 12 Сондай-ақ тақ алдында өлген адамдардың — ұлығы бар, кішігі бар — тұрғанын көрдім. Шиыршықтар ашылды. Сосын тағы бір шиыршық ашылды, бұл — өмір шиыршығы. Сол шиыршықтарда жазылғандарға сай, өлгендер істеріне қарай сотталды. 13 Сонда теңіз өзіндегі өлілерді берді, өлім мен көр де өздеріндегі өлілерді берді, сөйтіп, олардың әрқайсысы істеріне қарай сотталды. 14 Мұнан кейін өлім мен көр отты көлге тасталды. Отты көл екінші өлімді білдіреді. 15 Кім өмір кітабына жазылмаған болса, ол да отты көлге тасталды.
[Сілтеме]